135
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Басқа директордың пікірінше:
«Бізге және балаларға ата-аналардың тара-
пынан көмек, қолдау қажет. Ата-аналармен
байланысқа түсу жиі қиындық туғызады,
себебі олардың пікірінше, егер баласын мектеп-
ке жіберсе, баланың қамын мектеп ойлауы тиіс.
Олар өз беттерінше әрекет еткісі келмейді және
ең сорақысы, мұны қажет деп таппайды да.
Бұдан басқа мектеп полиция инспекторларының
психология саласында білімі болуы керек деп са-
найды, себебі олар балалармен қарым-қатынас
жасай алмайды; оларға айқайлап, тіпті қоқан-
лоққы көрсетеді» [5].
Мектеп директорларына балалар мен олардың
ата-аналарын
зорлық-зомбылық оқиғасы
кезінде басқа ұйымдарға жіберу тәжірибесі ту-
ралы сұрақ қойылды. 5.11-кесте көрсеткендей,
мектеп директорларының 80,0%-ы заңнамалық
немесе нормативтік акт талаптарын сәйкес
басқа ұйымдарға жүгінуге міндетті екендіктерін
мәлімдегенімен, 5.12-кесте
директорлардың тек
42,5%-ының балалар мен ата-аналарды сыртқы
қолдау мен араласу үшін басқа ұйымдарға/меке-
мелерге жіберетіндігін көрсетеді.
Олардан кімдерге жіберетіндігі туралы сұралғанда,
мектеп директорларының 75,0%-ы медициналық
мекемелерді, 65,0%-ы балаларды қорғау
жөніндегі мемлекеттік органдарды, 62,5%-ы пси-
хологтарды, 60,0%-ы әлеуметтік қызметкерлерді,
55,0%-ы жергілікті
білім беру бөлімін және
52,5%-ы полицияны атаған. Балалар құқығы са-
ласында жұмыс істейтін қызу желілер (35,0%)
мен үЕҰ-ны (12,5%), сот органдарын (10,0%)
санаулы-ақ мектеп директоры көрсеткен.
Мектеп директорларына сондай-ақ өткен жылы
(2011-2012 оқу жылы) қолдау көрсету немесе
араласу үшін зорлық-зомбылық оқиғасы кезінде
шеткі сәйкесінше ұйымдарға
жіберілген балалар
мен ата-аналардың санын атауды сұраған кезде,
директорлардың тек 12,5%-ы осындай мәліметтерді
ұсына алған. Осындай директорлардың арасында
12,5%-ы өткен жылы бір істің жіберілгенін, басқа
директор екі істің жіберілгенін мәлімдеген.
Достарыңызбен бөлісу: