132
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
мұғалімдер қауымдастығы; балалардың
қиындықтарын шешу үшін балалармен, ата-ана-
лармен және мұғалімдермен жұмыс жасайтын
алдын алу жөніндегі кеңес және құқықтық білім
мен балалар құқығы бойынша апта сайынғы
ақпараттық және білім беру семинарлары.
Мектеп директорларына мектептегі зорлық-
зомбылық туралы ақпарат ұсынудың нақты
тәжірибесі туралы сұрақ қойылды. 5.10-ке-
сте көрсеткендей, мектеп директорларының
72,5%-ы зорлық оқиғасы туралы баяндайтын-
дарына сендірген, 7,5%-ы мұндай оқиға тура-
лы мәлімдегені туралы нақты білмеген. Олардан
мектептегі зорлық-зомбылық оқиғасы туралы
кімге мәлімдейтіндіктерін сұраған кезде, мектеп
директорларының көпшілігі балалардың ата-
анасы шешетіндіктерін хабарлаған (85.0%). Бір
директордың түсіндіруінше:
«Тәртіптік жүйе құрылды. Егер балалар шек-
тен шығатын болса, біз олардың ата-аналарына
хабарлаймыз, әрі қарай ата-аналар мектеппен
ынтымақтастықта әрекет етулері тиіс» [36].
Мектеп директорларының көпшілігі мәселені
мектеп ішінде, мектеп мұғалімдерінің және
мамандандырылған қызметкерлердің көмегімен
шешуге тырысатындықтарын мәлімдеген. Атап
айтқанда, мектеп директорларының 82,5%-ы
мектептегі зорлық-зомбылық оқиғалары тура-
лы балалардың оқытушыларына және/немесе
әлеуметтік педагог не мектеп психологына хабар-
ласа, 80,0%-ы мектеп мейірбикесіне хабарлаған.
Кейбір директорлардың түсіндіруінше:
«Ең алдымен, біз мәселені мектеп ішінде шешуге
тырысып, барлық күш-жірегіміз бен қабілетімізді
қолданамыз. Біз әлдеқашан жүйе әзірледік.
Бәріміз бір топ болып ынтымақтастықта
әрекет етеміз» [33].
«Ең алдымен, біз ата-аналарға хабарлаймыз.
Бізде күрделі оқиғалар болмағандықтан, біздің
әрекетіміз ата-аналармен келіссөз жүргізуден
аспайды, сондықтан біз мектептегі бұл
қиындықты ата-аналармен бірлесе отырып
шешеміз» [30].
«Біз балалармен жұмыс істеп, оларды
татуластыруға тырысамыз. Мектепте
қайшылықты шешу жөніндегі комиссия жұмыс
істейді, ол оқушылардың топбасшысынан
(мектеп президентінен), мұғалімдерден және
аға мұғалімнен тұрады. Мемлекет тарапынан да
функционалдық міндеттер бар» [38].
Директорлардың елеулі бөлігі мектептегі зорлық-
зомбылық мәселесін мектеп аясында шешуге күш
жұмсайтындықтарын мәлімдеген; алайда күрделі
жағдайларда және
«қажет болғанда, мектептегі зорлық-зомбылық
оқиғалары туралы өкілетті мемлекеттік
органдарға баяндалатын болады» [37].
үш мектеп директорының түсіндіруінше:
Достарыңызбен бөлісу: