39
пайдаланбайтындардың (41%) едәуір бөлігі (n = 1130) өздерінің кірістері олар үшін
жеткілікті екендігін айтты, сондықтан несие алудың қажеттілігі жоқ екендігін білдірді. Ал
респонденттердің
жартысына
жуығы
несие
алудан
сақтанатындығын
айтты.
Респонденттердің шамамен 10% несие алушы еді, бірақ олардың жасына немесе нашар
несиелік тарихына байланысты оларға несие берілмейді
деп жауап берген.
Респонденттердің жауаптары 23-суретте көрсетілген.
Сурет 23. «Егер Сіз несие/шағын несие қызметтерін пайдаланбайтын болсаңыз, не
себеппен?» сұрағы бойынша жауаптар туралы, 2020 ж. (n=1130)
4. Қарттар тобының мемлекеттік әлеуметтік- экономикалық қолдауға қатысты
қажеттіліктері
2008 жылы респонденттер әлеуметтік қолдау мекемелерінің қызметтерін
пайдаланады ма деген сұраққа 1500 респонденттің тек 65 адам «иә, әлеуметтік қолдау
мекемелерінің қызметтерін қолданамыз» деп жауап берді, бұл респонденттердің 4%
құрады. Оның ішінде респонденттердің 83% -ы (54 адам) мемлекеттік
әлеуметтік көмек
органдарынан көмек аламыз деп жауап берді. Респонденттердің 3% үкіметтік емес ұйымдар
мен қоғамдық бірлестіктердің қызметтерін пайдаланғандығын көрсетті; тек бір адам
зағиптар қоғамы ұсынатын қызметтерді қолданатынын айтты. Мемлекеттік әлеуметтік
көмек қызметтерін алған респонденттердің көпшілігі (62%)
алған көмектеріне
қанағаттандық деп жауап берді. Респонденттердің үштен бірі (35%) осындай қызметтерге
толық қанағаттанғандықтарын білдірді. Респонденттердің тек 3% ғана мемлекеттік
әлеуметтік көмек қызметтеріне қанағаттанбайтындықтарын айтты.
2020 жылғы сауалнамаға сәйкес, әлеуметтік қолдау мекемелерінің қызметтерін
пайдаланатын респонденттердің үлесі екі есеге артты (2008 жылы 4% -дан 2020 жылы 8% -
ға дейін). Бұрынғыдай әлеуметтік қолдау мекемелерінің қызметтерін пайдаланатындардың
көп бөлігі (n=156) мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету мекемелерінен көмек алады (2008
жылы 83% және 2020 жылы 68%).
Үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің
қызметтерін пайдаланатын егде жастағы адамдардың үлесі өсті (3%-дан 8%-ға дейін). 2020
жылғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, егде жастағы адамдардың 8% -ы жеке меншіктегі
мекемелер ұсынатын әлеуметтік қызметтерді пайдаланады. «Басқа» (10%) жауаптарының
2%
9%
23%
28%
41%
Менің несие тарихым нашар
болғандықтан маған несие бермейді
Менің жасыма байланысты маған несие
бермейді
Ақша жетпеген кезде де, несие алмаймын
Несие алуға қорқамын
Менің өзімнің табыстарым жетеді, маған
қажеті жоқ
40
ішінде кейбір
респонденттер еріктілердің, «Нұр-Отан» партиясының және діни
ұйымдардың әлеуметтік қолдау қызметін пайдаланатынын атап өтті.
Мемлекеттік әлеуметтік қолдау мекемелерінің қолдауларына қанағаттану деңгейі
(78,2%), жеке меншіктік әлеуметтік қолдау көрсететін мекемелерден алынған көмекке
қанағаттану (23,7%), әлеуметтік қызметтер мен ҮЕҰ қолдауына
қанағаттану деңгейі
(20,5%).
Егде жастағы адамдардың мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық қолдауға қатысты
қажеттіліктерін анықтау үшін барлық респонденттерге: «Сіздің ойыңызша, егде жастағы
адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін мемлекет не істеу керек?» деген сұрақ
қойылды. Егде жастағы адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту
жөніндегі мемлекеттік
басым шаралар туралы респонденттердің жауаптарын бөліп көрсетілген салыстырмалы
деректер 24-суретте келтірілген.
Респонденттердің көпшілігінің негізгі қажеттілігі (2008 жылы 85% және 2020 жылы
78%) мемлекеттік зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін көбейту болып
табылады. Медициналық қызметтерді қол жетімді ету қажеттілігін атап өткен
респонденттердің үлесі (2008 жылғы 35%-дан 2020 жылы 48%-ға дейін) өсті.
Медициналық
қызметтердің
сапасын
жақсарту
қажеттілігін
атап
өткен
респонденттердің үлесі де өсті (2008 жылғы 30%-дан 2020 жылы 34%-ға дейін). Сонымен
қатар, медициналық және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін жеңілдіктер жүйесін
енгізу қажет (37%-дан 28%-ға дейін) деген пікірмен бөлісетін
егде жастағы адамдардың
үлесі азайды, және «қарттарға арналған негізгі қажеттіліктерге бағаны мемлекеттік реттеу»
(34%-дан 27%-ға дейін) түсті. Респонденттердің шамамен 8%-ы ғана егде жастағы
адамдарға жұмыс табуға көмектесу керек деп санайды.
Бұл мәселелер, сонымен қатар, зейнет жасындағы азаматтардың іріктеуі тұрғысынан
талданды. Нәтижелер 2020 жылғы респонденттердің жалпы жауаптарына ұқсас:
қарттардың 80%-ы зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін ұлғайту, 47% -
медициналық қызметтерді қол жетімді ету, 34% - медициналық
қызметтердің сапасын
арттыру,
30% - медициналық және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер
жүйесін енгізу үшін, зейнеткерлердің 29%-ы қарттарға арналған алғашқы қажеттіліктерге
бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу қажеттілігін, ал зейнеткерлердің тек 5%-ы егде жастағы
адамдарға жұмыс табуға көмектесу керек екенін атап өтті.
Достарыңызбен бөлісу: