139
К
елесі ұсыныстар Қазақстан үкіметінің Бала құқықтары
туралы БҰҰ Конвенциясы (БҚК) шеңберіндегі адам
құқықтары саласындағы міндеттемелерін басшылыққа
алады және «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері
бойынша БҰҰ бүкіләлемдік баяндамасына» негізделеді. БҚК
балалардың білім алуға құқылы екенін мойындайды және
балаларды «физикалық немесе психологиялық зорлық-
зомбылықтың барлық түрлерінен, сексуалдық тұрғыда
қанауды қоса есептегендегі қорлаудан немесе пайдаланудан,
қамқорлықтың жоқтығынан немесе немқұрайлы қараудан
қорғауды талап етеді» (19-бап) және «қатал, адамгершілікке
жатпайтын және намысты қорлайтын қарым-қатынас пен
зорлық-зомбылық түрлерінен (37-бап) қорғауды талап
етеді». Міндеттемелерді сақтау үшін үкімет «мектептегі тәртіп
баланың адамдық құндылығын құрметтеуді көрсететін және
осы Конвенцияға сәйкес тәсілдердің көмегімен қолдау тауып
отыратындай» барлық қажетті шараларды қолдануы керек
(28-бап). Сондай-ақ, барлық мектептердің кемсітушіліктің
жоқтығы, өз ойын жеткізу еркіндігі және басқа оқушылар мен
қызметкерлер тарапынан қорлық және зорлық-зомбылықтың
басқа түрлерінен қорғау арқылы әрбір баланың құқығын
құрметтеуге шақыруы өте маңызды. Балалар құқықтары
комитеті балаларды зорлау мен кемсітушіліктің осындай
түрлерінен қорғай алмаушылық балаларды білім алу
құқығынан айыруы мүмкін деп санайды (1).
Достарыңызбен бөлісу: