Орамалды арудың оқиғасы #46
Шамамен 6 айдай әкем намаз оқығандықтан маған «Орамал тақ»
дейтін, бірақ мен басында өзім қаламадым. Бір жағынан мектеп
оқушысы болғандықтан ол жақта да хиджабпен жүруге болмайды
ғой. Солай жүргенде қандай мамандық таңдайтынымды білмей,
басында педогогика саласын таңдадым. Бірақ уақыт өте келе ол
мамандық мүлдем ұнамай қалды, мамандығымды «Исламтануға»
ауыстырып, Нұр-Мүбәрәкқа түстім.
Басында универге орамал тағып барып жүрдім, бірақ үй жаққа
жақындағанда таға алмай, ұялып жүретінмін. Кейін 1 аптадан соң
өзіме уәде беріп, толық орамалға келуді бастап кеттім. Аллаға
шүкір, қазір керісінше бәрі күшті, оранғаным үшін қатты
қуанамын!
Орамалды арудың оқиғасы #47
Аллаға шүкір, орамалға келдім! Алдымен Алланың, сосын ата-
анамның қолдауы және @zhannyn_sayasy_ әпкенің көмегі тиді,
оларға Алла разы болсын!
Осыдан 1 жыл бұрын болса керек, 5 уақыт намаз оқып бастадым.
Орамалға ниетім сол кезден бастап болған еді, бірақ қатты
қорқатынмын. Қорқынышымның себебі - мен Алматыдағы
жоғарғы оқу орынында оқитынмын және оқуға өз күшіммен
түскендіктен үйдегілердің маған деген үміті зор болатын. Біздің
ойымызда «Орамалдағы қыздардың оқуында қиындақтары
болады және жұмысқа тұруы қиын» деген ой қалыптасып қалған
болатын. Өткені менің орамалдағы құрбым өзінің оқуында
қиындықтары болып жатқанын жиі айтатын. Солай қорқып,
бастай алмай жүргенімде 1 жыл да зымырап өте шықты. Өмірім
түк қызық емес болды, барлық нәрсе мені жалықтырып жіберді,
тек Алламен тілдесу арқылы күш-қуат алатынмын.
Бір күні инстаграмнан @zhannyn_sayasy_ әпкенің марафонын
көзім шалып калды. Ойланбай, дереу жиналып жатқан қаражатқа
өз үлесімді қосып, «Аллам маған да бұйыртса екен» дегенім
есімде. Алланың пейілі кең ғой, не сұрасаң, соны береді. Сол
марафоннан маған да бір орамал бұйырды. Өзім толықтай шешім
қабылдап, орамалда болу керек екенімді түсіндім. Бір күні
отабыммен дастархан басында отырғанымызда мен:
- Мен енді ұзын киініп, оранып жүретін боламын, - дедім. Сонда
сіңілім:
- Сен әлі жассың ғой, - деп өзіме қарсы шаба кетті. Әжем де өз
қарсылығын көрсетті. Сонда оларға:
- Жаратқанның жарлығы тұрғанда, жаратылғанның жарлығы түк
емес,- дедім, бәрі үнсіз қалды. Сөйтіп 1 күнде орамалға келдім,
өзімді өте жақсы сезінемін. Алланың оқуыма да, жұмысыма да
көмектесері анық, бәрін қүдіреті күшті Құдайға тапсырып
қойдым. Ата-анама да ризамын, олар барынша қолдау көрсетті.
Ол кісілерге Алла разы болсын!
|