Сабақтың тақырыбы:
Сын тұрғысынан ойлау
стратегиясы
Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына
сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге
байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен
қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол
дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл
оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.
Сын тұрғысынан оқыту технология емес, ол бағдарлама. Бұл
бағдарлама әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім
берушілердің бірлескен еңбегі, мақсаты барлық жастағы
оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі
ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім
қабылдауға сабақтарда үйрету. «Біздің елімізде Джорд
Соростың ашық қоғам институты, «Сорос - Қазақстан» қоры
арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене
бастады. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған
ойлау.
Жобаның
негізі
Ж.Пиаже,
Л.С.Выгодский
теорияларын басшылыққа алады.
Сын
тұрғысынан
ойлау
технологиясының
негізгі
мақсаттары:
- Тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау
қабілеттерін дамыту;
- Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту;
- Ақпараттарен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға
қалыптастыру;
-
Құбылыстарды жан-жақты талдап саралай білетін
сыншыл тұлға тәрбиелеу.
Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі
жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге
қарсы тұруға бейімделгені жөн.
Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге
сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін
сөйлеуге баулу – әр ұстаздың міндеті. СТО сабақ
процесінде ең басты тұлға ОҚУШЫ екенін көрсетеді.
Сын тұрғысынан ойлау әдісін топпен жұмыс істеуді
қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін,
тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге, өзінің де
басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере
отырып, құрмет көрсетуге бағыт береді.
Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |