III бөлім. Тәрбие теориясы
315
Жаттыктыру әдісі
- бүл әдіс баланың шынайы практикалық әрекеттерін
қамтамасыз етеді, сонымен қатар оның ішкі қатынасын басқаларға көріне-
тіндей етіп іске асырады.
Әрекетте ішкі және сыртқы қатынас қосылады, алайда әрекет жасау үшін,
бала сыртқы форманы иемденуі тиіс. Жаттықтыру әдісі осындай жүріс-
түрыстың дағдысын қалыптастырады. Ол жүзеге келесі түрде асырылады:
- үстаздың үлгісімен (мысалы: Ер мүғалім сыныпқа әйел кірген кезде
орнынан түрады);
- баладан бір-нәрсені істеуді талап ететін өтініш арқылы (мысалы: «Жас
балаларға диапроекторды апаршы, өтінемін»);
- іс-әрекеттің сипатын өзгертіп, бір-нәрсені өзгертуді өтіну (мысалы:
«Мен сізді қайта оралып, сыныгітың біз келгенге дейінгі таза күйінде ме
екендігін тексеруіңізді өтінемін»);
- бірігіп жасалынатын әрекет арқылы нүсқау корсету (мысалы: «Үлдар,
қыздарға сүйенуге ыңғайлы болатындай етіп, алақандарыңызды төбеге
қаратып, қолдарыңызды созыңыздар»);
- жүріс-түрыс дағдысын қалыптастыратын арнайы тренинг аркылы
(мысалы, этикет сабактары);
- этикопсихологиялық ережелері бар ойындар арқылы (мысалы, тығылмақ
ойынын әділ ойнау немесе «мағыналар эстафетасында» бір-бірін есту);
- кейбір жүріс-түрыс ережелерін дәстүрлі рәсімдеу арқылы (мысалы,
сабақ тек үстаз бен оқушылардың бір-біріне қарым-қатынас пен бірге істелін-
ген жүмыс үшін алғыстарымен алмасудан кейін ғана аяқталады: «Рақмет» -
«Рақмет»);
- ерекше жағдайларда әрекет жасауға бүйрық беру, апатты жағдайдан,
басқа біреуге тіл тигізетін жағдайға дейін (мысалы, төбелесті тоқтату,
рүқсатсыз алынған біреудің затын қайтарып беру,
өмірге қауіп тигізетін
заттарға қол тигізбеу);
Педагогикалык баға беру
әдісінің екі түрі бар:
ашык түрдегі
педагогикалык баға беру
жэне
жасырын турдегі педагогикалык бага беру.
Ашық педагогикалык баға беру өте сирек, себебі оны торбиеленуші өзінің
істеген ісіне толық жауап бере алған жағдайда ғана пайдаланған жөн.
Жасырын педагогикалык баға беру анағүрлым тиімді, себебі ол субъективті
дербестікке арналып, сол дербестікті карқынды дамытады.
Әсерінің нығаюына қарай ашық педагогикалык баға берудің түрлерін
атайық, жағымдысын дәстүр бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |