Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет91/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

5-ТАРАУ
МЕКТЕП 
ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ 
МЕКТЕПТЕГІ ЗОРЛЫҚ-
ЗОМБЫЛЫҚПЕН БАЙЛА-
НЫСТЫ ТӘЖІРИБЕСІ


123
Б
ұл тарауда мемлекеттік мектептің директорларымен 
жүргізілген сұхбат нәтижесінде алынған деректер 
мен қорытындылар ұсынылған. Тарауда мектеп 
директорларының демографиялық мәліметтері қамтылған. 
Тарауда сондай-ақ мектептегі зорлық-зомбылыққа мектеп 
директорларының көзқарасы және балалар арасындағы 
зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің сипаты мен ауқымын 
және сыныпта балаларға қатысты мұғалімдердің дене 
жазасы мен кемсітуді қолдануын қоса алғандағы мектептегі 
зорлық-зомбылықпен байланысты олардың тәжірибесі 
туралы ақпарат берілген. Ақырында, осы тарау мектеп 
директорларының заңнама және/немесе мектеп зорлық-
зомбылығымен күрес жөніндегі регламент саласындағы әрі 
балаларға қатысты зорлық-зомбылық саласында мұғалімдер 
алған оқулар туралы хабардар болуы туралы мәліметтерден 
тұрады.
Осы тараудың мақсаты мектептің қызметкерлер құрамы 
мен саясатын әзірлеуге жауапты тұлғалар мектептегі 
зорлық-зомбылықты түсіну мен анықтауды жақсарту үшін, 
сондай-ақ мектептегі зорлық-зомбылықты азайту бойынша 
бастамалар әзірлеу және мектепті балалар үшін қауіпсіз 
ортаға айналдыратын бағдарламалар әзірлеу үшін қолдана 
алатын деректер мен қорытындылар ұсыну болып табылады.
Осы тараудағы мәліметтер мен қорытындылар сонымен 
қатар мектептегі зорлық-зомбылықты ертерек анықтап, 
араласуда мектеп қызметкерлерінің құрамы үшін арнайы 
курстар/оқулардың бағдарламалық қамсыздандырылуына 
септігін тигізуі мүмкін. 


124
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мектеп директорларының 
демографиялық деректері
Сұхбат небәрі Қазақстанның 4 өңіріндегі 40 
мектептің 40 директорымен/директордың 
орынбасарларымен жүргізілді (балалар және 
мектеп мұғалімдері мен мамандандырылған 
қызметкерлер құрамына сұхбат алынған мек-
тептер). 5.1-кесте көрсеткендей, 40 дирек-
тордан тұратын іріктеменің ішінде 10,0%-ы 
1-өңірде, 35,0%-ы 2-өңірде, 25,0%-ы 3-өңірде 
және 30,0%-ы 4-өңірде орналасқан. Мектеп 
директорларының көп бөлігі 2,3,4-өңірлерде 
сұратылған, себебі, алдыңғы тарауларда 
түсіндіріліп өткендей, 1-өңірмен салыстырғанда 
осы өңірлердің әрқайсысында мектеп көбірек 
(2.1-кестені қараңыз). Іріктемеге ауыл 
мектептерінің көп қосылуына байланысты 
сәйкесінше қала мектептерімен салыстырғанда 
(45,0%) ауыл мектептерінің директорларынан 
көбірек сауалдама алынды (55,0%). 
Бағалауға қосылған мектептер қазақ, орыс және 
аралас тілді мектептерден тұрды. Сұхбаттан 
өткен 40 мектеп директорының арасында 37,5%-
ы қазақ тілді мектептердің, 22,5%-ы орыс тілді 
мектептердің, ал 40,0%-ы оқыту тілі аралас мек-
тептерден болды. 
5.1-кесте сондай-ақ іріктемеге қосылған мек-
тептер туралы, мектеп директорларынан 
алынған ақпараттарға негізделген мектеп ту-
ралы кейбір демографиялық мәліметтерді 
ұсынады. Осы бағалауға қосылған мектептердің 
көлемі тұрғысынан келгенде, олар барлығы 78 
оқушыдан тұратын шағын мектептерден 2,065 
оқушы оқитын ірі мектептерге дейін ауытқиды, 
мұның өзінде оқушылардың орташа саны 622 
адамды құрайды. 5.1-кесте көрсеткендей, осы 
бағалауға қосылған мектептердің 55,0%-ына 
оқушылар саны 78-ден 499-ға дейін және 27,5%-
ында 500-ден 999 оқушыға дейін. Оқушылар 
саны 1000-нан 1499-ға дейінгі (10,0%) немесе 
1,550-ден артық болатын мектептердің үлесі аз. 
5.1-кесте сонымен қатар оқытушылар саны 20-
дан 155-ке дейін ауытқығанын көрсетеді, мұның 
өзінде орташа саны 66 мұғалімді құрады. Нақты 
айтар болсақ, осы бағалаудағы мектептердің 
42,5%-ында 20-дан 49-ға дейін оқытушы жұмыс 
істесе, 42,5%-ында оқытушылар саны 50-ден 
99 мұғалімге дейін құраған және тек 15,0%-
ында 100-ден астам мұғалім істеген. Бұған қоса, 
мамандандырылған қызметкерлер құрамы 1-ден 
20-ға дейін ауытқыған, орташа саны – бір мек-
тепте төрт мамандандырылған қызметкерден. 
Осы бағалауға қосылған мектердің көпшілігінде 
мамандардың саны 1-ден 4 адамды құраған 
(72,5%); мектептердің 15,0%-ында 5-тен 
9-ға дейін және 12,5%-ында 10-нан астам 
мамандандырылған қызметкер жұмыс істеген. 
5.2-кесте мектеп директорларының 
демографиялық мәліметтерін ұсынады. 
Директорлардың көпшілігін ерлермен 
салыстырғанда (32,5%) әйелдер құраған 
(67,5%). Оларға мектептегі жұмыс өтіліне 
қатысты сұрақ қойылды. Жыл саны 1-ден 35 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет