Биелерде іш тастаудың алдын алу үшін, шаруашылыққа келесі нұсқаулар берілді: • буаз биелерді зоогигиеналық және зоотехникалық талаптарға сәйкес жағдайларда
ұстау;
• қоралық кезеңде оларға сапалы шөп пен концентраттардың жеткілікті мөлшерін
беру;
• минералды заттар мен витаминдермен рационды теңгеру;
• жүйелі түрде моцион ұйымдастыру қажет.
Инфекцияның қоздырғышының шаруашылыққа енуіне жол бермеу үшін: • барлық келген жылқыларға карантин қойылады;
• оның барысында мұқият клиникалық тексеру жүргізу;
• биелерді гинекологиялық тексеруден өткізіп, содан кейін құлындауға дейін бөлек
топта ұстау;
• табында сальмонеллез этиологиясы бар биелерде іш тастаулар пайда болған кезде
оларды дереу оқшаулап және емдеу, ал қалғандарын вакцинациялау.
Қораларды, жылқыларға күтім жасайтын заттарды және жабдықтарды бір мезгілде
дезинфекциялай отырып, мұқият механикалық тазалау және дезинфекциялау жүргізіледі.
Ағымдағы дезинфекция үшін құрамында 3% белсенді хлор немесе 3% креолин эмульси-
ясы бар ағартқыштың тазартылған ерітіндісі қолданылады.
Тұрақты жасушалық және гуморальдық иммунитетті қалыптастыру үшін биелерді
міндетті түрде вакцинациялау қажет. Вакцинаны қолдану вакцинацияланған
жылқылардың 90-95% сальмонеллездік іш тастаудан қорғайды, құлындардың шығуын
15-20% - ға арттырады.
Биенің сальмонеллезді іш тастауының спецификалық алдын алу мақсатында
ассоциацияланған инактивтендірілген отандық «Salmonella abortus-equi E-841», және
ресейлік БН-12вакцинасы қолданылды.03.2022 ж тәжірибе ретінде үш топ биелер
құрылды, екі топ вакцинацияланды, ал үшінші топ салыстырмалы бақылаушы топ болды.
3 кесте- «Ертай» ш/қ-да 2023 жылғы төл шығару көрсеткіші
Вакцина атауы
Мал басы
Төл алынды
БН-12
20
16(80%)
Salmonella abortus-equi E-841
20
17(85%)
Бақылау тобы
20
11(55%)
Қорытынды. Отандық және ресейлік вакциналардың әсерінде айтарлықтай
ерекшеліктері жоқ. Буаз биелерді уақытылы вакцинациялау төл алу көрсеткішін 30-
35%-ға арттыратына көз жеткіздік. Қазіргі уақытта профилактикалық вакцинациялау
тек жылқы иелерінің күшімен жүзеге асырылады. Жыл сайын иммундеумен 1-2 мың
бас жылқы қамтылады. Вакцинацияның бұл деңгейі жылқыларда сальмонеллездің қайта
пайда болуынан және таралуынан қорғауды қамтамасыз ете алмайды. Осылайша, респу-
бликада сальмонеллезді іш тастау бойынша індеттік жағдай қауырт күйінде қалып отыр.
Сондықтан сальмонеллез абортына жоспарлы диагностикалық зерттеулерді кеңейту ке-
рек. Қолайсыз, қауіп төндіретін және сауықтыру пункттерінде сальмонеллезге қарсы ал-
дын алу іс-шараларының жоспарларын әзірлеу және іске асыру қажет.