~ 300 ~
және басқа да индол туындылары психикалық қызмет механизмінде маңызды
роль атқаратындықтан, олардың дисфункциясы
және алмасу компоненттері
шизофренияның пайда болуына әкеп соғады деп санады. Биогенді аминдер
алмасуына қатысатын ферменттер бҧзылысымен шизофрениялық ҥрдістің
байланысы жӛніндегі идея мәні осы аталған концепцияларға жақын.
Шизофренияның пайда болуында тҧқымқуалаушылық патологияның
рӛлі
анықталған.
Шизофрениямен
науқастарда
осы
аурумен
тҧқымқуалаушылық ауырлығы қарапайым тҧрғындармен салыстырғанда
бірнеше есе жоғары және тҧқымқуалау ауырлығы сипатында белгілі бір
заңдылық бар. Ата – анасында шизофрения
болған жағдайда пробандтың
ауруға шалдығу мҥмкіндігі, бҧл ауру алыс туыстарында болған
жағдайдағыдан әлдеқайда жоғары болады; шизофрения дамуының
биологиялық ата-анамен байланыстылығы дәлелденген. Пробанд пен оның
туыстарындағы шизофрения кӛріністерінің
типі арасындағы байланыс
анықталды. Сонымен қатар, соңғы зерттеулермен шизофрениямен
науқастардың, олардың туыстары, әсіресе ата – анасында зат алмасу
ҥрдістері мен интеллектуальды ерекшеліктерінде
кейбір ортақ сипаттар
анықталды.
Бірақ шизофрения кезінде типті психопатологиялық кӛріністермен
бірге биологиялық бҧзылыстардың пайда болуы мен тҥзілуін анықтайтын
нақты сипаттаманың болмауы, шизофрения табиғаты жӛнінде әртҥрлі
концепциялар қҧруға мҥмкіндік береді. Прагматикалық немесе идеалистік
философиялық кӛзқарастарға сҥйенген кӛптеген шетелдік психиатрлар
арасында шизофрения мәнін тҥсіндіруде фрейдистік
методологиялық ереже
қолданылады. Олар шизофренияны тҧлғаның ӛмірге сәтсіз қалыптасуының
бір тҥрі деп қарайды. Толық қалыптасу мҥмкінсіздігі жағдайын олар
тҧлғалық ақаумен тҥсіндіреді, ол ақау ерте балалық шақтағы жанҧя ішіндегі
интерперсональды бҧрыс қатынастар нәтижесінде қҧрылады деді.
Шизофренияның табиғаты жӛніндегі мҧндай пікірлер қолдау таппады. Ерте
бала кезінен басқа жанҧяда бейімделіп, ӛскен балаларда шизофренияның
пайда
болу
қаупі
жанҧяішілік
қатынастар
еркшелігімен
емес,
тҧқымқуалаушылықпен байланысты болатыны кӛрсетілді.
Қазіргі мәліметтер шизофрения табиғатын сыртқы орта факторларымен
әсерлесу жағдайында кӛрінетін ағза қызметінің ерекше формада бҧзылуына
бейімділігімен полигенді ауру ретінде қарастыратын
теорияны жеткілікті
негізде қҧруға мҥмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: