6 ТАРАУ:
ҰСЫНЫСТАР
140
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Осы зерттеуден алынған қорытындылар,
мектептердегі қорлау Қазақстандағы күрделі
мәселе бол табылатынын көрсетеді.
Сауалнамаға қатысқан 4,207 баланың арасынан
66% -ы (3-тен 2-уі) өткен жылы мектептегі зорлық-
зомбылықпен және кемсітушілікпен бетпе-бет кел-
ген (яғни, психологиялық зорлық, күш көрсетіп
зорлау, бопсалаушылық, жыныстық сипаттағы
қорлау және қысым жасау, кибербуллинг және
кемсітушілік). Нақтырақ айтқанда, өткен жылы
балалардың 63%-ы балалардың арасындағы
зорлық пен кемсітушіліктің куәгері болды, 44%-ы
балалардың арасындағы зорлық пен кемсітушіліктің
құрбандары болды және 24%-ы мектепте басқа
балаларға қатысты зорлық және кемсітушілік
әрекеттерін жасады. Балалар арасындағы күш
көрсетіп зорлау көзқарасынан алғанда, өткен
жылы балалардың 53%-ға жуығы (2-ден 1-і) мек-
тепте жәбірлеудің осы түрімен бетпе-бет келді;
балалардың 47%-ы физикалық зорлық-зомбылық
көрсетудің куәгері болды, 21%-ы физикалық
зорлық-зомбылық көрсетудің құрбаны болды және
15%-ы мектепте физикалық зорлық-зомбылық
көрсету әрекеттерін жасады (3- тарауды қараңыз).
Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамының көп бөлігі олар да бала-
лар арасындағы зорлық пен кемсітушіліктің куәгері
болғандарын хабарлады. Іс жүзінде, мұғалімдер
мен мамандандырылған қызметкерлер
құрамының 74%-ы (4-тен 3-і) өткен жылы өз
мектептерінде зорлық пен кемсітушіліктің куәлері
болды. Зорлықтың нақты түрлері туралы айтқанда,
62%-ы балалар арасындағы психологиялық
зорлық-зомбылықтың куәгерлері болды, 52%-
ы физикалық зорлық-зомбылық жасаудың
куәгерлері болды, 32%-ы балалар арасындағы
кемсітушіліктің куәгерлері болды, 9%-ы балалар
арасындағы жыныстық сипаттағы пікір білдіру
мен қысымшылық көрсетудің куәгерлері болды,
8%-ға жуығы кибербуллингтің куәгерлері бол-
ды және 7%-ы балалардың басқа балалардан
күшпен ақша алуының куәгерлері болды.
Осы зерттеудің қорытындылары балалар сондай-
ақ мектеп директорлары, мұғалімдері және
мамандандырылған қызметкерлері тарапы-
нан зорлық көретінін дәлелдеді. Атап айтқанда,
балалардың 24%-ға жуығы (4-тен 1-іне жуығы)
мұғалімдер балаларға қатысты зорлық және/
немесе кемсітушілік тәсілдерін қолданатынын
хабарлады. Нақтырақ айтқанда, өткен жылы
балалардың 16%-ы мектеп мұғалімдері оларға
қарсы психологиялық зорлықты қолданғанын
хабарлады, 13%-ы мұғалімдер оларға қарсы
физикалық зорлық жасағанын хабарлады,
және 5%-ы мұғалімдер оларды кемсітушілікке
ұшыратқанынхабарлады. (3 - тарауды қараңыз).
Сонымен қатар, өткен жылы мұғалімдер мен
мамандандырылған қызметкерлердің 22%-
ы (5-тен 1-і) психологиялық және физикалық
зорлық-зомбылық жасау балалар арасын-
да тәртіпті сақтау үшін қолданылатындығы
туралы хабарлады. Атап айтқанда, мек-
теп қызметкерлерінің 9%-ы психологиялық
зорлықты пайдаланған және 15%-ы балалар
арасында тәртіпті сақтау үшін физикалық зорлық-
зомбылықты пайдаланған, және 4%-ы балалар-
ды кемсітушілікке ұшыратқан. Кейбір мұғалімдер
мен мамандандырылған қызметкерлер (5%)
сондай-ақ балаларға тәртіптік әсер ету шарала-
ры ретінде дене еңбегін пайдаланған (мысалы,
сынып бөлмелерін, дәретханаларды және ойын
алаңын жинау). Соңында, өткен жылы мұғалімдер
мен мамандандырылған қызметкерлердің 20%-
ы балаларды мектеп директорына жазалау үшін
жіберетінін хабарлады, және балалардың 5%-ға
жуығы мектеп директорлары оларды зорлыққа
немесе кемсітушілікке ұшырататынын хабарлады.
Балалармен жүргізілген сұхбат және сауална-
ма барысында алынған мәліметтер мектептегі
балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың
куәгерлері болған балалардың 32%-дан 33%-ға
дейіні болған жайт туралы ешкімге айтпағанын,
және зорлық құрбаны болған балалардың 23%-
ы оларға көрсетілген зорлық туралы ешкімге
айтпағанын көрсетті.
Сұхбат мәліметтері мектептердің көбінде
балалардың мектептегі зорлық-зомбылық
мәселелеріне байланысты үндемей қалу
мәдениетінің қалыптасқанын көрсетті. Балалар
мектепте зорлық жасаған адамдар (яғни
бұзақылар) олардан ақпаратты жариялағаны үшін
өш алады деген қорыққандықтан, үндемей қалады.
Мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны болған
балалардың кейбіреулері егер олар біреуге ай-
тып қойған жағдайда, оларға одан да қатаң және
қатыгез зорлық-зомбылық жасайды деп қорқады..
Егер балалар зорлық туралы біреуге айтса, онда
көбінесе ата-анасына, бауырлары мен достары-
на айтады; балалар мектептегі зорлық-зомбылық
жағдайлары туралы директорларға, мұғалімдерге
немесе мамандандырылған қызметкерлерге өте
сирек айтады.
141
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Төменде баяндалған ұсыныстар Қазақстан
мектептерінде зорлық-зомбылық және
кемсітушілік деңгейінің алдын алу және төмендету
бойынша әрекеттердің кешенді ұлттық жоспарын
дайындау үшін нұсқау ретінде қызмет ете ала-
ды. Осы ұсынымдардың мақсаты мемлекеттік
органдарға, білім беру органдарына, мектеп
директорларына, мұғалімдерге, оқушыларға
және басқа құрылымдарға зорлық-зомбылық
көрсетілмейтін мектеп құруға жәрдемдесу болып
табылады.
ЗАҢНАМАЛЫҚ ШАРАЛАР
4 және 5-тараулар мектеп мұғалімдері мен
мамандандырылған қызметкерлердің тек қана
50%-ы және мектеп директорларының 55%-
ы нормативтік актілер/жұмыс тәртібі талап-
тарына сәйкес мектептегі зорлық-зомбылық
көрсету жағдайларын тіркеуге немесе еске-
руге міндетті екендерін хабарлайтындарын
көрсетеді (мұғалімдер мен мамандардың 19%-
ы және мектеп директорларының 7%-ы олар
нормативтік актілерге сәйкес осыны орындауға
міндеттілігін/міндетті еместігін білмейді).
Сонымен қатар, мектеп директорларының 52%-
ы олардың мектептерінде мектептегі зорлық-
зомбылық жағдайлары туралы ақпаратты
ұсынуға қатысты сақталатын нақты директивалар
мен хаттамалар бар екендігін хабарлады. Мектеп
директорларының өте аз бөлігі қандай ресми
саясат немесе жұмыс тәртібі оларды балаларға
қатысты зорлық жағдайлары туралы тіркеуге не-
месе баяндауға міндеттейтінін анықтай алды.
4 -тарау сондай-ақ мұғалімдер мен
мамандандырылған қызметкерлердің тек 36%-ы
ғана мектептердегі мұғалімдер қолданатын дене
жазаладырды реттейтін нормативтік акт/сая-
сат туралы білетіндіктерін және мұғалімдер мен
мамандандырылған қызметкерлердің 28,4%-
ы мектептерде балаларды физикалық зорлық-
зомбылық көрсететін мектеп қызметкерлерін
тәртіптік жауапкершілікке тартуға қатысты
нормативтік актілер/саясат туралы білетіндігін
көрсетті. Таңғалдыратын жайт, мұғалімдер мен
мамандандырылған қызметкерлердің 31%-дан
33%-ға дейіні мектептерде балалар арасында
тәртіпті сақтауға және/немесе дене жазаларын
пайдалануға қатысты қандай да бір нормативтік
актілер немесе саясат туралы білмегендерін
көрсетті.
