Л. С. Выгодский теорияларын басшылыққа алады


Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, ми



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата05.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#189852
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
сын

Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, ми
қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Бұл
стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне
де қолайлы.
Тірек сөздер стратегиясы – Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар
тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің
құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру
кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта,
топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиялы дамиды. Бұл
әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық.
БББ немесе маркировка кестесі стратегиясы – «БББ» - білемін,
білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр
бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі
қойылатын талап – оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол
күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс мұғалімге әр
оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді.
Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген
жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге
болады.


ЭССЕ немесе ой толғаныс стратегиясы – тақырыпқа сай
оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын
жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10
минут ішінде тоқтамай жазады. Мұғалім де отырып жазуына
болады. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін
болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды.
Өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы
қарауға үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет