Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет244/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер 
1.
Trey Dunham, John Wells, and Karissa White. Biotechnology Education:
A Multiple Instructional Strategies Approach. Journal of Technology Education Vol. 14 No. 1, Fall 
2002. – P. 65-81. 
2. DeMiranda, M.A., and Folkestad, J.E. Linking cognitive science theory and technology 
education practice: A powerful connection not fully realized. Journal of Industrial Teacher 
Education, 2000. 37(4) [On-line]. 


518 
ӘОЖ 372.8:57/59 
ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛАРДЫ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ 
Сайлау М.Е. – 
113-38А тобының студенті
 
Ғылыми жетекші: Есентуреева Г.Д. – 
а.ш.ғ.к., аға оқытушы
 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
 
Резюме 
 
В статье рассматриваются возможности виртуального образования. Виртуальная 
лаборатория - программно-аппаратный комплекс, позволяющий проводить опыты без 
контакта с конкретными приборами или проводить эксперименты при отсутствии такого 
лабораторного оборудования. 
Ғылым, білім, техника және технологияның үнемі дамуы жаңа 
ақпараттық жүйелердің де дамуын қажет етеді. Соның нәтижесінде еңбек 
нарығында жаңа вакансиялар пайда болып, адамдардың тиімді білім алуға 
(жоғары, қосымша, кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру) сұранысы 
артып келе жатыр, ал білім беру қызметтерінің өз кезегінде өзекті болып 
жатыр. Дегенмен білім беру әрқашан заманға сай өзгерістерді қамтып жүзеге 
асырылып жатқан жоқ, дәстүрлі форманың білім беру модельдері өзгеріссіз 
қалып, қажетті және өзекті білім, дағдылар қамтамасыз етілмей қалатын 
жайттар да анықталуда. Сондықтан білім берудің жаңа формалары мен 
әдістерінің білім беру жүйесіне енгізілуі қажет етіледі. Білім беру жүйесіндегі 
инновациялар, білім беру жүйесінің жүйелі модернизациясы – соңғы жылдары 
көп көңіл бөлінетін өзекті мәселелер болып табылады [1].
Қоғамның барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жаңа 
компьютерлік технологиялардың мақсатты пайдаланылуына қарағанда олардың 
білім беру жүйесіне тигізетін әсері кеңінен зерттелуде, себебі компьютерлік 
технологиялар барлық салаларға енгізіліп, болашақта олардың дамытылуы 
көзделіп жатыр. Жаңа технологиялардың негізгі ерекшеліктері мәліметтер 
базасын, гипертекст, мультимедиа, электронды оқулықтар, электронды 
байланыстар, эксперттік жүйелер, виртуалды зертханаларды қамтитын 
компьютерлік ақпараттық ортаның болуы. Осы технологияларды пайдалану 
арқылы білім алу және оны игеру, тасымалдау уақыты максималды 
«тығыздалады». Бұл өз кезегінде білім беру үрдісінің ақпараттық ағынмен тепе-
тең өтіп, оның жылдам жаңаруына сәйкес келеді. Компьютерлік ақпараттық 
технологиялардың оқу үрдісіне енгізілуі – объективті және сөзсіз жүзеге асатын 
үрдіс, білім беруді виртуализациялау компьютерлік ақпараттық технологияның 
бір жолы ретінде енгізуді қажет ететін мәселе, қазіргі күні өзекті болып 
табылады. Виртуалды білім беру үрдісін ұйымдастырудың әдістемелік 
негіздерін қарастыру қажеттілігі және дәстүрлі педагогикалық оқу формалары 
мен әдістерін виртуалды оқытудың қазіргі концепция жағдайларында 
пайдалану мүмкіндіктері маңызды болып табылады. Соңғы жылдары білім беру 
жүйесінің 
ақпараттандырылуы 
мәселесі 
көптеген 
писхологиялық-
педагогикалық зерттеулердің зерттеу нысаны болып жатыр. Виртуалды білім 
беру үрдісін ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін қарастыру қажеттілігі 


519 
және дәстүрлі педагогикалық оқу формалары мен әдістерін виртуалды 
оқытудың қазіргі концепция жағдайларында пайдалану мүмкіндіктері маңызды 
болып табылады. Соңғы жылдары білім беру жүйесінің ақпарттандырылуы 
мәселесі көптеген писхологиялық-педагогикалық зерттеулердің зерттеу нысаны 
болып жатыр [2]. 
Виртуалды зертханалар іс-әрекетті компьютерлік оқыту ортасында 
модельдеуге мүмкіндік беретін, педагог-практиктердің назарын өзіне 
аудартатын орта болып табылады. Дегенмен виртуалды ақпараттық-білім 
берушілік зертханалардың қазіргі заманауи жалпы орта мектептерінің 
жағдайында оқу үрдісін құрайтын әдістемелерді құраушы ретінде қалыптасу 
мәселесі әлі толық зерттелмеген. Сондықтан қоғамның білім беру сұранысына, 
ақпараттық, коммуникациялық технологиялардың, заманауи ақпараттық ағын 
және білім беру үрдісі арасында қарама-қайшылық туындайды. Сонымен қатар 
жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық қоғам жағдайында виртуалды 
зертханаларды жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін ғылыми-педагогикалық 
база айтарлықтай дамымаған [3].
Виртуалды ақпараттық-танымдық зертханалар жағдайында жаңа 
салаларды зерттеу кезінде мотивация жоғарылап, оқушыларда практикалық 
дағдылар мен білім дамиды, олардың танымдық іс-әрекеті белсенді бола 
бастайды. Виртуалды зертханалар жүйесін пайдалану дәстүрлі білім берудің 
бай педагогикалық потенциалын қолдана отырып, оны жаңа деңгейге – 
виртуалды компьютерлік технологиялар деңгейіне ауыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет