өз орнына қойып қояды екенғой. Аллаhқа сансыз шүкіршілік
айтамын!
Бір күні үйге туысқан әпшеміз келіп, маған ішіне жиналғанының
барлығын айтып тастады, сол сөздері маған қатты тиген еді.
Әкем мен анам келген соң
барлығын оларға айтып, жылап та
алдым. Сол сәтте ата-анамның көзқарастары өзгере бастады ғой!
Аллаhтан дұға қылып жүрдім, қандай жағдайға тап болсам да,
әрқашанда жауабы мен шешімі дайын болып тұратын. Аллаhтың
құдіреттілігі шексіз, Алла Тағалаға деген махаббатым одан сайын
арта түсті. Раббым сол күнді нәсіп етіп, ақыры ата-анам
орамалымды мойындады ғой. Бірақ маған
айтылған сөздер,
дұрыс емес пікірлер кейде болады.
Орамалыма байланысты сынақ менде жақында тағы болды.
Сөйлесіп жүрген жігітім екеуміздің ( ниетіміз отбасы құру болып
еді) «Тәтті шайға барамыз»
деп дайындалып отырғанда
арақатынасымыз толықтай бітті. Өйткені оның ата-анасы
хиджабтағы қызды келін қыла алмайды екен. Маған
бұл өте
қатты қиын болды. Бірақ Алла Тағала бізге ненің хайырлы екенін
білуші ғой. Шын ниет етсек, дұғада болсақ, Аллаh Тағалам береді
екен ғой!
Менің орамалға келуіме себепші болған адамға да көөп
рахметімді айтамын, барлық нарсе АллаҺтың қалауымен.
Назар
салып оқығандарыңыз үшін рахмет, барлықтарыңызға Аллаhтың
берекеті мен сәлемі болсын!
Достарыңызбен бөлісу: