127
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мектептегі
балалар арасындағы
зорлық-зомбылық пен кемсітушілік
3-тараудағы балалардан сауалнама мен
сұхбат алу және 4-тараудағы мұғалімдер мен
мамандандырылған қызметкерлер құрамының
сауалдамасының
барысында алынған
нәтижелерден өзгеше, мектеп директорла-
ры өткен жылы өз мектептерінде орын алған
зорлық-зомбылық оқиғалары жайлы баяндауға
құлықсыз болған. 5.4-кесте
көрсеткендей, мек-
теп директорларының тек 50,0%-ы өткен жылы
өз мектептерінде болған балалар арасындағы
зорлық-зомбылық және/немесе кемсітушілікпен
байланысты қиындықтар туралы мәлімдеген.
Ішінара, мектеп директорларының тек 27,5%-ы
(4-тен 1-і) балалар арасындағы психологиялық
зорлық-зомбылық
жағдайлары туралы, 17,5%-
ы балалар арасындағы физикалық зорлық-
зомбылық туралы, 12,5%-ы құрдастары та-
рапынан болған мазақтаулар туралы, 7,5%-ы
сексуалды сипаттағы қорлаулар туралы және
2,5%-ы кибербуллинг жағдайлары туралы
хабарлаған. Бұған қоса, мектеп директорларының
22,5%-ы (5-тен 1-і)
өткен жылы өз мектептерінде
болған балалар арасындағы кемсітушілік
оқиғалары туралы мәлімдеген.
5.5-кесте сондай-ақ жалғыз мектеп директорының
өткен жылы мектепке баланың (балалардың)
қару әкелгендігін мәлімдегенін көрсетеді. Осы
нәтиже 3-тарауда берілген мәліметтерге қайшы
келеді, ол бойынша сұрау жүргізілген 4,207
баланың 2,5 %-ы (n=106) өткен жылы мектеп
аусағына қарумен келгендігін хабарлаған. Әрі
балалардың 5,5%-ы (n=233) мектеп территори-
ясында қару таққан бала туралы білген.
Достарыңызбен бөлісу: