Орамалды арудың оқиғасы #36
Рамазан айы, екінші жыл ауыз бекіткен едім. Ораза айында қатты
ойландым, «Өмірдің мәні неде? Ертең өлсем не болады?» деген
сұрақтар көкейімді тесті, бұл да Аллаһтың нығметі болар.
Инстаграмнан намаздың маңыздылығы, ақырет туралы
видеоларға мән беріп тереңірек ұғына бастадым. Түні бойы өзімді
жегідей жейтінмін «Сен әлі намаз бастаған жоқсың, әлі Аллаһтан
кешірем тілеуді бастамадың, ертең өліп кетсең не болады?
Аллаһтың алдына қалай барасың? Қабірге ше?» деген ойлар келе
берді. Әр түн осы ойлар қатты мазалайтын еді..
Үйде мен, ағам, әкем және сіңілім ауыз бекіткен болатынбыз.
Ағам мен әкем үйде болмады. Сіңілім екеуміз ерте сәресіне тұрып
шәй отырдық, мен ойымды бастап айттым:
- Мен намаз бастағым келіп жүр, түнімен ұйықтай алмай, жылап
шығамын, - дедім. Ол да көзі жанып кетіп:
- Қалай менің ойымды оқып қойдың?! Мен де осыны қозғағалы
отырғанмын, - деді. Солай екеуіміз отырып біраз әңгіме айтып,
таң намазына дейін сүрелерді жаттауға кірістік. Фатиха және
ықылас сүрелерін білетін едік. Алланың құдыреті шексіз ғой,
барлығын сол түні жаттап, таң намазын оқыдық. Намаздан
кейінгі сезімімды айтып жеткізу мүмкін емес!
Осылайша Альхамдулиллях, намаз бастап, енді басыма орамал
тағу туралы ойлар келе бастады. Анам да, әкем де қарсы емес еді,
бірақ ана болған соң қатты уайымдады. Сонда да шешімімді
құрметтеп «Істегеніңнің бәрін қолдаймын, қызым» деді. Аллаһқа
мың да бір шүкір, намазды, орамалды ойыма салып, өзіне жақын
тартқанына, Альхамдулиллях!
Орамалға келе алмай, қобалжып жүрген қыздар, әпкелер, көп
ойланбай шешім қабылдаңыздар! Бізден тек амал болса болды,
Құдыретті, Аса мейірімді Раббымыз ары қарай барлығын өзі
реттеп қояды!
Орамалды арудың оқиғасы #37
Мен жақын арада орамал тағып бастадым, шүкір. Ішімде
қорқыныш емес, сенімім мол! Бұрындары (басымда орамал
болмағанда) аялдамаларды жалғыз өзім тұрғанда машиналар
сигнал беріп өтетін еді, неге екені беймәлім. Қазір мүлде басқа,
ешкім сигнал бермейді, көшедегі бұзық жігіттер «Танысайық?»
деп те мазаламайды, өте керемет бір сөзбен. Орамалды киген
күннен бастап Алланың разылығы жауып жатқанын сеземін,
бұндай нығметке ие еткеніне шүкіршілік айту керек қой!
Менің де ата-анам басында қарсы болды, мен орамалды артқа
байлап тағып жүрдым (көп уақыт емес). Сосын хиджабты киып
бастап кеттім. Бұған анам 3 күн бойы ренжіп жүрді. Мен:
- Мама, мен енді бұны шеше алмаймын, бастап қойдым, шешкім
де келмейды. Маған осылай жақсырақ, - деп анама бір ауыз
айттым. Әкем бірден түсінушілікпен қарады. Анам:
- Бірақ қара түсті киімдер киме, - деді.
Мен ортаға намазхан, орамалды туысқан тәтелерім, көршілерімді
салып ата-анама түсіндіруін сұрадым, олар сөйлесіп, ата-анама
бәрі бір ауыздан «Қызың дұрыс жасаған» дегеннен басқа нәрсе
айтпады. Анам уақыт өте келе 1-2 аптаның көлемінде түсініп,
маған разылығын білдірді!
Сондықтан сіз де «Ертең, арғы күні» деп жүре бермей, уақытында
тағып бастап кетіңіз! Сізге де Раббымыз орамалды нәсіп етсін!
Достарыңызбен бөлісу: |