176
шығару ауасы көмекей мен ауыз қуысына еркін жіберіледі. Ол ауа ауызда тар
саңылау түріндегі кедергіге ұшырап ысқырған шу шығарады, оның биіктігі тіл
үсті бөлігінің алдыңғы жағы мен күрек тістер арасындағы қуыстың көлеміне
байланысты. Жұмсақ С дыбысының артикуляциялық ерекшелігі тілдің үстіңгі
жағының биігірек көтерілуі, оның біршама ілгері жылжып тіл мен тістің
арасындағы қуысына жақындауы. Еріннің керілуі айқындала түседі. Бұнда да С
дыбысына О, У тіркесіндегідей ерін дөңгелектенеді. Бұны - ся, се, си және се,
се, сю буындарын айтып байқауға болады. 3 дыбысын С дыбысынан, С және 3'
дыбыстарының айырмасы дыбыс перделері бірігеді және тербеліске түседі,
сонымен қатар дем шығару екпіні әлсірейді, тіл үсті мен альвеол арасындағы
саңылау тарылады. Ц-дыбысы біріккен дыбыс ретінде де дауыссыз Т мен С
дыбысының бірігуін білдіреді. Алғашқы сәтте тіл үстінің алдыңғы бөлігі
альвеолмен бірігеді. Тіл ұшы төменгі қызыл иекке тіреледі. Жұмсақ таңдай
көтеріледі, дыбыс перделері ажырайды. Ізінше олардан ажырап тіл үсті
альвеолаға С дыбысы артикуляциясына тән қалыпқа түседі.
Басқа бір алғышарты ауыз қуысы бүйірлерінің жабылуын қиындататын
тіл жіңішкереді. Бүйірлік сигматизмде Ц, 3 дыбыстарды С дыбысы сияқты
акустикалық қасиетке ие болады. Бірінші, күшті
сыбырлап айтылған тіл
сөзіндегідей Т және Л дыбыстарының тіркесіне ұқсайды, ал екіншісі қате
айтылған С дыбысынан тек дауыстың қосымша шуымен ерекшеленеді.
Қуыстың қай бүйірде пайда болғаны қарапайым екі жолмен анықталады,
біріншісі - С дыбысын созып айтқанда ұртты жеңіл шерту арқылы. Егер дыбыс
тиылып қалса, қуыстың шерткен жақта болғаны, тиылмаса қуыс екінші жақта
болғаны. Екіншісі-резина түтіктің екі ұшында да олива қойылады. Логопед
оның бір ұшын өз құлағына ұстайды да, екіншісін С дыбысын созып айтқан
баланың жоғарғы және төменгі тістердің шекарасымен жүргізеді. Сонда
қуыстың орны түтіктегі шудың күшеюі арқылы жеңіл анықталады.
Шудың
қасиеті оның пайда болған орнына қарай, яғни шыққан демінің жолындағы ең
тар жерге қарай өзгереді. Мәселен С дыбысын айтқанда тіл түбі мен
жұтқыншақтың артқы қабырғасы арасында тарылу пайда болса, онда X
дыбысына ұқсас дыбыс естіледі. Егер жұмсақ таңдайдың алдыңғы үсті тіл
түбіне жабысса, ал арты жұтқыншақ қабырғасына жақындаса қырылдауға ұқсас
шу шығады. Ц дыбысына екі жағдайда да С дыбысынан артикуляциялық
айырмасы сол органдардың сол орындарда алдын-ала жабысу мен ғана
ерекшелінеді.
Шығатын дыбыстың аффрикативтік сипаттамасы осымен анықталады. 3
дыбысының айтылуы С дыбысынан айырмашылығы тек қана дауыс тонының
бірігуі мен шудың біраз әлсіреуінде. С, Ц, 3 дыбыстардың айтылуы қателігін С
дыбысынан бастау керек. Жұмыс тәсілдерін таңдау сигматизмнің түрлеріне
байланысты. Еріндік-тістік сигматизм кезінде балаға ең алдымен С дыбысын
айтқанда төменгі ерін жоғарғы күрек тіске түйіспеуі, немесе жақындамауы
керек екенін көрсету қажет. Егер балаға
айна арқылы көзбен бақылау
жеткіліксіз болса, онда ерінді жалаңаштаған тіс тізбегіне тигізіп, айырып
көрсетіп, қарапайым артикуляциялық гимнастиканы пайдаланған дұрыс. Қажет
177
болғанда төменгі ерінді шпательмен немесе саусақпен төмен тартатын
механикалық көмек қолдануға болады. Баланың механикалық көмексіз-ақ
төменгі ерінді тиісті қалыпта ұстауға жаттығуын күтіп отырмай, осы дыбысты
буындар мен сөздерді айтқызуға жаттықтыру пайдалы. Тіс төңірегі
сигматизмінде С дыбысын әуелі бөлек кейін буын, сөз құрамында созып айту,
артикуляцияны дұрыс көрсетуі арқылы түзетеді. Ызың сигматизмде алдымен С
дыбысының дұрыс, теріс айтылу ерекшеліктеріне назар аудару керек. Алайда
бұл әдіс мақсатқа сирек жеткізеді. Себебі бекіп қалған ақаулық ызың-ысқырық
дыбыстарын анық ажыратқан жағдайда да С дыбысының дұрыс
артикуляциясын меңгеруін қамтамасыз етпейді.
Сондықтан ауызды ашып
отырып балаларға артикуляцияның дұрысын айнаның алдында және кемшілік
артикуляцияның айырмашылығын, өз саусағымен өрнектеу арқылы сезінуге
көмектесуі керек. Тілдің дұрыс қалпын тапқан соң, балаға дем шығарып, ауа
ағынын сезінуге мүмкіндік беріледі. Егер артикуляцияны айнамен дұрыс
көрсету мен оны теріс қалыпқа салыстыру тиісті нәтиже бермесе, бірқатар
арнаулы тәсілдің ең тиімдісін таңдап алу қажет. С дыбысы қалыптастыруда Т
дыбысы
негіз болады, оған бүйірлік артикуляцияның әсері жоқ. Баланы С
дыбысын біраз аспирациямен айтуға үйретеді. Сонда қопарылыстан кейін
ағылшынның С дыбысына ұқсас дыбыс естілуге тиіс. Демді қолға тиетін ауа
ағымымен бақылауға болады. Соңынан тісті қысып тұрып, құрамында Т мен С
анық естілетін Ц дыбысы айтылуға тиіс. Оны тек балаға білдірмеу керек,
әсіресе, ол үшін Ц дыбысының үлгісін болдырмауға тиіс. Өйткені жағдайда
үйреншікті алғашқы қате артикуляция қайталануы мүмкін. Егер бала тіл үшін
төменгі қызыл иекке еркін ұстай алмаса, №2 зондты немесе шпательді
пайдалану керек. Жаттығу барысында біріккен дыбыстың фрикативтік бөлігі
біртіндеп ұзарып, содан соң бөлініп шығады, сонда
ғана шпательді пайдалану
керек. Жаттығу барысында біріккен дыбыстың фрикативтік бөлігі біртіндеп
ұзарып, содан соң бөлініп шығады, сонда ғана балаға дұрыс айтылатын С
дыбысы осы екенін тусіндіруге болады. Одан әрі игерілген артикуляцияны
буын, сөз, сөз тіркесі материалдарымен бекітеді. Одан соң жаттығу тілді тіс
арасына кеңінен сұғу оны ауыздың бүйірлеріне жапсыру жағдайында айна
алдында қайталанады. Тіл қуысында жырашық болуға тиіс. Ауа ағымын
бақылау үшін қосымша пробирка немесе ауызы тар шыны ыдыс
пайдаланылады. Тіл ортасымен үрлеуге жеткен соң келесі саты С дыбысын тіс
аралық айтуға көшеді. Бұл мақсатта жоғарғы ерінді шпательмен немесе
саусақпен
көтеру жеткілікті, сонда тіл мен жоғарғы күрек тіс аралық қуыс
пайда болады. Бүйірлік артикуляцияны түзетудің тағы бір тәсілі баланы Ф
дыбысын созып айтуға үйрету, содан соң оны тілді неғұрлым ілгері ұмтылдыра,
ұшын төмеңгі күрек тіске тірей қайталау. Сонда Ф дыбысына тән шуға
ысқырынған шу қосылады. Осы екеуінің бірігуі еркіндік-тістік сигматизмге тән
дыбысты еске түсіреді. Ақырында X дыбысына сүйену де мақсатқа жеткізеді
балаға-ихи тіркесіп айту ұсынылады, сонан соң тісті қысып қайталанады. Сонда
көбінесе С дыбысына жақын дыбыс жиі естіледі. Оны балаға ерте ескертпеу
керек себебі бүйірлік артикуляцияға ұшырауы мүмкін. Жаттығуда ысқырынған