- Құрбым екеуміз
орамал тағайын деп жатырмыз, - дедім. Анам
қарсы болып:
- Мектепті бітір, сосын тағарсың, - деді. Мен:
- Жарайды, - деп қоя салдым. Ал құрбым айтқанынан таймай,
орамал тақты (үйінде әпкелері де тағатын). Сосын 9-шы
сыныпқа келгенімде ағам да:
- Орамал тақсаң, Алла саған разы болады, сенің әурет
жерің
көрінбейді, еркектер де саған тиіспейді, құрметтеп жүреді, - деді.
Мен
қатты қызығып кетіп, орамал тағуды шештім. Анама:
- Орамал тағатын болдым, - деп айттым. Бірақ анам тағы қарсы
болып:
- Әлі жассың ғой, мектеп бітір, оқып ал. Орансаң, кейін ойың
өзгеріп, шешіп тастайсың, - деді. Бірақ мен анама:
- Ойым өзгермейді, жақсылап ойландым, - дедім. (Өзіме
сенімді
болып, ағам да мені қолдайды деп тұрған түрім ғой). Сосын
әкеме барып, оған да қорқып, өз шешімімді айттым. «Әкем де
қарсы болатын шығар» деп ойлағам, бірақ қателесіппін. Әкем
керісінше
қуанып кетіп, уағыздар айтты. Сосын мені қасына
отырғызып алып, ютубқа кіріп, орамалды қалай тағу керектігін
көрсетіп жатыр ғой!
Орамал тағып мектепке бардым, барлығы таң қалды. Бірақ
сыныптастарым ештеңе дей алмады. Тек 1-ші сабақтан соң
директорға шақырғаны болмаса. Сосын қыс басталып, «Қыста
орамал тағуға болмайды, тексеріс жүр» деген әңгімелер айтылды.
Директорға қайта-қайта шақыртып, «Мектепке кіргізбейміз» деп
кетті. Содан әкем:
- Қызым, орамалыңды шешесің-ау, - деді.
- Шешпеймін! - деп тұрып алдым. Мектепте қыстық шапка мен
толстовканың капюшонын киіп, артқы партаға отырып алдым.
Сонда таң қалатыным, формасыз жүруге рұқсат, ал орануға
рұқсат жоқ. Сүйтіп жүріп 9-шы сыныпты бітіріп, колледжге
түстім. Аллаға шүкір,
ол жерде орамалға қарсы емес, қазір еш
кедергісіз асыл тәжімді тағып жүре аламын. Алланың құдіретінің
арқасында бастапқыда қарсы болған анамның өзі қазір орамалда,
иманы қазір менікінен де күшейіп кеткен, Әлхамдулилләh!
Достарыңызбен бөлісу: