1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет34/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #43
Мен де «Орамалға келсем, оқиғамды осы жерге жазармын» деп 
әрбір қыздың оқиғасын көрген кезде ойлайтын едім. Міне, сол бір 
күн де бұйырды Алланың қалауымен! Бұрын мемлекеттік 
жұмыста жасайтынмын, бірақ басымда орамалым болмайтын. 
Орамалды тек намаз оқырда тағып, намазды тығылып 
оқитынмын. Бірак отбасым намазға қарсы болмады. «Жұмыстан 
шығып, орамал тағуым керек» деп ойлап жүрдім. 
Дұғам да Алладан «Орамал нәсіп етшi!» деп сұрап коятынмын. 
Сөйтіп жақында сол жұмыстан шығып, намазға, орамалға рұқсат 
ететін жұмысқа кірдім, көп те болмады. «Орамал тақсам шешіліп 
қалмайды ма?» деген ойлар келетін. Аллаға сансыз шүкiрлер 
болсын, қазір орамалда жүрмін! Әрі қарай да тек «Осы орамалда 
болсам екен, ешқашан басымнан шешілмесе екен» деген тілегім 
бар, Алла барлық дұғаны қабыл Етуші ғой! 
Кейде аздаған сынақтар болып тұрады, бірақ шыдай аламын деп 
сенемін. Бастысы Алланың парыздарын орындау ғой. Ең бастысы 
бұл өмірден қалай өтетінімізм ғой, алдамшы дүние қызықтары 
бізді байлап қоймаса екен. Әрбір ойлаған, Алладан сұраған 
дұғаларымыз қабыл болғай! 
Орамалды арудың оқиғасы #44
Менің орамалға келуіме @zhannyn_sayasy_ да себепші болды ғой. 
Ұзақ уақыт орамалға келуді қалайтынмын, бірақ мектеп кездегі 


әкемнің «Орамал тақсаң, намаз оқытпай қоямын» деген сөзі 
қорқытатын.
Қатты ниет еттіп, тіпті үйден қашып кеткім келді, бірақ Исламды 
жаман етіп көрсеткім келмеді. Сосын тығылып орамал тағуды 
бастап кеттім. Кейде күн жылы болса да «Жаурадым» деген 
сылтаумен қалың, жабық киім, қалпақтарыммен жүрдім. Кейде 
бір көңілге тиетіні - қыз бала болғаныммен көпшілігі әйел кісі 
сияқты көретін. Бірақ «Кім не десе де, бастысы әуретім жабылса 
болды» деген ниетпен міне, жарты жылдан асты, осылай жүремін. 
Ата-анама орамал туралы әлі айтпадым, бірақ анам сезетін 
сияқты, кейде ұрыспаса да, айтып қалады. Мен де ол кісіге орамал 
туралы айтуға қорқамын. 
Алла қаласа жақында тұрмысқа ниеттеніп отырмын, болашақ 
жарымның пікірін жақсылап біліп алдым. Ол кісі «Қаласаң да, 
қаламасаң да орамал тағу керексің, бұл—парыз» дегенінен кейін 
тағы біраз сынап, сосын оған келісімімді бердім. Бастысы - ниет, 
қалғанын Алла реттейді! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет