ойлаңыздар. Себебі, Аллаһтың разылығын іздесек, Аллаһ бәрі
алдымызға Өзі-ақ әкеліп береді екен!
Орамалды арудың оқиғасы #49
Мен бұрыннан орамалға қатты қызығатынмын. Үйде құдайы
тамақ , шәй бергенде әдемілеп тюрбан тағып алатынмын. 9-шы
сыныпта мектепке концерт, т. б. іс-шараларға дайындық болған
кезде орамал тағып барып жүретін едім,
бірақ апайлардың маған
қараған көзқарастары және сөздері маған қатты әсер ететін. Ол
кезде иманым да әлсіз болған еді.
9-шы сынып бітіргеннен кейін колледжге түстім, тәтем екеуіміз
бір колледжде оқыдық. Тәтем намаз оқитын, мен де 1-ші курстан
бастап Альхамдуллилях намаз оқып бастадым. Анам орамалға
қарсы болып «Кейін күйеуге шыққанда тағасың» дейтін.
Колледжде орамал тақпағанымның тағы бір себебі - орамалдағы
қыздарды оқудан шығарып жіберетін.
Осылай жүргенде 18 жасқа толғаннан кейін тұрмысқа шықтым,
бірақ ниетім болғанымен орамалға келе алмай жүрдім, нәпсім
мен шайтаның ықпалы басымырақ болды. Тұрмысқа шыққаннан
кейін мені намазым да тастап кетті.. Қаншама рет қайта бастасам
да оқымай кетіп жүрдім.
Тұрмысқа шыққан соң Алланың қалауымен бірден көтердім,
токсизкоз қатты болды. Аллаға шүкір, қазір Алланың аманаты -
кішкентай қызым бар, 11 ай болды. Осыдан 2 ай бұрын қайта
намазға тұрдым, сол күннен бастап тюрбан қылып орамал тағып
жүрдім. «Келін болғаннан кейін таға бермедің ба?»
дейтін
шығарсыздар, мен ата-енемнен бөлек тұрамын.
@zhannyn_sayasy_ өткізген марафоннан кейін мен толықтай
хиджабқа келдім. Алланың нұры жаусын, сол да себепші болды.
Қазір қайда барсам да хиджаб тағып жүремін, Аллаға шүкір. Анам
да маған ештеңе демеді, олар қазір бұрынғыдай емес, көздері
ашық, көкіректері ояу. Айналамдағы адамдар да жақсы
қабылдады, мүмкін тұрмыста болғанның да әсері бар ма екен?!
Әлхамдуллилях, орамалым—менің асыл тәжім!
Достарыңызбен бөлісу: