133
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
«Біз әрдайым мәселені өз бетімізше шешуге ты-
рысамыз, бірақ қандай да бір көмек қажет болса,
ауруханаға, аудандық білім беру бөліміне немесе
полицияға жүгінеміз» [5].
«Егер мектепте осындай оқиға орын алса,
біз бұл мәселені дереу шешуге тырыса-
мыз. Ақпараттандыру үшін ата-аналарын
шақырамыз; содан кейін әлеуметтік педагог пен
психологтың көмегіне жүгініп, осы мәселені шешу
үшін күшімізді жұмылдырамыз. Ең ақырында, по-
лиция шақыртамыз» [6].
«Біз ата-аналарға хабар беріп, егер мәселені
мектеп қабырғасында шеше алмайтын болсақ,
сыртқы қызметтерге жүгінеміз. Мектептегі
осындай зорлық оқиғаларын тіркейміз. Егер мұның
да көмегі тимесе, кәмелетке толмағандардың ісі
жөніндегі инспекторға хабар береміз» [21].
Атап
айтқанда, мектеп директорлары балалар
арасындағы зорлық туралы жергілікті білім беру
басқармасына (72,5%), полицияға (67,5%)
және балаларды қорғау бойынша мемлекеттік
органдарға баяндайтындықтарын мәлімдеген.
Мектептегі зорлық оқиғасы туралы полицияға
хабарлаған мектеп директорларының көпшілігі
мектепте жұмыс істейтін инспекторды мегзеген.
Бір директордың түсіндіруінше:
«Егер мектепте инспектор болса, онда ол
мектептің ішкі мәселелерімен айналысатын бо-
лады» [19].
Басқа бірнеше мектеп директоры мектептегі
зорлық-зомбылық оқиғасы туралы мектептен
тыс орналасқан мемлекеттік органдарға ақпарат
ұсыну туралы әңгімелеген.
«Ең алдымен, біз психологқа, содан кейін білім
беру бөлімі мен аудандық ішкі істер бөліміне ха-
барлаймыз. Барлығы қолданыстағы қағидаларға
сәйкес, бұзушылықтың ауырлығына байланысты
болады» [29].
«Біз мәселе туралы дереу білім беру бөліміне баян-
дап, олармен ынтымақтастықта әрекет етеміз,
сосын ішкі істер бөліміне хабарлаймыз» [15].
«Біз аудандық білім беру бөліміне хабар береміз.
Егер бізге дәрігердің көмегі қажет болса,
ауруханаға барамыз. Және, әрине, полиция ин-
спекторынан көмек сұраймыз» [5].
Екі мектеп директорының түсіндіруінше, «бізге
мектептегі зорлық-зомбылық деректері туралы
үлгіні және құқықтық білім беру есебін толтырып,
осы құжаттарды Білім
беру жөніндегі кеңеске
ұсыну қажет» [301].
Басқа директор «әлеуметтік педагогтің
Білім беру жөніндегі кеңеске ай сайын есеп
ұсынатындығын» мәлімдеген [38].
Азын-аулақ мектеп директорлары ғана
мектептегі зорлық-зомбылық оқиғалары тура-
лы сенім телефонына (32,5%), прокуратураға
(27,5%), балалар мәселесімен айналысатын
үЕҰ-ға(20,0%) және/немесе соттарға (10,0%)
хабарлайтындықтарын көрсеткен.
Ақырында, 5.10-кесте
көрсеткендей, мектеп
директорларының 80,0%-ы өткен жылы (2011-
2012 оқу жылы) шеткі ұйымдарға/мекеме-
лерге ақпарат ұсынылған зорлық-зомбылық
оқиғаларының
санын атай алатындығын
мәлімдеген. Алайда тек үш мектеп директоры
(7,5%) өткен жылы шеткі ұйымдарға/мекеме-
лерге мектепте орын алған зорлық-зомбылық
оқиғасы туралы хабарлағанын көрсеткен.
Мектепте зорлық-зомбылық көрген
жағдайларда сырттан қолдау алу
немесе араласу үшін балаларды
бағыттау
Сұхбат мектеп директорларының заңнама немесе
регламент талаптарына сәйкес мектептегі зорлық
оқиғасы кезінде басқа мекемелерден көмек
сұрауға міндетті екендіктерін анықтайтындай етіп
құрастырылған. 5.11-кесте көрсеткендей, мектеп
директорларының 80,0%-ы заңнама немесе ре-
гламент талаптарына сәйкес мектептегі зорлық
оқиғасы кезінде басқа мекемелерден көмек
сұрауға міндетті екендіктерін көрсеткен.
Мектеп директорларына қандай заңнама не-
месе регламент негізінде шеткі мекемелерге
жүгінетіндіктерін көрсетуді сұраған кезде, 72,5%-
ы көрсете алатындықтарын белгілеген. Алайда
мектеп директорлары қандай заңнаманың не-
месе регламенттің
шеткі ұйымдардың көмегіне
жүгінуге міндеттейтіндігін көрсетпеген, сөйтіп 30
әр түрлі нормативтік құжатты атаған.