Л. С. Выгодский теорияларын басшылыққа алады



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата05.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#189852
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
сын

отырып
қорытынды
жасайды.
Кейіпкерлерді түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын
табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады. Алғашқы
кездерде бүкіл сынып ұжымымен өткізуге болады.
Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы - Блум сұрақтарды
екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі
алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын
жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге
арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген
жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: - желтоқсан оқиғасы қай
жылы болды? - 1986 жылы
- Сенің таныстарыңның ішінде оқиғаға қатысқан адамдар бар ма?
– бар.


Жалпақ сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре
отырып жауап беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл
сұрақ түріне жауапты фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал –
мәтелмен беруге болады. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі
сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа
формаларда жауап беруге болады. Мысалы: сурет немесе схема,
тіпті көрініс түрінде де. Жалпақ сұрақ: – қарастырылып отырған
кейіпкер неге осындай қылық жасады? ( шағын көрініспен жауап
беру)
Т кестесі стратегиясы – Мақсаты: қарама – қарсы нәрселерді
сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып
топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Оқушылардың ойлау
қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін
тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге
дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала
береді. Іс – тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр. Кіші жас
оқушыларына кескін, сурет түрінде орындауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет