Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет246/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер 
1.
Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании: учеб. пособие для студ. 
высш. учеб. заведений. 6-ое издание. – М.: Издателский центр «Академия», 2010. – 
192 с.
2.
Общая методика обучения биологии: Учебное пособие для студентов педагогических 
вузов /под ред. Пономаревой И.Н.-М.: Академия, 2003. -272 с. 
3.
Титов Е.В. Методика применения информационных технологий в обучении биологии/ 
Е. В. Титов, Л. В. Морозова.-М.: Академия,2010. -176 с. 
ӘОЖ
ОРТА МЕКТЕПТЕ МАГНИТТІК ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ОҚЫТУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Баратов Оятулла – 126-18 оқу тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Рахашев Бақытғали Құрманәліұлы – ф.м.ғ.к. 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
Түйін. 
Мақалада орта мектеп физика курсында магниттік құбылыстарды оқыту мәселелері, 
сонымен қатар қазіргі жаңартылған білім беру технологияларын қолдана отырып 
оқытудың ерекшеліктері мен артықшылықтары баяндалады. 
ХХІ ғасырда әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде білім беру жүйесін білім 
берудің мақсаты, мазмұны және технологияларын оның нәтижесіне қарап 
бағалайтын болды. Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту 
тұжырымдамасында [1]: «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, 
білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, 
әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және 
ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру
және жұмыс істеу болып табылады» – деп айтылған. Бұл, өз кезегінде, ұстаздар 
алдында жас ұрпаққа білім берудің жаңа түрлері мен әдістерін жасап, олардың 
өздігінен білім алуын қамтамасыз ету мәселелерін қойып отыр. Білім беру 
үдерісін жаңаша ұйымдастыру бағытында елімізде көптеген жұмыстар 
жүргізілуде. 


522 
Жаңартылған білім беру технологияларын қолдану арқылы біз физикалық 
құбылыстарды жеткілікті деңгейде жас ұрпаққа үйрете аламыз. Жаңартылған 
білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруы, 
сонымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және жаңаша әдістер 
қолданудың тиімділігін арттыру болып табылады. Жаңартылған білім беру 
жүйесі жас ұрпақтың әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, 
дамытушылыққа бағыттайды. Жаңартылған білім беру маңыздылығы – білім 
алушының қолайлы орта құра отырып, ақпараттық коммуникациялық 
технологияларды білім беру саласында қарқынды пайдалану, сын тұрғысынан 
ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, қарым-қатынасқа түсу, 
шығармашылықта қолдану және оны жүзеге асыру үшін тиімді әдіс-тәсілдер 
қолдану болып табылады [2]. 
Елімізде жаңартылған білім беру мазмұны жалпыға бірдей білім беретін 
мектептерге кезең-кезең бойынша енгізіліп, 2020 жылға қарай 12 жылдық 
құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарды өз 
мәресіне жетті. 
Жалпыға бірдей білім беретін мектеп курсында физика пәні дәстүрлі 
түрде арнайы оқулық бойынша оқытылатыны мәлім. Оқулықтарда оқытылуға 
тиісті оқу бағдарламалары қамтылған. Нақтырақ, физика пәні бойынша 
физикалық 
құбылыстар 
белгілі 
бір 
анықтамалармен 
сипатталған. 
Жаратылыстану пәндеріне оның ішінде физика пәнінің мектепте оқытылу 
жайына көңіл аудару – тәуелсіз еліміздің болашақ мамандары үшін аса 
маңызды. Елімізде 300-дей мамандық түрлері бар десек, соның 80 пайызынан 
астамы түрлі сала инженерлері, ауылшаруашылық мамандары болып табылады. 
Ендеше, мектеп қабырғасынан бұл пәндерді терең меңгермеген адамнан 
келешекте нашар маман шығатыны 63еш күмән туғызбайды. Осыдан 
оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын және оны оқыту сапасын 
қалай арттыруға болады деген сұрақ туындайды.
Жалпы физика курсының магнетизм тарауын мектеп жағдайында 
оқытуда көптеген дидактикалық, әдістемелік қиыншылықтар кездеседі. Себебі, 
электр және магнетизм тарауын оқытудың өзіндік ерекшелігін, ондағы
физикалық құбылыстардың нақты әрі көрнекі тақырыптарды түсіндіру мен 
тәжірибелерді жасап көрсету мектеп жағдайында мүмкін емес. Тек қана 
мектеп емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттері үшін де 
қолданылатын қондырғыларда орын алатын аса күрделі физикалық процестерді 
елестетіп, олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіру көптеген қиындықтар 
туғызады.
Міне, осындай қиындықтардан шығудың нақты жолдарының бірі – 
магнетизм тарауын оқытуда жаңартылған білім беру технологияларын қолдану 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет