125
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
жылға дейін ауытқыған, мұның өзінде орта-
ша мән 8 жылды құраған. Нақты айтар болсақ,
мектеп директорларының 57,5%-ы мектеп ди-
ректоры лауазымында 1-ден 5 жылға дейін,
20,0%-ы 6-дан 10 жылға дейін, 10,0%-ы 11-
ден 15 жылға дейін, 2,5% -ы 16-дан 20 жылға
дейін және 10,0%-ы 21 жылдан астам жұмыс
істегендерін мәлімдеген. Ақырында, 5.2-кесте
мектеп директорларының барлығы жоғарғы оқу
орындарын тәмамдағандарын көрсетеді.
5.2-кесте. Мектеп директорларының
демографиялық мәліметтері
Толық іріктеме
N = 40
n
%
Жынысы
Әйел
27
67,5%
Ер
13
32,5%
Мектеп директоры ретіндегі жұмыс өтілі
1-5 жыл
23
57.5%
6-10 жыл
8
20,0%
11-15 жыл
4
10,0%
16-20 жыл
1
2,5%
≥ 21 жыл
4
10,0%
Білім алудың жоғарғы деңгейі
Аяқталған жоғарғы білім
40
100,0%
Мектеп директорларының мектептегі
зорлық-зомбылықты түсінуі
Сұхбат мектеп директорларынан олардың
мектептеріндегі зорлық-зомбылықтың жұмыс
анықтамасына қатысты және осы анықтама
балаларға қатысты зорлық-зомбылық түрлеріне
қалай әсер ететіндігі туралы, өткен жылы олардың
мектептерінде орын алған балалар арасындағы
зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің нақты
түрлері туралы ақпарат жинау мақсатында
әзірленді.
5.3-кесте көрсеткендей, мектеп директорларының
тек 27,5%-ы (4-те 1-і) өз мектептерінде күресетін,
балаларға қатысты зорлық-зомбылық түрлеріне
ықпал ететін мектеп зорлық-зомбылығының
жұмысшы анықтамасының бар екендігін
хабарлаған.
Сұхбат көрсеткендей, мектепте
зорлық-зомбылықтың жұмысшы анықтамасының
болмауы салдарынан мектеп директорларының
көпшілігінде мектептегі зорлық-зомбылыққа
қатысты нақты түсінік болмаған. Мектеп ди-
ректорларынан мектеп зорлық-зомбылығына
(немесе мектептегі балаларға қатысты зорлық-
зомбылыққа) анықтама беруді сұраған кезде,
директорлардың басым бөлігі нақты анықтама
бере алмаған. Мысалы, мектеп директорларының
бірі түсіндіргендей:
«Белгілі бір нақты термин
жоқ; біз тек «мектептегі зорлық-зомбылық» деп
айтамыз»
[30]. Осыған ұқсас басқа директор
былайша мәлімдеген:
«Біз мектеп директорынан
мектептегі зорлық-зомбылықтың нені білдіретінін
шамамен түсінеміз; алайда бізде мұның нақты
анықтамасы жоқ… Бізде балаларға қатысты
зорлық-зомбылықпен байланысты қандай да бір
жағдай болған емес, ересектердің тарапынан да,
басқа балалар тарапынан да»
[2].
Достарыңызбен бөлісу: