Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»


көшіре жазу әдісі, сызықтық әдіс, ритмикалық әдіс, генетикалық



Pdf көрінісі
бет240/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

көшіре жазу әдісі, сызықтық әдіс, ритмикалық әдіс, генетикалық 
әдіс, Карстер әдісі
жатады. 
Көшіріп жазу әдісі
бойынша мұғалім дәптерге қарындашпен жазады 
немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді. Ал, оқушылар оның үстінен 
басып жазады. ХІХ ғасырда бұл әдіс мектептерге енгізілді. Алайда, бұл әдісті 
пайдалану барысында кемшіліктерді ескере отырып, оны қолдануға шек қойыла 
бастады. 
Сызықтық әдіс
арқылы оқушы әріптің көлемін, пішінін, арақашықтығын, 
көлбеулігін дұрыс жазуды үйренеді. Әріптің біркелкілігін сақтау үшін арнайы 
торкөздер пайдаланған екен. Кейіннен бұл торкөздерді көздің жанарына және 
оқушылардың өздігінен жұмыс істей алмауына байланысты алып тастады. 
Генетикалық әдіс
көркем жазуда әріп элементтерін жазып үйренуді талап 
етеді. Балалар әріп таңбаларын алфавит ретімен жазып үйренбейді, алдымен 


510 
оңай әріптерді жазып үйренеді, соңынан біртіндеп жазылуы күрделі әріптерді 
таңбалауға үйретеді. 
Тактикалық немесе ритмикалық әдіс.
Ритм
– бүкіл жазу элементтерінің 
лайықты үйлесімін табуға көмектесетін амал. 
Тактылау (санау)
– қозғалысты 
бір қалыпты жетілдіріп, оқушылардың жазу қарқының жеделдетуге әсер етеді
жазу процесінде жасалатын қол қимылдарының дұрыс та айқын болуын 
дамытады, сыныптың бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Алайда, бұл 
әдістің бірнеше кемшіктері бар екендігі дәлелденді. 
Карстер әдісі
қолдың қозғалысын дамыту үшін жасалынатын жаттығулар 
жүйесі. ХІХ ғасырдың басында ағылшын Карстер енгізген бұл әдіс ең алдымен 
19 элементті, одан кейін жазылуы қиын штрихтары бар әріптерді, сөздерді 
жазуға үйретеді. Бұл әдісті ересектерге каллиграфиясын түзеу үшін 
пайдаланған тиімді. 
Оқушының көркем және сауатты жазуы үшін бірнеше жаттығулардың 
түрлерін ұсынамын. Бұл жаттығулар балалардың көркем жазу дағдысын 
қалыптастырады. 
«Орнын белгіле» жаттығуы.
Дәптерге алдын ала сөздер жазылады. 
Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді. 
«Әріпті тап» жаттығуы.
Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да, 
оқушылар қалаған элементін тауып жазып көрсетеді. 
«Ғажайып алаң» ойыны.
Тақтаға сөз жасырылады. Мұғалім жасырылған 
сөздің әрбір әрпін элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар 
қандай әріп екенін айтады. 
Жазу сабағын жүргізуде жоғарыдағы жұмыс түрлерін жүргізу арқылы, 
оқушылардың дыбыстарды бұзып айту тәрізді кемшіліктері түзетіліп, 
оқығанын, естігенін екінші адамға айтып беруге машықтанатын болады, 
баланың ойы дамып – жетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет