Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау


-кесте. Басқа мекемелермен мектептегі



Pdf көрінісі
бет101/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

5.11-кесте. Басқа мекемелермен мектептегі 
зорлық-зомбылыққа қатысты іс-қимылды 
үйлестіру саласындағы саясат 
Толық іріктеме
N = 40
n
%
Заңнама немесе регламент-
ке сәйкес мектептегі зорлық 
оқиғасы кезінде басқа ме-
кемелермен іс-қимылды 
үйлестіру талап етіледі
32
80,0%
Мектептегі зорлық-зомбылық 
оқиғасы кезінде басқа мекеме-
лермен іс-қимылды үйлестіру 
талап ететін заңнамалық акт/
регламентті атай аласыз ба? 
29
72,5%
5.12-кесте көрсеткендей, мектеп 
директорларының 85,0%-ы мектептегі зорлық-
зомбылық құрбандарымен жұмыс үшін 
жеткілікті қызметтер мен білікті мамандар бар 
деп есептейді. Олардан зорлық-зомбылық 
оқиғаларын қандай ұйымдармен/мекемелер-
мен үйлестіретіндігін сұраған кезде, 72,5%-ы 
медициналық мекемелермен, 67,5%-ы балалар-
ды қорғау жөніндегі мемлекеттік органдармен 
және 60,0%-ы әлеуметтік сала қызметкерлерімен 
үйлестіретіндіктерін мәлімдеген. Мектеп 
директорларының 20,0%-ы оқиғаларды сот-
тармен және үкіметтік емес ұйымдармен 
үйлестіретіндігін хабарлаған. 
Кейбір мектеп директорлары (15,0%) бала-
лармен жұмыс жасауда қызметтер мен білікті 
мамандардың жетіспеушілігін мойындаған
осы сұхбат мектептерде және/немесе жергілікті 
қоғамдастықтарда жетіспейтін немесе тіпті жоқ 
қызметтер мен білікті мамандарды анықтаған. 
Мектеп директорларының аз ғана бөлігі 
балаларға қолдау көрсету үшін өз мектептеріне 
әлеуметтік педагог пен білікті мектеп психолог-
тарды қажет екендігін атап өткен. Екі мектеп 
директорының мәлімдегеніндей:
«Біздің мектепте балалармен жұмыс жөніндегі 
иенспектор және полиция инспекторының 
болғанын қалар едік. Сөйлеу кемістігі бар ба-
лалар болғандықтан, бізге сондай-ақ логопед 
қажет» [5].
«Бізге білікті психологтар қажет және әлеуметтік 
педагогтердің санын көбейту керек. 1000 балаға 
шаққандағы психологтар мен әлеуметтік 
педагогтердің саны жеткіліксіз болып табылады. 
Білікті мамандар саны көбейтілуі тиіс» [39].
Кейбір мектеп директорлары мектептерінде 
әлеуметтік педагогтер мен психологтардың бар 
екенін мойындаған, бірақ олардың балалармен 
көбірек жұмыс істеуін қалайды. 
«Әлеуметтік педагог балалармен жұмысқа 
уақытты көбірек бөлуі тиіс; бұл психологқа да 
қатысты. Осы мектепте психолог бүкіл сынып-
пен жұмыс жасайды, бірақ әңгімелесуді көзбе-көз 
жүргізуі қажет» [40].
Бір директор полиция инспекторының мектеп-
ке жиі келіп, балалармен жұмыс жасағанын 
қалайтынын мәлімдеген. 
«Мектеп инспекторының жұмысын жетілдіру 
қажет, себебі оның жұмыс кестесі еркін де, ол мек-
тепке бағынбайды. Біз мектеп инспекторының 
алдын алу шараларын ұйымдастырып, балаларға 
көбірек назар аударғанын қалаймыз» [38].
Ата-аналар шеткі ұйым болмаса да, кейбір мек-
теп директорларның мәлімдеуінше, 
«ата-ана-
ларды баланың өміріне көбірек араласу үшін тар-
ту да артықтық етпес еді. Ата-аналардың көбін 
баласының қайда және немен шұғылданып жүргені 
толғандырмайды»
[6]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет