I бөлім. Педагогиканың жалпы негіздері тырумен өзінді қинамай-ақ алуға болады деген гіікір айтылып жүр, сондай-ақ
педагогикалық теория өзінен-өзі практикадан “өсіп шығады” деген де пікір
бар. Бірақ бүл дәл олай емес. Ғылыми таным үрдісі - ерекше үрдіс. Ол
адамдардың танымдық қызметінен, таным қүралдарынан, оның нысаңдарынан
және білімнен түрады. Кәдуілгі таным одан мән жағынан ерекшеленеді.
Негізгі айырмашылықтар мыналар.
Ғылыми танымды адамдардың арнайы топтары, ал эмпирикалық танымды
барлық іс-әрекетпен айналысушылар жүзеге асырады. Білімнің көзі түрлі
практикалық іс-әрекет болып табылады. Бүл бір қосымша арнайы алынбаған
білім. Ғылымда арнайы танымдық мақсаттар қойылады және ғылыми зерттеу
жүйелі және мақсаіты бағытталған сипат алады, ол ғылыми мәселелерді
шешуге бағытталған. Оның нәтижелері ғылыми білімдегі белгілі бір олқы-
лықтардың орнын толтырады. Зертгеу барысында танымның арнайы қүралдары
қолданылады: моделдеу, болжамдар жасау, эксперимент жүргізу және т.б.
Практикалық міндеттерді ғылыми мәселелерден ажырата алу керек.
Мысалы, оқушылардың оқудағы артта қалушылығын болдырмау - бүл
практикалық міндет. Бүны ғылыми зерттеу жүфгізбей-ақ шешуге болады.
Бірақ оны ғылыми нсгізде шешкен жақсырақ болады. Дегенмен, ғылыми
мәселе практикалық міндетпен сәйкес келмейді, екеуі бір нәрсе емес. Осы
жағдайда мәселенің атын былай қүрастыруға болады, мысалы, оқушыларда
өзіндік танымды қалыптастыру мәселесі немесе олардың оқу іскерліктері мен
дагдыларын қалыптастыру мәселесі. Бір практикалық міндет бірнеше ғылыми
мәселелерді зерттеу нәтижелерінің негізінде шешілуі мүмкін. Басқа жағынан,
бір мәселені шешу, бірнеше практикалық міндеттерді шешуге септігін тигізуі
ықтимал.
Ғылымның объектісі мен пәнін ажырата білу қажет. Объект - осы ғылым
зерттейгін шынайы болмыстың саласы. Пәні - объектіні осы ғылым түрғы-
сынан көре білу тәсілі. Біз сол арқылы болмысты көреміз, ол осы болмыстың
міндетке сай жақтарын, осы ғылымға тән түсініктерді пайдалану арқылы
болмыс сапаларын сипаттауға керек бір көзілдірік іспетті.
Біздің ғылымымыздың объектісі мен пәнін анықтағанда
едагогика ^ ^
көнтеген түсініксіз жәйттер мен түрлі көзқарастарға
нені зерделеиді.
кезігеміз. Тіпті бүл істе қанша адам болса, сонша пікір
бар деп те айтуға болады. Педагогиканың объектісі
туралы көп таралған анықтаманың бірі мынадай: иедагогиканың объектісі -
тәрбие. Бірақ бірден әр түрлі түсіндірулер пайда бола бастайды. Тіпті көп
жағдайда объекті туралы айтпай-ақ, пәннен басгап әңгімелейді. Педагоги-
каның пәні - тәрбие. Бірақ “тәрбие” түсінігінің өзінің бірнеше мағынасы бар.
Осыған қосымша, педагогика ғьшымы баланы зерттеу керек деген пікір де бар.
Бүл гіпті тәрбиемен бір нәрсе емес. Көрнекгі отандық педагог А.С.Макаренко
бүл жайында былай деген: “Қазіргі уақытта (1922 ж.) педагогиканың объектісі
бала дегеніміздің өзі - әліптің басы. Маған бүл дүрыс емес сияқты. Ғылыми
педагогика түрғысынан зерттеу объектісі педагогикалық факт (қүбылыс)
болып есептелуі керек” (Шығармалары, 7-том. М., 1958. 408-бет).
Нәтижесіз айтыстан аулақ болу мақсатында педагогика нені зерттейді, -
деп істің мәнін
қарастырғаннан кейін, оны қалай белгілеуге болады деп
қойған дүрыс. Қандай әрекетте педагогикалық фактілер туындайды?