~ 304 ~
25 Тарау
МАНИАКАЛЬДЫ-ДЕПРЕССИВТІ ПСИХОЗ
Маниакальды депрессивті психоз – бҧл этиологиясы анықталмаған,
ҧстама тәрізді, айқын эмоциональды бҧзылыстармен кӛрінетін
психикалық
ауру, ереже бойынша, ол бҧзылыстар ӛткеннен кейін науқастың дертті кҥйге
дейінгі ӛзіне тән психикалық жағдайы толық қалпына келеді және тҧлға
ӛзгерістері пайда болмайды (ҧстамалар санына тәуелсіз).
Маниакальды-депрессивті психоздың клиникалық кӛріністерінің
ерекшеліктері
Маниакальды-депрессивті психоз (МДП) ӛткен жҥзжылдықта дербес
ауру ретінде Е. Крепелинмен ажыратылды.
МДП – дың негізгі кӛріністері депрессивті және маниакальды кҥйлер
болып табылады. Осы кҥйлердің әрқайсысының ӛзіне тән клиникалық
кӛріністері бар: эмоциональды ӛзгерістер, интеллектуальды ҥрдістер
ағымының қарқыны және белгілі бір психомоторлық қҧбылыстар.
Депрессивті кҥйде науқастың кӛңіл – кҥйі тӛмен,
барлық психикалық
ҥрдістер ағымы, сондай – ақ қимылдық кӛріністер баяулаған, ал маниакальды
кҥйде кӛңіл – кҥй кӛтеріңкі, психикалық ҥрдістердің ағымы жылдамдаған, іс-
әрекетке талпыныстың жоғарылауы байқалады.
Бҧл аталған кӛріністер әлсіз айқындылық дәрежесінен ӛте айқын
дәрежеге дейін байқалуы мҥмкін. Сонымен, субдепрессия жағдайында
науқастар жабырқау кӛңіл-кҥйге, жеңіл қажу кҥйіне,
ойын жинақтау
қиындығына шағымданады. Әлем кӛңілсіз болып кӛрінеді. Кейде аффективті
патология әртҥрлі сенестопатиялар, ағза қызметінің бҧзылыстары тҥрінде
дамиды. Сандырақ идеялар, терең депрессия кҥйі байқалмайды. Гипомания
кезінде аздап кӛңіл–кҥй кӛтеріңкі және психомоторлы белсенділік артады.
Олар ӛмірге қҧштар,
әрекетшіл, ӛздерін жоғары бағалайды, кейде ӛткір,
тітіркенгіш болып келеді. Дегенмен олардың әрекеті ӛнімді болып қалады,
және жиі қызметін жалғастыра береді. Депрессивті және маниакальды кҥйлер
бірден пайда болмайды, олар белгілі бір кезеңдерден ӛтіп дамиды, дегенмен
маниакальді аффект депрессивті аффектпен салыстырғанда жылдам дамиды.
МДП салыстырмалы тҥрде кеш басталады.
Науқастанғандардың орта
жасы 35 – 40 жас. МДП әйелдер жиі шалдығады. МДП – ң таралуы 5000 –
10000 тҧрғынға шаққанда 1 науқасты қҧрайды. Бҧл дерт кӛзге кӛрінбейтін
себептерден немесе қандай да бір зиянды фактордың әсерінен кейін дамуы
мҥмкін. Дерт депрессивті кҥйден де, сондай – ақ маниакальды кҥйден де
басталуы мҥмкін. Ҧстамалардың ҧзақтығы әртҥрлі, олар бір аптадан бірнеше
айға дейін созылуы мҥмкін. Ереже бойынша, ҧстама науқастың сауығуымен,
психикалық бҧзылыстардың жойылуымен аяқталады,
бірақ арада бірнеше
уақыт ӛткеннен кейін науқастарда аффективті бҧзылыстар қайта дамиды.