Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау


-кесте. Мектеп территориясындағы қару



Pdf көрінісі
бет95/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

5.5-кесте. Мектеп территориясындағы қару 
Өткен жыл ішінде:
Толық іріктеме
N = 40
n
%
Балалар мектепке қарумен 
келген
1
2,5%
Мектеп директорларының көпшілігі мектептегі 
балалар арасындағы зорлық-зомбылықпен бай-
ланысты қиындықтың болуы туралы құлықсыз 
мойындағанмен, осы мектеп директорлары ара-
сында өткен жылы болған кейбір нақты оқиғалар 
туралы баяндап бергендері де болған. Мысалы, 
бірнеше мектеп директоры балалар арасындағы 
тіл тигізумен байланысты қиындықтар туралы 
және өздерінің осындай психологиялық зорлық-
зомбылықпен күрестегі әрекеттері туралы 
әңгімелеген. 
«Олар (балалар) бір-бірлеріне аты-жөндеріне не-
месе физикалық ерекшеліктеріне байланысты 
тіл тигізуі мүмкін. Олар сондай-ақ ертеректе 
орын алған кейбір оқиғалардың салдарынан бір-
бірін балағаттауы мүмкін… Барлығы да сөзден 
басталады, оқушы басқа балаға тіл тигізеді не-
месе балағаттайды, сөйтіп олар төбелесе ба-
стайды. Біз бұл жайт туралы білген кезде, біз 
оны дереу шешуге тырысамыз, біз қайшылықтың 
туындау себебін және себепкерін анықтауға ты-
рысамыз» [5].
«Кейде оқушылар бір-біріне тіл тигізіп, 
балағаттаған жағдайда, мұғалімдер дереу елең 
етіп, мұндай мінез-құлықтың қайталанбауы 
мақсатында оқушылардың арасында сақтандыру 
әңгімелерін өткізеді. Әрі әрбір сабақ сайын өздерін 
қалай мәдениетті ұстау керектігі жайлы сөз 
қозғайды» [13].
Екінші жағынан, кейбір мектеп директор-
лары балалардың бір-біріне тіл тигізіп, 
балағаттағандарын мойындағанмен, мұны 
мектептегі зорлық-зомбылық нысаны ретінде 
мойындағысы келмеген. Бір директордың 
мәлімдегеніндей: 
«Балалар қызық және ойын үшін 
бір-біріне ат қояды, бірақ бұл тіл тигізу емес» [28]. 
Басқа директор осыған ұқсас жауап берген: 
«Мен 
мұны балаларға тән деп ойлаймын. Олар бір-біріне 
тіл тигізуі мүмкін. Алайда жеке басым төбелеске 
дейін әкелген балағаттау туралы естіген де, көрген 
де жоқпын» [5].
Басқа мектеп диреткорлары өткен жылы 
мектептерінде орын алған балалар арасындағы 
физикалық зорлық-зомбылық туралы сөз 
қозғаған. Кей жағдайларда физикалық зорлық-
зомбылықтың өткен жылы орын алған бірнеше 
мәрте тіл тигізу мен балағаттаудың (құрдастары 
тарапынан тіл тигізу) нәтижесі болғандығы 
анықталған. Төмендегі дәйексөздерде бірнеше 
мектеп директоры өткен жылы мектептерінде 
болған балалар арасындағы физикалық зорлық-
зомбылық оқиғалары туралы және өздерінің 
осы оқиғаларға қалай жауап бергендрі туралы 
хабарлайды. 


128
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
«2011 жылы біздің мектепте сабақтан кейін 
төбелесетін екі 9-сынып оқушысы болған. Бір 
бала басқа баланы жағынан қатты ұрып, зар-
дап шеккен балаға хирургиялық ота жасатуға 
тура келген. Соққы берген бала жетім болатын. 
Зорлыққа барған баламен мектепте әңгімелестік 
те, бұл оқиға туралы ешкімге тіс жармадық. 
Зардап шеккен баланың әкесі оқиға тура-
лы жоғары инстанцияға арыз түсірген, себебі 
алған жарақат пен ота төлеміне қаржы өтеуін 
алғысы келген болатын, алайда бала жетім 
болғандықтан, зардап шеккен баланың әкесі 
ешқандай өтемақы ала алмады. Іс кәмелетке 
толмағандарға арналған мекемеде қаралып, 
олардың шешімі бойынша ол басқа мектепке ауы-
стырылды, себебі ол балаға байланысты қиындық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет