118
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
мұғалімдерді құрметтеуге үйретеді (5,0%) деп
ойлайтынын хабарлаған. Ақырында, мұғалімдер
мен мамандандырылған қызметкерлердің
10,9%-ы мектеп директорының балалар ара-
сында тәртіптік қолдау үшін дене жазасын қалай
қолдану керектігінен хабардар оқытушыларды
артық санайтынын мәлімдеген.
Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлердің демографиялық мәліметтері мен
олардың дене жазасын қолдауы арасындағы бай-
ланысты анықтау мақсатында талдау жүргізілді.
Дене жазасын қолдауларына қатысты мұғалімдер
мен мамандар арасында ешқандай жыныстық,
қалалық немесе ауылдық айырмашылықтар
байқалмағанымен, респонденттердің жасымен
және олардың мектептегі жұмыс өтілімен бай-
ланысты ерекшеліктер анықталды. 4.13-сурет
көрсеткендей, жасы үлкен мұғалімдермен және
мамандандырылған қызметкерлер құрамымен
(40 жас және одан үлкен) салыстырғанда, жас
оқытушылар мен мамандар (20-дан 29 және 30-дан 39 жасқа дейінгі) мектепте дене жазасын
қолдануды көбірек қолдайды.
4.14-сурет сондай-ақ мектептегі жұмыс өтілі
жоғары мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлермен салыстырғанда жұмыс өтілі
аз оқытушылар мен мамандардың (1 жылдан 5
жылға дейін) мектепте дене жазасын айтарлықтай
көп қолдайтынын көрсетеді.
Дене жазасын қолдау мен сыныптағы балалар
арасындағы тәртіптің сақталуы арасындағы бай-
ланысты түсіну үшін талдау жүргізілді. 4.19-кесте
Достарыңызбен бөлісу: