Орамалды арудың оқиғасы #41
Мен 18 жастамын. 5 уақыт намазым да, орамалым да бар,
Альхамдулиллях. Аллаға шүкір, менің ата-анам үлкен кісілер,
бірақ менің шешіміме еш қарсы болмады. Мен тіптен олардан
рұқсат сұрамадым да. Алдым да, намазымды бастап оқып жүрдім.
Артынша орамалымды тақтым да, жүре бердім. Ата-анам
керісінше намаз уақыты кірсе басқасын тастатып, «Намаз
уақытың болды» деп ескертіп қояды, мен жымиып қана
намазымды оқуға кетемін. Орамалға келсек, маған орамал алуға
ақша беріп тұрады, қарсы емес. Әкем арасында қалжыңдап, мені
«Біздің үйдің молдасы» деп атайды. Намаз оқып жатқан кезімде
де бөлмеге кірмейді, мазаламайды. Орамал алсам да, «Әдемі екен,
жақсы екен» деп қолдау көрсетеді. Достарым да, басқа жандар да
сыйлайды.
Бір жеңгем бар болатын жасы шамамен 50-лерде. Сол кісі кейде
сөзбен тиісіп, «Ананы неменеге тағып алғансың?» дейтін. Ол кісі
орамалға қарсы болатын, мен кішкене қынжылып қалатынмын.
Бір күні анама:
- Жеңгем осылай маған тиісе береді, - деп едім, анам:
- Тыңдамай-ақ қой, бір жаңа нәрсе алсаң, бірдеңе бастасаң көре
алмай, сөзбен тисіп қалуы керек оның, - деп мені жұбатты. Аллаға
шүкір осындай отбасымның барына!
Басқа қыздарға айтарым, Алладан дұғада тілеңіздер, барлығы
жақсы болады Ин шәә Алла!
Орамалды арудың оқиғасы #42
@zhannyn_sayasy_ парақшасынан «Орамалым-Қорғаным»
рубрикасын көріп менің де орамалға қатты келгім келетін,
алайда ата-анам хиджабқа түбегейлі қарсы болып жүрді. Мен
сонда да хиджаб киюді өте қатты қаладым. Намаз оқып жүріп
хиджаб жайлы уағыздар тындадым. Бір күні анама:
- Болды, мен хиджаб киемін! - деп едім, анам:
- Хиджаб кисең, үйге кіргізбеймін, - деді. Мен бәрібір де сол күні
хиджаб тағып шығып, анама:
- Егер де кімде-кім Алланың парызын орындауына қарсы болса,
Қиямет күні сол үшін жауап береді, - дедім. Анам:
- 9-шы сынып оқисың ғой әлі, қазір дистанционка болғаны да
ыңғайлы болды,— деді. Бірақ мен ойланып тұрып анама:
- Кімнің қашан демі таусылатынын ешкім білмейді, - деп едім, ол
үндеген жоқ. Осылайша Альхамдулиллах, қазір мен де
хиджабтамын!
Достарыңызбен бөлісу: |