1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет32/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #40
Мен қыздардың қалай орамалға келгені жайлы шынайы 
ықыласпен оқитынмын, әрі қатты қызығатынмын. Дей тұра, 
қызығып қана жүре бермей, іспен көрмек болып шешім 
қабылдадым. Солайша өзімнің намазда киген намаз көйлегімді 
киіп, үйде солай жүрдім. Бұған анам қарағысы келмегендей 
біртүрлі көзқараспен қарайтын. Мен оның үндемегеніне шыдай 
алмай: 
- Мама, маған жарасады ма, қараңызшы?! - дедім. Анам болса 
тағы үндемеді. Мен қоймай сұрай беріп едім, ол: 
- Ия, ия, - деп жауап берді. Содан жауабына қанағаттанбай, 
«Мақұл!» деп қоя салдым. Көпке созбай, келесі күні анаммен 
отырып орамал жайлы шүйіркелестім: 
- Мам, орамал тақсам ба деймін.. 
- Не қылайын деп едің оны киіп?! 
- Не қылғанда да енді, кигім келеді. Шын ниетіммен.. 
- Оны кигенге әлі ерте, жасың небәрі 18-де. Ертеңгі күні шешіп 
кетсең обал болады ғой. Оны киген соң, соған сай өмір сүру керек 
боласың. Одан да кимей-ақ қой, жүре тұр шамалы, - деп анам сөзін 
аяқтады. 


Осылайша мен бұл тақырыпты 1-2 күнге жапа тұрдым. Бірақ ол 
кісілер қарсы болса да мен орамалға келдім, Аллаға шүкір! Анама 
келіп: 
- Мен енді орамал тағамын, енді ешкімнің сөзі де, өзі де әсер 
етпейді - дедім. Анама айту қиынға соқпады, себебі анаммен 
құрбылар сияқты шүйіркелесетінбіз, оның үстіне үйдің үлкенімін. 
Сөзімнен қайтпайтынымды білгендіктен анам қатты қарсы да 
болмады. Енді мені шамалы қорқытатын нәрсе - әкем қалай 
қабылдайды екен? Себебі ол мені әлі орамалмен көрмеді.. 
Мен үйде өз киіміммен жүремін. Тек сыртта ғана орамалмен 
шығамын. Ал сыртқа көп шығуды ұнатпағандықтан, әкем де 
байқамаған тұғын. Бірақ қатты да уайымдамаймын. Себебі 
әкемның де қарсы болмайтынына сенімім мол. Ин шәә Алла 
қарсы болмайды! 
Барлық орамалға келуді армандап жүрген аруларымызға 
жұғысты болғай! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет