517
ғылыми-техникалық аспектілері туралы ақпарат беру, ал екінші жағынан,
биотехнологияның мүмкіндіктері мен тәуекелдерімен саналы түрде күресетін
болашақ шешім қабылдаушы ретінде біліктілік беру.
Сонымен қатар, биотехнологиялық тақырыптарды бағдарламаға енгізудің
мақсаты оқушылардың осы технологиялық салаға
қатысты негізделген шешім
қабылдау қабілетін арттыру, биотехнологиялық білім беру арқылы
оқушыларды биотехнологияның әдістері, жетістіктері мен әсерлері туралы
негізгі түсінікке жетелеу. Білімге сүйене отырып оқушыларға берілген тақырып
бойынша өзіндік, саналы шешім қабылдауға және соған сәйкес әрекет етуге
көмектесу керек [1].
Соңғы жылдары жаратылыстану бағатындағы
ғылымдар бойынша білім
беру деңгейі жоғарылап, ғылымда да жаңалықтар ашылуда. Мұғалімдер
биотехнологияның
негізгі
бағыттарымен
оқытумен
ғана
шектелмей
биотехнологияның жетістіктерін жан-жақты түсіндіруі қажет. Дегенмен,
биотехнологияның негізгі қолданбалары: фармацевтика өнеркәсібі, медицина,
ауыл
шаруашылығы, тамақ технологиясы және қоршаған ортаны қорғау
технологиясы, сондай-ақ технологиялар, мысалы, гендік инженерия, жасуша
культурасы әдістері, микробтық дақылдар алу және
өсіру екендігі ескерілуі
керек.
Биотехнология терминімен тығыз байланысты әртүрлі технологиялардың
ішінде гендік инженерия ең көп талқыланатындардың бірі болып табылады.
Биотехнология жылдам дамып келе жатқан салалардың бірі.
Биотехнология тірі жүйелерді пайдалану ретінде анықталады және өнімдерді
әзірлеуге немесе өндіруге арналған ағзалар немесе «кез келген биологиялық
жүйелерді қолдану арқылы технологиялық қолдану, жасау үшін тірі ағзалар
немесе олардың туындылары белгілі бір пайдалану үшін өнімдерді немесе
процестерді өзгерту» болып табылады [2].
Заманауи гендік инженерия және
жасушалық инженерия сияқты
биотехнологиялар нәтижесінде жаңа өнімдер алынып жатыр. Биотехнология
қазірдің өзінде халық денсаулығын жақсартуға, ауыл шаруашылығына әсер
етіп, өнімділік, азық-түлік, тамақтану және су қауіпсіздігі,
балама отын
көздерін анықтау және парниктік газдар шығарындыларын азайту мәселелерін
шешу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді, технологияларды пайдаланады.
Білім беру мақсатында биотехнологияның жетістіктерін түсіндіруді
оқытудың әртүрлі стратегияларын қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Мұғалім оқушыларды сабақта контекст, тапсырма, күтілетін нәтижелер,
ресурстар және қолжетімді ақпарат беру арқылы бағыттайды.
Достарыңызбен бөлісу: