130
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
кемсітушілік оқиғаларының болғандығы жайлы
хабарлаған.
5.6-кесте. Мұғалімдер тарапынан балаларға
қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік
түрлері
Өткен жылы төмендегі
оқиғалар орын алған:
Толық іріктеме
N = 40
n
%
Мұғалімдердің балаларға зор-
лық-зомбылық пен кемсітушілік
көрсетуі (барлық түрлері)
6
15,0%
Мұғалімдер тарапынан бала-
ларға қатысты психологиялық
зорлық-зомбылық
3
8,5%
Мұғалімдердің балаларға қатыс-
ты физикалық зорлық-зомбы-
лық қолдануы (тән жазасы)
2
5,0%
Мұғалімдердің балаларды
кемсітуі
2
5,0%
Мектеп директорларының басым көпшілігі
мұғалімдер тарапынан болған балаларға
қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілікті
мойындағанымен, олардың тек кейбірі өз
мектептерінде мұғалімдер мен мамандар та-
рапынан балаларға көрсетілген физикалық
және психологиялық зорлық-зомбылық
оқиғаларымен байланысты қиындықтар тура-
лы баяндаған. Кейбір директорлар балаларға
зорлық-зомбылық актісін жасаған мұғалімдердің
сөгіс алғаннан кейін өз тәртібін түзегендігін не-
месе жұмыстан өз еркімен шықандығын не
шығарылғандығын түсіндірген.
«Бізде мұғалім балаларға тіл тигізіп, айқайлаған
жағдайлар болды. Біз мұғаліммен әңгімелесіп,
оның әрекетін сынадық; осы оқиғадан кейін бізде
қиындық туындаған жоқ» [5].
«Бастапқыда, мектеп енді ашылған кезде
дене шынықтыру мұғалімі физикалық зорлық-
зомбылық көрсеткен, бірақ оқу жылының
соңында мұғалім басқа жұмыс тауып, жұмыстан
шығып кетті» [40].
«Бұл оқиға мұғалімнің кінәсінен болды. Оқыту
барысында мұғалім баланың қолынан ұрған.
Мұғалім сынып жетекшісі лауазымынан боса-
тылды» [38].
Алайда 3-тарауда көрсетілген қорытынды бой-
ынша, сұрау жүргізілген 4207 баланың 23,9%-
ы өткен жылы мұғалімдер тарапынан зорлық-
зомбылық пен кемсітушілік көргендігін және
4,6%-ы мектеп директорлары тарапынан зорлық-
зомбылық пен кемсітушілік болғанын хабарлаған.
Бұған қоса, 4-тарауда 917 мұғалім мен
мамандандырылған қызметкерлердің 22,4%-
ы мектепте балаларға қатысты психологиялық
және/немесе физикалық зорлық-зомбылық
әдістерін, кемсітушілікті пайдаланғандықтары ту-
ралы мәлімдеген.
Мектепте зорлық-зомбылық
оқиғаларын тіркеу
Сұхбат сұрақтары қандай да бір қағида/ре-
гламентке сәйкес мектеп директорларының
мектептегі зорлық-зомбылық оқиғаларын
тіркеуге міндеттілігін анықтайтындай етіп
құрастырылған. 5.7-кесте көрсеткендей, мек-
теп директорларының 55,0%-ы (2-ден 1-і)
нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес
мектептегі зорлық-зомбылық оқиғаларын тіркеуге
міндетті екендігін мәлімдеген; алайда мектеп
директорларының 7,5%-ы мұны нормативтік
құжаттарға сәйкес тіркеуге міндетті екендіктерін
нақты білмеген. Олардан қандай нормативтік
құжаттарға сәйкес мектептегі зорлық-зомбылық
оқиғаларын тіркеу керектігін айтуды өтінген кез-
де, тек 35,0%-ы (3-тен 1-і) білетіндіктерін айтқан,
5,0%-ы мүлдем білмеген. Мектеп директорла-
ры мектептегі зорлық-зомбылық оқиғаларын
тіркеуде қандай нормативтік құжаттардың та-
лап етілетінін білмеген және әр түрлі 11 құжатты
атаған.
Достарыңызбен бөлісу: