~ 307 ~
жылдамдаттым деп есептейді. Жиі депрессивті науқастар айналадағы
адамдар алдында ӛздерінің толымсыздықтарын сезінеді.
Типтік депрессивті кҥйдің келесі варианты –
үрейлі депрессия
. Әдетте
бҧл тҥрі аффективті бҧзылыстардың әлсіз интенсивтілігімен және созылыңқы
ағымға бейімділікпен сипатталады. Ҥрейдің кҥшеюі жиі кешкі мезгілде ҥдей
тҥседі. Мҧндай кҥйлер бірнеше айға, тіпті жылдарға созылуы мҥмкін. Ҥрейлі
депрессия тереңдей тҥскенде ажитациялық тҥрге ауысады. Мҧндай кҥйдегі
науқастар
бір орнында отыра алмайды, аласҧрып, қолдарын қайырып
қысады. Жиі медперсонал немесе басқа адамдардың алдында суицидальды
әрекет жасауға тырысады.
Сонымен қатар
дисфориялық депрессияны
ажыратады. Мҧндай кҥйдегі
науқастарда
депрессияның
басқа
компоненттерінен
басқа
ҥнемі
тітіркенгіштік, томағалық, ӛзі мен айналадағыларға кӛңіл толмаушылық
бақыланады.
Жиі қимыл – қозғалыс бҧзылыстарының басымдылығымен жҥретін -
ступорозды және адинамиялық депрессиялар да кездеседі. Ступорозды
депрессия кезінде тежелу субступорлық
деңгейге дейін немесе кейде
ступорлық дәрежеге дейін жетеді. Адинамиялық депрессияда тежелу
әлсіздік, сылбырлық тҥрінде кӛрінеді. Науқастар кейде айлап жатып қалады,
ешнәрсеге қызықпайды, ешнәрсемен айналыспайды. Әсіресе адинамия және
әлсіздік кӛріністері таңғы уақыттарда байқалады: науқастар ҧзақ уақыт бойы
орнынан тҧра алмайды, жуынып, киіне алмайды. Айқын адинамиямен қатар
мҧндай науқастарға ӛзін - ӛзі кемсіту идеясы тән.
Және де жабысқақтықпен, соматовегетативті бҧзылыстармен жҥретін
депрессияны ажыратады.
Атипті депрессивті кҥйлер қатарына аффективті бҧзылыстардан бӛлек
басқа да психопатологиялық симптомдар жатады: кататония, онейроидты
кҥйлер, депрессивті – параноидты сандырақ және т.б.
Маскалы депрессияға соматикалық
симптомдар алдыңғы жоспарға
шығып, ал психопатологиялық кӛріністер әлсіз және тек ҧқыпты зерттегенде
ғана анықталатын кҥйлер жатады. Жиі табанды ҧзаққа созылатын ауру
сезімдері, жағымсыз ауыр сезімдер (сенестопатиялар) байқалады. Кӛшпелі
сипаты, интенсивтілігінің тәуліктік тербелістері (тҥнгі және таңғы сағаттарда
кҥшеюі), аналептиктерге сезімталдықтың тӛмен болуы немесе мҥлдем
болмауы олардың ерекшеліктері болып табылады.
Жиі
маскалы
депрессиялар
астматикалық
кҥйге
ҧқсас
соматовегетативтік бҧзылыстармен ӛтеді. Маскалы депрессия кҥйлері
алкогольді шектен тыс қолданудың себебі болған жағдайлар да бақыланған.
Бҧл алкогольді шектен тыс қолдану маскалы депрессия ҧстамасынан кейін
тиылады. Психопатологиялық кӛріністердің ішінен кҥш-қайраттың әлсіреуі,
әсіресе таңғы
сағаттарда байқалатын әлсіздік, сҥйікті істеріне ынтаның
жоғалуы, тҥсініксіз мазасыздық сезімі, кітап оқу ҥстінде немесе теледидар
кӛргенде тез дамтын шаршау бақыланады.
Тынышсыз, ҧйқыға кетудің
қиындауымен және ерте оянулармен беткей ҧйқы тән. Науқастар таңғы сағат
~ 308 ~
4–5-тер шамасында оянады, бҧл кезде оларда ешқандай тыныққандық сезімі
болмайды.
Маскалы депрессияның соматикалық кӛріністері әрқилы болып келеді.
Бас ауыруы, бет, арқа, аяқ – қол, барлық мҥшелерде дерлік ауыру сезімдері,
жҥрек-қантамыр жҥйесінің бҧзылыстары, әйелдерде етеккір циклының
бҧзылыстары және т.б. кӛрінеді. Бҧл сезімдері нақты емес, науқастардың
суреттеулері тҥсініксіз. Науқастардың айтулары бойынша ауыру сезімдерінің
айқындылық дәрежесі мен лабораториялық және басқа да объективті тіркеу
жолдарымен мҥшелердегі патологиялық ӛзгерістердің табылмауы арасында
сәйкессіздік байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: