Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет54/123
Дата17.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#197441
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   123
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

4.5 Тірек сөздер
Тірек сөздер 
(түйін сөздер) дегеніміз - мәтіннің өн 
іында кездесетін және басқа түйін сөздермен бірлесе
79


сондықтан оларды оқырманға түсінікті болуы үшін мақаланың басында 
аңдатпадан кейін беру керек.
Тірек сөздер жиынтығын қалай дұрыс құру керек?
Тірек сөздер нені бейнелеуі тиіс? Тірек сөздер мақаланың барлық 
терминологиялық қорын қамтуы керек, яғни:
мақалада қандай терминдер қолданылады?
мақала қандай терминдермен логикалықжағынан байланысты болуы 
мүмкін?
Мақала үшін тірек сөздерді қайдан іздеу қажет? Тірек сөздер ретінде:
мақала атауынан;
мақала аңцатпасынан;
мақала мәтінінің кіріспе, негізгі және қорытынды бөліктерінен 
терминдер алынуы мүмкін.
Тым кеп тірек сөздер пайдаланудан қорықпаңыз. 3-4 сөз мақаланың 
сипатынкерсетугежеткіліксізболады.Дұрысы-мәтінкөлемінебайланысты 
10-15 сез қолдану. Әрбір қосымша тірек сөз оқырманның мақаланы 
оқуға деген қызығушылығын тудыруы мүмкін. Негізгі терминдермен 
қоса күрделі терминдерді де қолданыңыз. Мысалы, бухгалтерлік есепке 
қатысты мақалада 
қаражат, бухгалтерлік есеп
сөздерімен бірге 
негізгі
қаражаттың бухгалтерлік есебі
сияқты күрделі терминдерді қолдануға 
болады, алайда тым күрделі сөздерді қолданбаған жен. Кейде үш 
сөзден артық күрделі сезді бірнеше тірек сөзге белуге болады. Мысалы, 
мәліметтерді талдау мен еңдеу
дегеннің орнына 
мәліметтерді өңдеу,
мәліметтерді талдау
деп берген дұрыс.
Әрбір тірек сөз - бұл дербес элемент. Тірек сездер жалқы мағынада 
болуы керек. Мысалы, 
адам капиталы, оның бағасы
деп қолданған 
дұрыс емес, оның орнына 
адам капиталы, адам капиталын бағалау
деген жөн.
Тірек сөздерді үтір арқылы бөлесіз.
Ғылыми мақалаларда тірек сөздердің қазақша, орысша және 
ағылшынша берілгені дұрыс. Ағылшын тілінде сапалы жазылған аңдатпа 
(аЬзІгас* //з и т т а гу ):
а) шетелдік ғалымның сіздің өз тіліңізде жазған мақалаңыздың 
мазмұнымен қысқаша танысып, оны толық мәтінін оқып шығуға мүмкіндігі 
болмаса да, қызығушылық танытуына;
ә) орыс не қазақ тілін білмейтін ғалымның мақала бойынша түсінік 
алуына жағдай жасауға;
б) сіздің мақалаңыздың үзінділерін шетелдікғалымдардың дәйектеме 
ретінде пайдалануына мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, сапалы құрастырылған аңцатпа қазіргі ақпараттар 
ағыны дәуірінде ғалымдардың уақытын үнемдеп, аз уақытта мақала 
туралы жалпы түсінік, ақпарат алуына көмектеседі.
80




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет