174
сұлтаным,
Ай-шешек бегім, Алтын ханым, Әз ханым секілді әйелдер
бейнелерінің өзі тұтас бір галерея жасайды.
М. Мағауиннің «Аласапыран» романындағы онамастикалық атауларды
талдау барысында оларды мағынасына қарай бірнеше топтарға жіктеуге
болады:
1) романдағы тарихи тұлғаларды білдіретін онамастикалық атаулар: Ораз-
Мұхамед сұлтан, Қадырғали Жалайыри, Едіге бидің ұрпағы Петр Усов, Томан
би, Манақ батыр,
Ділшат пен Ай Шешек, Бахадүр сұлтан, Шығай хан, Ес-
Мұхамед сұлтан, Тәуекел хан, Хақ-Назар хан, Сүтемген би, Ес-Мұхамед
сұлтан, Орыс хан және т.б.;
2) географиялық жер-су атауларын білдіретін онамастикалық атаулар:
Жетісу, Еділ, Жайық, ІбірСібір, Қаратау, Есіл, Талас, Ертіс, Шу, Арыс,
Сарыарқа, Созақ, Түркістан, Қорғалжын, Ақмола,
Қарқаралы, Торғай, Бетпақ,
Қызылжар, Ұлытау, Калуга, Смоленск, Мәскеу, Тобольск, Саран, Сығанақ,
Шымкент, Самара, Хорасан, Орал тауы және т.б.;
3) қазақтың дүниетанымын білдіретін есімдер: Жер-Ана, Су-Ана, От-Ана,
Адам Ата, Тәңір және т.б.;
«Аласапыран» романында көп кейіпкерлердің аты аталады. Солардың
негізгі сюжеттік желі үстінде көрінетіні санаулы ғана. Ал басқалары түрлі
оқиғалық баяндаулар тұсында қосылып отырады. Шығармада Ораз-Мұхаммед
бейнесі барша оқиғаның арасында жеке дараланып көрініп отырады. Бірақ бұл
шығармаға оғаштық әкелмейді, тарихи сипатын арттыра түседі.«Аласапыран»
романында Ораз-Мұхаммед және оның айналасындағы ел басшыларының, ру
басыларының,
батырлардың, әйел-аналардың өмірі мен іс-әрекеті мол
шындығымен көрінген. Әсіресе Ораз-Мұхаммед тұлғасы арқылы талай
шытырманды ашып көрсете алған.Шығармадағы нақты тарихи тұлға- ел
басшысы, ауыр тағдырға ұшыраған бас кейіпкер Ораз-Мұхамед. Сұлтанның
өмірінен алынған. Алайда Ораз-Мұхамед куә болған, қатысқан, ұғынған дүние
шындығынан ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы орыс және қазақ қоғамында орын алған
түбегейлі өзгерістер мен өткір бетбұрыстардың сырын Ораз-Мұхаммедтің
куәгері, қатысушысы, түсінгені ретінде шынайы дүниеден ашу қиын емес.Ораз-
Мұхамед хан – қазақ еліне тарихтан белгілі есім.
Жошы әулетінен шыққан
қазақ сұлтаны, Қасым хандығының ханы. Кез келген тарихи шығармада тарихи
тұлғалардың бейнесі жасалатыны белгілі. Яғни, романдағы басты тарихи
тұлғалардың бірі – сұлтан Ораз-Мұхаммед.Роман-дилогияның орталық
тұлғасына Дәшті-Қыпшақтың падишаһы Тәуеккел ханның қалғаны, Ұзын оқты
Ондан сұлтанның баласы Ораз-Мұхамедтің алынуы орынды. Ораз-Мұхамед
қазақ өлкесі мен Ресей жерін жалғастырушы буын, рухани, дипломатиялық
жақындықтың жанды көрінісі. Бар саналы ғұмырын Россия патшалығында
өткізгендіктен ол туралы ғылыми еңбектердегі нақты мәліметтер де көп.
Ораз-Мұхаммед тұтқынға түсіп,
өзге елде, жат жерде Мәскеу мемлекетінде
жүрсе де өзін мықты екенін, Ұлы даланың ұлы тұлғалары қандай батыл
болғанын дәлелдеп алған. Ол Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошының тікелей