10
I бөлім. ГІедагогиканың жалпы негіздері
мүмкіндік жоқ. Педагогикалық теорияның болжамдық қызметінің физикадағы
теориядан айырмашылығы, оның үрдістің (бүл жағдайда педагогикалық)
“өзінен-өзі”, біздің араласуымызсыз қалай жүргізілетінін болжау ғана емес,
және осы негізде біз зерттеп отырған жүйе озін қалай алып жүретінін болжау
да маңызды. Сондай-ақ, бүл жүйені қалай жақсартуға, жаңартуға болатынын
көрсету қажет. Міндет езара байланысты екі бөлікті тек зерттеп қоймай,
сондай-ақ, қүрастыру керек. Ғылымның жоғарыда келтірілген қызметтеріне
кейбір толықтырулар жасау керек. Бүл сүраққа кеңірек тоқталайық.
Шындық болмысты теориялық немесе эмпирикалық білім деңгейінде
бейнелейтін педагогикадағы білім алу үрдісінің физика, химия
немесе
мысалы, тарихтағы болып жатқан үрдістерден үстанымдық айырмашылығы
жоқ. Бірақ педагогикалық болмыс зерделеніп отырған-ды, тіпті ол нақты
дәлелді болса да, бейнеленумен шектелмеу керек. Одан педагогикалык
болмысқа эсер ету, жаңарту, жетілдіру талап етіледі. Өйткені педагогика басқа
ғылымдарда түрлі пәндер арасында бөлінген екі қызметті атқарады:
Достарыңызбен бөлісу: