Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет52/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser

(2-қосымша).
Анықтау эксперименттің келесі зерттеу кезеңінде зерттелінушілер 
жауаптарын талдау нәтижесі бақылау тобында 55 студенттің ішінен 19 адам, 
яғни 34% пайызын когнитивтік компоненті қамтыды, ал эмоционалдық 
компоненті бойынша 20 респодент қолдап, 36% пайызын құрады, мінез-
құлықтық көрсеткіштерді зерттелуші саны 16 болды, яғни 30% пайызын 
құрады. Ал эксперименттік топта 65 зерттелуші қатысып, оның когнитивтік 
компоненті бойынша зерттелуші саны, 26 адам, яғни 40 % пайызын құрады, 
эмоционалдық компоненті бойынша зерттелушілер саны 21 болды, яғни 33% 
пайызын құрады, мінез-құлықтық компоненті бойынша қатысқан 
зерттелушілердің 18 адам, яғни 27 % пайыздық көрсеткіштерді көрсетілген 
(12 - кесте). Р.В. Овчарованың «Идеалды ата-ана жөніндегі түсініктері» 
семантикалық дифференциация әдістемесі бойынша бақылау және 
эксперименттік топтардың анықтау экспериментіндегі көрсеткіштерінің 
диаграммасы (9-суретте бейнеленген). 
Кесте 13
– Р.В.Овчарованың «Идеалды ата-ана жөніндегі түсініктері» 
әдістемесі бойынша анықтау экспериментіндегі көрсеткіштері (%)
№ 
Көрсеткіштер 
Бақылау тобы БТ (55) 
Эксперименттік топ ЭТ(65) 

Когнитивтік 
19 (34%) 
26 (40%) 

Эмоционалдық 
20 (36%) 
21(33%) 

Мінез-құлықтық 
16 (30%) 
18 (27%) 
 
Сурет 9

Р.В. Овчарованың «Идеалды ата-ана жөніндегі түсініктері» 
семантикалық дифференциация әдістемесі бойынша бақылау және 
эксперименттік топтардың анықтау экспериментіндегі көрсеткіштерінің 
диаграммасы
Құндылық бағдар тұлға үшін материалды және рухани мәдениетті 
меңгеруге, тұлға құрылымының маңызды компоненті ретінде оның дамуында 
0
10
20
30
40
Когнитивтік
Эмоционалдық
Мінез-құлықтық
БТ
ЭТ


жинақталған өмірлік тәжірибені жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Демек 
құндылық бағдар
 
өмір мұраттары мен дүниетанымдық алғышарт ретінде 
танылған құндылықтардың адам санасында бейнеленуі.
Осы орайда зерттеу барысында индивидтің құндылықтың нақты 
ұстанымын анықтауға мүмкіндік беретін М.Рокичтің «Құндылық бағдарды 
анықтау» әдістемесі қолданылды. Сондықтан да аталмыш 
әдістеменің 
мақсаты
құндылық бағдарын анықтау болып табылады. Бұл әдістемені 
жүргізуге мынадай нұсқау беріледі: Сізге өз өміріңізде басшылыққа алатын 
құндылықтардың A (терминалды) және B (инструменталды) тізімдері 
таратылады. Міндетіңіз – оларды Сіз үшін маңыздылығы бойынша ретімен 
орналастыру. Сіз үшін мәнді болып табылатын бұл тізімдердің әрбір бөлігіне 
1-ден 5-ке дейінгі балл қойыңыздар, мұнда «5» - ең жоғары балл, ал «1» өте 
төмен балл 
(3-қосымша). 
Сонымен нәтижені талдау студенттер терминалды 
құндылықтардың ішінен денсаулық, сүйікті (қызықты) жұмыс, махаббат
материалдық жағдай, адал достың болуы, бақытты отбасылық өмір алғашқы 
орындарға қоятыны анықталды (14-кесте).
М.Рокичтің «Құндылық бағдарды 
анықтау» әдістемесі бойынша анықтау экспериментіндегі зерттелуші 
топтардың терминалды құндылықтары көрсеткіштерінің диаграммасы (10-
суретте) кескінделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет