189
ӘОЖ
С.СМАТАЕВТЫҢ «ЕЛІМ-АЙ»РОМАН-ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ
ТОПОНИМДЕРДІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ
Пазылова А.Т. – М1701-11 тобының 1 курс магистранты
Ғылыми жетекші: Оразбаева Э.Б. – ф.ғ.к., доцент м.а.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
Резюме
В данной статье дан этнолингвистический характер ряда топонимов в романе -
трилогии С.Сматаева "Елим - ай" и рассказывается о своеобразии науки этнолингвистики.
С.Сматаевтың
«Елім-ай»
роман-трилогиясындағы
топонимдердің
этголингвистикалық сипаты болғандықтан, этнолингвистика деп аталатын
атауға тоқталып өтейік. Халықтың болмысын
оның тілі арқылы танып білу
мақсатынан лингвистиканың бір саласы – этнолингвистика туындаған.
Этнолингвистика – халықтаным» мен «тілтаным» ғылымдарының ортақ
проблемасы шеңберінің тоғысуында пайда болған сала. Ол белгілі бір халыққа
тән тілдің өзінде ғана бар мүмкіншіліктері мен байлығын зерттеуді мақсат
етеді.
Этнолингвистиканың зерттеу объектісі – халықтың тілі яғни «этнос» -
халық, «лингвистика» - тіл деген екі атаудан құралып тұр.
Осы орайда Қазақстандағы лингвистика теориясының
өзекті мәселелері мен
оның болашағына ғылыми баға бере отырып, профессор М.М. Копыленко
этнолингвистика
саласына ерекше тоқталып, олар келешекте мынандай
бағыттарда даму керек дейді:
•
этнолингвистиканың концептуалдық аппараты;
•
лексикалық зерттеулердің этнолингвистикалық аспектілері;
•
фразеологиялық зерттеулердің этнолингвистикалық аспектілері;
•
терминологиялық зерттеулердің этнолингвистикалық аспектілері;
•
антропонимиканың этнолингвистикалық аспектілері;
•
топонимиканың этнолингвистикалық аспектілері;
•
лингвонимдердің (әлем тілдері атаулары) теориялық мәсе-лелері. Осында
көрсетілгендей этнолингвистика қазіргі таңда жан жақты зерттелу үстінде.
Соның ішінде топонимдердің этнолингвистикалық сипаттары жайында
зерттеулер көп емес.
Софы Сматаевтың «Елім-ай» роман-трилогиясының
бірінші жинағында
«Елең-Алаң» деген бірінші бөлімінде Енесей, Манғұлия,
Жоңғария, Ертіс,
Ордос, Амдо, Көкнор (Кукунор), Бұқар, Түркістан, Ташкент, Жетісу, Алатау,
Москва, Сібір, Есіл, Зайсан, Қорғалжын, Тара, Еділ, Жайық, Ресей, Тобыл,
Бараба, Мәскеу, Томбы, Кузнецк, Астрахань-Әжтархань, Арғанаты, Жомарт,
Арғанаты, Шығыс, Батыс деген жер- су аттары кездеседі.
Екінші бөлімі «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деп аталалды. Бұл
бөлімде кездесетін топонимдік атауларға мыналар жатады:Күлтөбе, Теректі,
Ташкент, Ахангиран, Мәскеу, Ресей, Шығыс, Қазан,
Астрахань, Кама жолы,
Сібір, Жайық, Атырау, Пермь, Тобыл қаласы, Ертіс, Есіл, Ұлытау, Сарысу,
Түркістан, Сырдария сынды топонимдер.
Топонимдер
зерттелетін
географиялық
нысандарына
қарай
макротопоним, мезотопоним, микротопоним деп бөлінеді.
Және топонимдер
190
іштей бірнеше кластарға жіктеледі . Мәселен көркем шығармадағы, Астионим -
қала атауларына келсек: Түркістан, Ташкент, Москва, Тара, Ресей, Томбы,
Кузнецк, Ташкент, Атырау, Тобыл, Бұхара.
Ороним яғни тау атаулары: Алатау, Ұлытау, Арғанаты
Потамоним - өзен атауы: Енесей, Ертіс, Еділ, Жайық, Есіл,Тобыл, Өбі,
Ахангиран, Сарысу
Лимноним - көл атаулары: Қорғалжын, Көкнор
Комоним яғни ауылдық елді мекен атауы: Жомарт, Теректі
Дромоним - байланысу жолы: Кама жолы, оңтүстік-шығыс
Этнотопоним - этнонимдерінің қатысымен қалыптасқан жер-су аттары:
Күлтөбе
Хороним - кез- келген территория, аймақ, облыс атауы: Шығыс Манғұлия
Макротопоним - ірі физикалық- географиялық объектілер: Сарыарқа
Ендігі кезекте жоғарыда көрсетілген топонимдердің бірқатарына
этнолингвистикалық тұрғыдан сипаттамасына тоқталайық. Мәселен:
Алатау
-
Қазақстан мен Орта Азиядағы , Сібірдегі, бірқатар биік тау жоталарының ( Іле
Алатауы, Күнгей Алатаудың, Теріскей Алатаудың, Талас Алатауының, Қырғыз
Алатауының және Кузнецк Алатауының ) жалпы аты.
Қазіргі Алатау
терминінің өз алдына оронимдік мәні жоқ ол тек тау жоталарын бір-бірінен
ажыратып тануда анықтауыштық тұлға ретінде ғана қолданылады. Ал бұл
атаудағы
Достарыңызбен бөлісу: