Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет107/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
- внедрение на предприятиях безотходных процессов; 
- использование нового, передового оборудования [1,5].
ЛИТЕРАТУРА
1 Наркевич И. П. Утилизация и ликвидация отходов в 
технологии неорганических веществ / И. П. Наркевич, В. В. 
Печковский. М. : Химия, 1984. – 240 с.
2 Статья Производство серной кислоты – источник загрязнения 
природной среды, приводящий к экологическим проблемам. О. А. 
Субботина: [Электронный ресурс]. 2022. URL: https://greenologia.
ru/eko-problemy/proizvodstvo-sernoj-kisloty.html (Дата обращения: 
29.04.2023).
ХИМИЯ КУРСЫ БОЙЫНША КӨП ДЕҢГЕЙЛІ 
ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
ҚАБАҚБАЕВА Н. А.
магистрант, Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ.
МУКАТАЕВА Ж. С. 
х.ғ. к., қауымд. профессор, Абай атындағы
Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ.
Бұл зерттеу тақырып талдаған кезде оқытушы оқушыларға 
алған білімдерін теориялық түрде қолдануды және игерген 
білімдерін көп деңгейлі тапсырмалар арқылы тексеруді үйретеді. 
Оқушыларға көп деңгейлі тапсырмалар беру арқылы, әр түрлі 
жұмыстар жүргізіліп, білімдерін көп деңгейлік тапсырмалар арқылы 
жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Көп деңгейлі тапсырмалар 
оқушыларды негізінен шығармашылыққа және сабаққа деген 
белсенділін арттыруға көмектеседі.
Кіріспе
Оқушылардың оқудағы басты мақсаты білім алу және сол алған 
білім негізінде өздерін дамыту мен оқуға деген икемделіктерін, 
қабілеттерін шыңдай білу. Қазіргі уақытта білім алушылардың 
білім деңгейінің қаншалықты терең екендігін және оны тексерудің 
әртүрлі оқыту тәсілдері бар.
Оқыту дегеніміз – қайталаулардың немесе тәжірибенің 
нәтижесінде адамның мінез құлқы мен жүріс-тұрыс ерекшелігінде 
орын алатын, ұзақ уақытқа созылатын өзгеріс [1]. Оқытудың жаңа 
технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді 
көп деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. 
Көп деңгейлі оқыту – бұл оқу материалын игерудің әртүрлі 
деңгейі қабылданатын технология, яғни бір оқу материалының 
тереңдігі мен күрделілігі А, Б, С деңгейіндегі топтарда әртүрлі, бұл 
әр оқушыға оқу материалын игеруге мүмкіндік береді. Оқушының 
іс-әрекетін бағалау критерийі ретінде оның осы материалды игеруге, 
оны шығармашылықпен қолдануға күш салуы қабылданады. Білім 
беру стандарттарында белгіленген тақырыптар оқытудың барлық 
деңгейлері үшін бірдей болып қалады. Бұл ретте оқу бағдарламасын 
базалық деңгейден төмен деңгейде меңгеруге жол берілмейді 
[2]. Көп деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ 
барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында [3]. 
Көп деңгейлі оқытудың негізгі міндеттері:
– Белгілі бір сынып оқушыларының жеке-жеке ерекшеліктерін 
анықтау, типологиялық топтарды бөлу;
– Әр білім алушының оқу-танымдық мүмкіндіктерін дамытуды 
қамтамасыз ететін көп деңгейлі оқу материалын таңдау және 
әзірлеу;
– Көп деңгейлі тапсырмаларға талаптар мен бағалау жүйесін 
анықтау;
– Оқушының жеке басын дамыту үшін оқу процесінде жағдай 
жасау.
Зерттеу материалдары мен әдістері
Химия курсында көп деңгейлі білім туралы көбірек айтылады, 
өйткені кез келген сыныпта материалды тез игеретін және өте 
қабілетті оқушылар бар. Бұл факт үш деңгейлі күрделіліктегі 
бақылау жұмыстарында ескеріледі. Оқушылардың өздері қиын 
тапсырманың бірін немесе басқа деңгейін таңдай алады. Күрделі 
деңгейдегі тапсырмалар химияға қызығушылық танытатын 
оқушылардың дамуына ықпал етеді, ал оңай деңгейдегі тапсырмалар 
үлгерімі төмен оқушылар үшін материалды тереңірек түсінуге деген 
ұмтылысты тудырады. Егер тапсырма күрделі болып шықса. Оқушы 
жеңілірек деңгейдегі тапсырманы қабылдауы мүмкін.
Көп деңгейлі тапсырмаларды сабақтың әртүрлі кезеңдерінде 
қолдануға болады, кейде оның жеке элементтерін ғана қосқан 
жөн. Егер жаңа материал фронтальды түрде берілсе, деңгйлік 
дифференциацияны жаңа материалды бекіту кезінде, үй тапсырмасын 
беру және тексеру кезінде, сондай-ақ тексеру жұмыстарын жазу 
кезінде қолдануға болады [4].


200
201


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет