376
«Ақ жүністей жолдасым!
Әйел де болсаң мұңдасым!
Қолаң шашты, қой көзді,
Әйелде ару сен едің,
Аш арыстан жүректі,
Балуан,
жолбарыс білекті,
Жігіттің мәрті мен едім!»,
деп берілген. Түпнұсқадағы қалпын 2003 жылғы жинақ сақтаған. Біз
осы нұсқаны негізге алдық.
Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «
Мұнда көлденең жуан
сызық ұлы кезеңдерді көрсетеді, жіңішке сызық кіші кезеңді
көрсетеді
» деген сөйлем 1991 ж. басылымда кездеспейді.
Тармақ ұйқастығы.
Түпнұсқа мен 1991 ж. жинақта көрсетілген
ұйқас түрлерінің мына реті «
1-ші, 2-ші, 4-ші тармағы
», 1989 ж. басы-
лымда «бірінші, екінші, төртінші тармағы» болып, сөзбен берілген.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі
Түпнұсқаның осы тарауында кездесетін
«
..
.қара сөз деп,
көрнекі лебізді сөздерді дарынды сөз деп атау қолайлырақ. Әдетке
қарамай..
.» деген сөйлем 1989 ж. жинақта дұрыс ретін тапқан
да, ал 1991 ж.
жинақта
«...дарынды сөз деп атау қолайлырақ
әдетке қарамай..
.» болып, қос сөйлем бірігіп, өзгеріске ұшыраған.
Түпнұсқада:
«Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, сөз мағына
жағының күштілігімен жағады»
деген
сөйлемдегі
«
көркемдігімен»
сөзі 1991 жылғы жинақта:
«...келістілігімен, мағына...»
деп өзгеріске
ұшыраған және «сөз» деген сөзі сөйлемге кіріспеген. 1989 жылғы ба-
сылымда түпнұсқаға сай берілген.
Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы:
«...салынып, сүгіреті толық
меңзеуі мерген, қисыны қызық болсын, сөз әсерінің күшімен көңілге
ұнауы көбірек көзделеді»
деген сөйлем 1991 жылғы жинақта:
«...са
-
лынып, сөз әсерінің күшімен көңілге ұнауы көбірек көзделеді»
деп
қысқартылған.
Түпнұсқа мен 1991 жылғы жинақтағы«
...алынып сөз қалады:
қатта қисынын келтіріп, болмаған нәрсені болғанға...»
деген
сөйлемнің
«қатта»
сөзі 1989 жылғы басылымда
«
хатта»
болып
берілген.
«...дарынды сөздің арасындағы парық жұмсалатын ор
-
нына, қызметіне...»
деген сөйлемдегі
«парық»
сөзі түпнұсқа мен
1989 жылғы басылымда бірдей жазылса, 1991 жылғы басылымда
«даралық»
болып өзгерген.