А. Байтурсынов 1-том final indd


Ауысу да екі түрлі болады



Pdf көрінісі
бет58/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

Ауысу да екі түрлі болады: 
1) тіл ауысуы; 2) лұғат ауысуы. 
Мұнда да әдетті ауысу тілдікі болады да, айтушының сөзіндегі 
ауысу лұғаттікі болады. Лұғаттағы ауысу жоғарыда келтіріл-
ген мысалдардағы, тілдегі ауысу мәселен, суық сөз, суық жел, 
қызыл тіл, бақыт құс, ми ашыған, ант ұрған, жын қаққан сияқты 
сөздер.
Алмастыру
Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, 
бірінің орнына бірін айту төмендегі түрі болса, андай ауысты-
ру – 
алмастыру
 
деп аталады.
Мысалдар:
«Анау үйдің құдасы келіп жатыр» дейміз. Құда үйдікі емес, 
ол үйдегі адамдікі, үй мен үй иесінің арасы жақындығынан 
бірінің орнына бірін айтамыз.
«Ауыл ұйқыда жатыр» дейміз. Ауыл ұйықтамайды, ада-
мы ұйықтайды. Ауыл мен ауылдағы адам екеуінің арасында 
жақындық барлығынан адамның орнына ауылын айтамыз.
Біреудің қолы жүйрік, шапшаң жазады дегеннің орнына 
«қаламы жүйрік» дейміз (қол мен қалам жақындығы).
«Ет берілді ме?» дегеннің орнына «табақ тартылды ма?» 
дейміз яғни тамағын табағына алмастырып айтамыз. Сол 
сияқты «Неше аяқ іштің?», «Неше кесе іштің?», «Неше шелек 
құйдың?» дейміз (қымыз орнына аяғын, шай орнына кесесін, 
су орнына шелегін алмастырып айтамыз).


177
Үстіне кигені кілең жібек иә кілең былғары дейміз (киім ор-
нына жасалған нәрсесін айтамыз). Ақсұлу мен Кеншімбайдың 
айтысқан өлеңінде Кеншімбайдың сөзінде былай деген жері 
бар:
Жаппастың сап-сары алтын жиған мүлкі,
Меймандос, келсе қонақ барша жұрты.
Шығады қыз, бозбала серуенге,
Үстіне масаты мен киіп құлпы.
Мұндағы алтыннан істелген бұйымдардың орнына бұйым- 
дардың істелген затын – алтынды айтып отыр. Масаты мен 
құлпыдан істелген заты – масаты мен құлпының өздерін алып 
отыр.
Абайдың сөзінен яки кітабынан көшіріп жаз деудің орнына 
«Абайдан көшіріп жаз» дейміз. Сөзінің орнына иесін атаймыз.
Кейіптеу
Жансыз нәрсені жанды нәрсенің күйіне түсіріп, тұрпаттау 
кейіптеу 
деп айтылады. «Қылышын сүйретіп қыс келеді» де-
генде қиялыңа қылыш сүйреткен адамның сүгіреті келіп түседі. 
Қыста қылыш та жоқ, қылыш сүйрететін күйі де жоқ. Жан-
сыз қысты жанды адамның күйіне түсіріп, адамның істейтін 
ғамалын телігендіктен, қыс бізге адам сүгіретінде келіп көрініп 
отыр.
1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.
 (Абай)
2. Асау Терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарып. 
Арыстанның жалындай бұйра толқын
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып.
Кавказдан шықты жайнап, қылып у-шу,
Түзу жерден жол кернеп, ұлғайды су.


178
Қалың қайрат бойында, беті күліп,
Момынсынған пішінмен ағады қу.
Кавказдай құзда туған перзенттенмін,
Бұлттың суын ішіп ержеткенмін.
Қазбектен ағам сені көксеп шығып,
Кім қақтықса, жолымда күйреткенмін.
Зор кеуде азаматтың айласына
Көнбей бүкіл күшімді көрсеткенмін.
Екі езуім көпіріп айғайласам,
Шын құтырсам шың-тасты тербеткенмін.
Аптығып асау інің келді, ақсақал!
Тау-тасқа, адамзатқа келіп жанжал.
Демалайын деп келдім аш, қойныңды,
Сәлем-сауқат әкелдім, хош көріп ал.
 (Абай)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет