126
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
зорлық-зомбылық денсаулыққа залал келтірумен бай-
ланысты, ал моральдық зорлық-зомбылық кемсіту
мен қорлаумен тығыз байланысты»
[1].
Мектеп директорларының көпшілігі бала-
лар арасында болатын әрекеттер арқылы
мектептегі зорлық-зомбылыққа анықтама беруге
тырысқанымен, оалар көрсеткен әрекеттер ара-
сында айтарлықтай алшақтық байқалған, мұны
төменде келтірілген цитаталардан көруге болады.
«Мектептегі зорлық-зомбылық – бұл
жоғарғы сынып оқушыларының төменгі сынып
оқушыларынан ақша бопсалауы, оларға қоқан-
лоққы көрсетіп, нашар қылықтарға күштеуі.
Мектептегі зорлық-зомбылық сондай-ақ
оқушылар тарапынан жәбірлеуді қамтиды» [19].
«Зорлық-зомбылық актісі кішкентай оқушыларға
қатысты зорлық-зомбылықты бейнелейді, ол
біреуді қандай да бір әрекетке күштеуді, қыз ба-
лалар арасындағы дауды және ақша бопсалау не
қоқан-лоққыны біріктіреді» [26].
«Балаларға қатысты зорлық-зомбылық – бұл
оқушылар бір-біріне қоқан-лоққы көрсетіп,
бір-біріне дене күшін қолдануы. Бұл сондай-ақ
балалардың біреуді ауыр нәрселер айтып зәбірлеуі
немесе тіл тигізіп зәбірлеу» [29].
«Зорлық-зомбылық – бұл балалар бір-бірімен
қайшылыққа түсіп, төбелесуі және бір-біріне
зәбірлеуі» [12].
Кейбір мектеп директорлары зорлық-зомбылыққа
анықтама берген кезде өз мектептерінде зорлық-
зомбылықтың жоқтығын сендіріп баққан.
«Біздің мектепте балаларға қатысты зорлық-
зомбылық жағдайлары болған емес, бірақ, менің
пікірімше, балаларға қатысты зорлық-зомбылық
– бұл біреуге тіл тигізу, біреуге қоқан-лоққы
көрсету немесе денесіне зақым келтіру арқылы,
пышақ не таяқ секілді қарудың қандай да бір
түрін пайдаланып күш көрсетіп ақша немесе
киім тәрізді заттарын тартып алу» [31].
Мектеп директорларының көпшілігі мектептегі
зорлық-зомбылыққа балалар арасында болатын
зорлық-зомбылық
ретінде анықтама бергенімен,
кейбір директорлар бұл анықтамаға мұғалімдер
тарапынан болатын зорлық-зомбылық актілерін
де қосқан. Екі мектеп директоры түсіндіргендей:
«Мұғалімдер баланың арына тіл тигізгенде, қол
жұмсап, балалардың арасынан өз сүйіктілерін
ерекшелегенде және балаларға қатысты
кемсітушілікті жүзеге асырғанда. Бұл сондай-ақ
мектептері біреуді қорлау немесе ақша бопсалап,
соққыға жығу» [21].
«Бұл оқушылар сабаққа кешігіп, мұғалімнің
айтқанын тыңдамаған кезде оқушылар мен
мұғалімдер арасында туындайды. Бұл үнемі
әлеуметтік қиындық салдарынан бола бермейді.
Балалар да бір-бірен қоқан-лоққы көрсетеді.
Зорлық-зомбылық – бұл балалардың бір-біріне
күш көрсетіп немесе сөзбен белгілі бір әрекетке
мәжбүрлеуі. Қазіргі уақытта балаларды күшпен
не сөзбен мәжбүрлеуге жол берілмейді» [18].
5.3-кестеде көрсетілген сандық мәліметтер
дәйексөздерде ұсынылған сапа көрсеткіштерімен
үйлесімде мектеп директорларының мектептегі
зорлық-зомбылық туралы нақты түсінігінің
жоқтығын және жеткіліксіз түсіну мектеп зорлық-
зомбылығы жағдайларын
анықтау мен тиімді елеу
немесе балалар арасында не мектеп мұғалімдері
мен мамандандырылған қызметкерлер құрамы
тарапына зорлық-зомбылық туындауының алдын
алу қабілетсіздігінің себепшісі болатындығын
дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: