Орамалды арудың оқиғасы #39
Альхамдулиллях, Алла Тағаланың мейірімі шексіз ғой, бала
кезімнен бері атамның намаз оқығанын көретінбіз. Атам үйге
әртүрлі діни кітаптар алып келіп, біз, яғни немерелері болып
атамызға сол кітаптарды оқып беретінбіз. Солай ардақты
Пайғамбарлармен танысып, Құдайды таныдық. Тіпті атам намаз
оқығанда жанына отырып, атамның іс-қимылдарын қайталап
тұратын кездерім де болды.
Атам «Бисмиллях», «Лә иләһә иллә Аллаһ», «Роббәнә әтинаны»
жаттатқызды. Альхамдулиллях, бала кезден тілім кәлимада
болды.
2018 жылы колледжде 3-ші курста оқып жүргенімде 3 айлық
практикамыз болды. Кондитерскийге жұмысқа тұрдым. Ондағы
бастықтарым намазхан кісілер болды. Ол кісілердің намаз
оқығанын көріп иманым ояна бастағандай болды. «Sajda»
қосымшасын өзіме жүктеп алып, ішінде Құранның қазақша
аудармасын оқи бастадым, зікір етуді үйрендім. Жұмыстағы
коллегамнан мазхабтар жайлы біліп алып, былайша айтқанда
діни білімді тани бастадым. 2,5 ай кондитерскийде жұмыс жасап,
кейін жұмыстан шықтым.
Ал 2019 жылы Рамазан айына 2-3 айдай қалғанда әпкем екеуіміз
намаз оқуға ниеттеніп жүрдік. Бірақ бір-біріміздің ниеттерімізді
білмеппіз. Ниет еткеннен бері түрлі жағдайлар басымнан өте
бастады. Инстаграмға кірсем намаз оқу жайында, тағы да басқа
иманымды оятатын ұстаздардың видеолары шыға берді. Оларды
көрген сайын іштей «Неге бастамай жүрмін? Не истеп жүрмін?»
деген ойлар келіп, жанымды жегідей жей берді.
Бір күні анам, әпкем, мен үшеуіміз қалаға бардық, қайтар кезде
автобусты күтуге уақыт аз болғандықтан таксимен қайтамыз деп
шештік. Таксист ер адам, әрі намазхан кісі екен. Сақалы бар,
басында тақиясы бар, ол кезде «Дұрыс емес ағымдағы кісі» деп
ойлап коямын өзімше. Онымен вокзалга жеткенше әңгімелесіп
қайттық. Бір кезде «Намаз оқу парыз, қашан оқисыздар?» деп
насихат әңгімелер айта бастады. Мәссаған, бұл сұрағы жүрекке
қанжардай қадалды. Анам:
- Бұйыртса оқимыз ғой,- деп жауап беріп еди, таксист аға:
- Әйел адамдарға 9 жасында бұйырылып қойған ғой, - деп күлді
де, өзінің 1,5 жылдай бұрын намаз оқып, хақ жолына түскені
жайлы айта бастады. Таң калдым, Аллаh Ұлық, Естуші екеніне
көзім жетті. Іштей ниеттенгенімді естіп, қабыл етті, Субханалла!
Таксист ағаны Алла Тағала жіберіп, менің және әпкемнің намаз
оқуымызға себепкер етті. Үйге келіп әпкеме намаз оқу жайлы
ниетімді айтып едім, ол да өзінің ниеті бар екендігін айтып, осы
күнге дейін басынан өткен оқиғаларымен бөлісе бастады.
2019-шы жыл, Рамазан айына 2 аптадай уақыт қалды. Әпкеммен
намаз көйлегін алып, сүрелер, дұғалар жаттап дайындала
бастадық. Шайтан мен напсіден түрлі ойлар келіп, "Әлі ерте, сен
дайын емессің, оқып үлгересің" деп азығырғысы келді. Бірақ
Аллаһу Әкбар, Рамазан айы да келіп жетіп, бірінші сәресін ішіп
болған соң таң намазына тұрдық. Ниет етіп, қолымды
көтергеннен кейін ойыма ешбір сүре, ешбір дұға келмеді. Аяқ -
қолым дірілдеп, жылағым келіп кетті.
Әпкеме қарап іс-қимылдарын қайталай бастадым. Екі жаққа
сәлем беріп болып, қатты жыладым. Өзімнің надандығыма,
барлығын ұмытып қалғаныма жаным ашыды. Әпкем
тынышталдырып, дұға етуімді сұрады. Осылайша намаздан соң
ең алғаш рет дұға еттім. Алладан «Бүгінгі намазымды 10%-ға
дұрыс орындасам, ертенгісінде 20%-ға дұрыс орындайыншы» деп
тіледім. Солайша әрбір намазымнан кейін дұға ете бердім. Алла
Естуші, Қабыл етуші, Альхамдулиллях, әр оқыған сайын иманым
арта берді. Анам әпкем екеумізге намаз оқуды рұқсат еткенімен,
орамалға карсы екендігін айтты.
Мамыр айынан тамыз айына дейін тек таң намазын оқып жүрдім.
Шілде айынан бастап оптикага жұмысқа тұрдым. 20-сыншы
тамызда шамамен, ең алғаш бесін намазын оқыдым. Жұмыста
бола тұра, 35-40 минут оқыған шығармын. Бастықтарым басқа
дінде болғандықтан, олар жұмыста намаз оқуыма қарсы болды.
Айлығы да жақсы болатындықтан үйдегілер «Намазыңды үйге
келіп, жинап оқы» деді, ал мен намазымды қаза еткім келмеді,
өйткені жұмысқа ешкандай кедергісі болмайтын.
Жылайтынмын, іштей қатты қиналдым, ешкім түсінбеді. Көөп
дұға жасадым, зікір еттім. Алла Тағала бұл сынақтан да жеңіл
өтуді нәсіп етті, Альхамдулиллях! Иманым одан сайын арта түсті.
Анам орамал тағуыма қарсы болды, бірақ намаз оқып, тура жолда
жүргенімді қолдайтын. 1 жыл бұрын Альхамдулиллях намаз оқып
бастадым. Бірақ анамның орамал жайлы ойы бұрынғыдай болды,
«Хиджаб кисең, дұрыс емес ағымдасың» деп ойлайтын.
Орамалға келердің алдында 1 күн бұрын асықпай отырып анама
Ислам дінінің көркемділігін, Ислам—идеалды, ал мұсылмандар
идеалды емес екендігін бірнеше мысалдармен келтіріп айттым.
Айтып жатқанымда мен емес, менің жүрегім сөйлеп жатқандай
сезім болды. Анашымның көзіне жас келгені соншалықты, мен де
жыладым. Альхамдулиллях, солайша ол орамалға да ақ батасын
берді. Содан кейін түсіндім Алла Тағала сол бір сәт арқылы, мені
одан әрі жігерлендіріп, орамал тағу деген шешіміме сенімділік
беріп, иманымды арттыра түсті, Альхамдулиллях!
Анамды орамалға көндірдім, бірақ орамалға қарсы кейбір
туыстарым бар еді. Дұға жасап, «Ешким орамалға қарсы бір сөз
айтпай, тек жақсы пікірде болса екен, жаман пікір болғанның
өзінде жеңіл, жүрекке оңай қабылдамасам екен» деп тіледім.
Субханаллах, осы күнге дейін тек бір адамнан жаман пікір естідім,
оны оңай қабылдадым (негізі жүрекке қатты қабылдағыш
адаммын)
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні— көп дұға жасап, Алла
Тағаланың разылығын көздейік, ақыретімізге азық жинайық!
Дұға—мұсылманның қаруы, дұғаны көбейтейік!
Достарыңызбен бөлісу: |