Барлық балалардың құқықтары сақталатын және
көтермеленетін, зорлық көрсетілмейтін ортаға
кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін тәртіпті
сақтау және балаларды бақылау үшін бала-
лар арасында зорлық-зомбылық пен қорлықты
және мектеп қызметкерлерінің тән жазаларын,
қатаң және намысты қорлайтын жазалауды қоса
есептегенде мектептердегі балаларға қатысты
зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне тый-
ым салатын нақты құқықтық негіздер, саясаттар
және нормативтік ережелердің қатарын жасау
қажет. Сондай-ақ, мектептегі зорлық-зомбылық
жағдайлары туралы балалар арасында және
балаларға қатысты мектеп қызметкерлерінің та-
рапынан ақпараттың міндетті ұсынылуы талап
етіледі.
1 -ұсыныс: Тән жазасы мен қатаң және намысты
қорлайтын жазалардың басқа түрлерін қоса есеп-
тегенде, зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің
барлық түрлеріне тыйым салатын заңнаманың бо-
луын қамтамасыз ету.
«Балаларға қатысты зорлық көрсету мәселелері
бойынша БҰҰ-ның бүкіләлемдік баяндамасы»
қылмыстық қол сұғушылық туралы заңдар білім
беру мекемелеріндегі физикалық жазалау не-
месе тән жазасы және басқа қатаң, намысты
қорлайтын жазалау түрлеріне тыйым ретінде
сирек түсіндіріледі. Іс жүзінде, осы зерттеудің
нәтижелері мектептердегі балаларға қатысты
зорлық-зомбылыққа нәтижелі әрекет етуге
арналған заңнама жоқ, не болмаса нәтижесіз
жүзеге асырылады немесе қолданылатындығын
көрсетеді.
Бұл қорытындылар мектептердегі балалардың
қорғанысы мен күтімін реттейтін және мек-
тептерде директорлар, мұғалімдер және
мамандандырылған қызметкерлердің балаларға
қатысты әрекетін және қарауын реттейтін
заңнаманың мұқият талдауын жүргізу, сондай-ақ,
қатаң және намысты қорлайтын жазалаулардың
басқа түрлерімен бірге физикалық және тән
жазаларын қоса есептегенде, мектептегі
балаларға қатысты зорлықтың барлық түрлері
үшін қылмыстық жаза жүргізу қажет екендігін
көрсетеді.
Сонымен бірге, мектептердегі балаларға қатысты
зорлыққа қарсы әрекет ететін заңнаманың
мұқият талдауын жүргізу қажет. Осы зерттеудің
қорытындылары негізінде заңнаманың құрылуы
142
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
немесе өзгертілуі және/немесе балаларға қатысты
зорлықтың барлық түрлері мен тән жазасына тый-
ым салатын қолданыстағы заңнаманың жүзеге
асырылуының анықталуын және мониторингін,
сондай-ақ, мектеп директорлары, мұғалімдері
және мамандандырылған қызметкерлер үшін
олар мектептерде балаларға қатысты зорлық-
зомбылықтыты жасаған немесе зорлыққа назар
аудармаған жағдай орнаса (балалар арасында
немесе мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері
тарапынан), мектеп директорлары, мұғалімдері,
мамандарды тәртіптік жауапкершілікке тарту
және жұмыстан шығару себебін, тарту рәсімдерін
анықтайтын мектеп директорлары, мұғалімдер
және мамандандырылған қызметкерлерге
арналған ресми тәртіп кодексін орнатады. Бұл
заңнаманың БҚК (Балалар құқығы туралы кон-
венция) және адам құқығы бойынша басқа
құжаттарға сәйкес келуі маңызды.
Берілген нәтижелер Қазақстан үкіметіне
заңнаманы ғана емес, мектептердегі балаларға
зорлық жасау мәселелерін шешетін және мектеп-
терде балаларды қорғау және күту мәселелерін
кеңірек қамтитын заңнамамен тиімді және
дәйекті қамтамасыз ететін механизмдерді
де енгізу қажет екендігін көрсетеді. Құқық
реформасының тиімділігін қамтамасыз ету және
қойылған мақсаттарға жету үшін мектептерде
жұмыс істейтін және балалармен байланысатын
барлық мектеп директорлары, мұғалімдері және
мамандандырылған қызметкерлер, сондай-ақ,
балаларды қорғау жүйесінде жұмыс істейтін
барлық адамдар үшін оқыту/курстар жүргізу
қажет (мысалы, балалардың қорғанысына жа-
уап беретін лауазымды тұлғалар/мемлекеттік
қызметкерлер, әлеуметтік қызметкерлер, по-
лиция, прокуратура органдары мен сот
қызметкерлері және судьялар).
Мақсаты - мектеп директорлары, мұғалімдер
және мамандандырылған қызметкерлердің
балаларға қатысты дене жазалауы және басқа
қатаң және намысты қорлайтын жазалау түрлерін
қолдануын тоқтату болу керек.
Басты назарды мектептерде зорлық жасамай
оқытудың әдістерімен және білім беру стратегия-
ларымен және тәртіптік шаралармен қамтамасыз
етуге аудару қажет. Білім беру органдары
қолданылатын білім беру және оқыту стратегия-
лары мен тәртіптік шаралар үрей ұшыру, қорқыту,
қорлау немесе күш жұмсауда негізделмеуін
қамтамасыз ету керек (2).
Сонымен бірге, Қазақстан үкіметі мектептердегі
зорлық-зомбылық көрсету мәселелерін ше-
шуге қатысты заңнама мен нормативтік
ережелерді жүзеге асырудың жүйелі және
дәйекті мониторингін қамтамасыз ету жөніндегі
тетіктерді дайындау үшін халықаралық ұйымдар
және жергілікті үкіметтік емес ұйымдармен (ЖүҰ)
қызметтес болғаны маңызды.
2-ұсыныс: Мектептердегі балаларға қатысты
жасалған зорлық-зомбылық жағдайлары туралы
міндетті ақпарат беру
Тиімді заңнамада мектептегі зорлық жағдайлары
туралы ақпараттың міндетті тіркелуі, есеп-
ке алынуы және ұсынылуы қажет. Кез келген
ақпаратты міндетті ұсынуға қатысты заңнама
мен саясат ұсынылуға міндетті ақпарат,
ақпарат ұсынылмағаны үшін жазалау шара-
лары қолданылатын және мектептегі зорлық-
зомбылық жағдайлары туралы өз еркімен
баяндаған адамдар үшін азаматтық, қылмыстық
және әкімшілік өндіруден қорғау жағдайларын
нақты анықтаумен қамтамасыз еткені маңызды.
Қараудың тиімді процедуралары, сонымен қатар
шағымдардың қаралуына жауап беретін және
мектепте басқа балалар мен қызметкерлер тара-
пынан жағымсыз әрекеттен бала немесе мектеп
мұғалімін/қызметкерін қорғауды қамтамасыз
ететін тәуелсіз органдардың (мектептен тыс)
құрылуын да қамту керек.
Бұл тәуелсіз органдар аймақтық немесе жергілікті
деңгейлерде жұмыс істеуші еді. Сонымен қатар,
Адам құқықтары бойынша ұлттық орталық
және ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитеті
шағымдарды қарастыру үдерісіне қатысқаны
маңызды.
Сонымен қатар, баяндалған мектептегі қорлық
жағдайларының құзыретті органдармен міндетті
зерттелуін алдын ала қарастыру қажет.
АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ АРАЛАСУ
Халықаралық зерттеулер мектептегі зорлықты
тоқтатуға және олардың санын азайтуға бо-
латынын көрсетеді. Алайда негізгі себеп бо-
лып білім беру органдарын, мектеп дирек-
торларын, мұғалімдерді, мамандандырылған
қызметкерлерді, ата-аналар мен балаларды
қамтитын мектептегі зорлықты қысқарту және
143
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
алдын алу бағдарламалары бар ұлттық заңнама
мен нормативтік актілердің өзара әрекетін
қамтамасыз ету болып табылады.
Халықаралық әдебиет мектепте зорлықтың алдын
алу және оған қарсы әрекет ету бойынша тиімді
(тиімсіз), бағдарламалық және стратегиялық
бастамалардың кең көлемін құжаттандырған
зерттеулердің үлкен және үдемелі көлемін
көрсетеді (3,4,5).
6.1- кестесінде зорлық санын төмендету бой-
ынша мектеп бағдарламаларының бөлігі болып
Достарыңызбен бөлісу: |