502
Бірінші проблемалық сұрақ: Автомобильдердіӊ сыртқы айнасында (әдетте
оӊ жағындағы) және фараларындаында орналасқан дөңес айнаны көреміз.
Неліктен
дөӊес сфералық айналар жалған, кішірейтілген, кескін береді?
Дөңес айнаның оптикалық осінде дене қалай орналасса да,
оның кескіні
жалған, тура, кішірейтілген, айна бетінің арғы жағында CF фокустық
қашықтығынан аспайтын қашықтықта орналасқан. Затты шексіздікке қарай
алыстатса, кескін F фокустық нүктесіне жақындайды.
Дөңес айнадағы заттың кескіні
Екінші проблемалық сұрақ: Бұл суретте стоматологтар қолданатын құрал.
Құрылғының бас жағындағы ойыс айна орналасқан.
Неліктен стоматологтар
дөңес айна емес ойыс айнаны қолданалы?
Айнада дененің кескінін алу үшін алдын ала оның шеткі нүктелерінің
кескінін табу керек болатын. Дененің шеткі нүктесінен шағылған көптеген
сәулелердің арасынан жолы белгілі екеуін бейнелейді. Сәулелердің айна
бетінен шағыл- ғаннан кейінгі қиылысу нүктесі дененің шеткі нүктесінің
кескіні болып табы- лады. БОО-ға перпендикуляр дененің кескінін алу үшін бір
шеткі нүктенің кескінін алып, БОО-ға перпендикуляр түсіру жеткілікті.
Кескіннің түрі айна төбесі мен дене арасында- ғы қашықтыққа
тәуелденген. Осы тәуелділікті
төмендегі жағдайды қарастырып, зерттеп
көрейік:
Ойыс айнаның фокусы мен төбесінің арасында орналасқан заттың
кескіні.
Бізге белгілі 1 мен 2 – сәулелердің жолын көрсетеміз. Шағылған 1' және 2'
сәулелерді қиылысқанға дейін созамыз. Алынған нүк- теден айнаның БОО-сына
перпендикуляр түсіреміз. Дененің кескіні жалған, өйткені ол шағылған
сәулелердің жалғасының қиылысуы нәтижесінде алынған.
Зат айнаның F
503
фокусы мен С төбесінің арасында орналасқан жағдайда, айна
жалған, тура,
үлкейтілген, айна бетінің арғы жағында орналасқан
кескін беріледі.
Қорытынды: Зат айнаның F фокусы мен С төбесінің арасында орналасқан
жағдайда, айна жалған, тура, үлкейтілген, айна бетінің арғы жағында
орналасқан кескін беріледі. Сол себепті
стоматологтар ойыс айнаны
пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: