1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет35/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #45
Орамал тақысы келетін жандар, намаз бастағысы келген 
мұсылман бауырларым! Намаз барша мұсылман үшін парыз 
болса, орамал да дәл сол сияқты әйел адамға парыз. Мен намаз 
бен орамалға қалай келгенімді туралы оқиғаммен бөлісе 
отырайын, мүмкін сізге де бір ой салармын. 
Ең алғаш орамал тақпай тұрып намаз оқып бастадым. Үйдегілер 
намаз оқымайды, ол кісілерде «Бастысы ниетің түзу болса 
болды» деген ой қалыптасқан. Не керек, үйде барлығы ішетін, 
күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ, солай күндер өте берді. Оқуға түсіп, 
ойлана бастадым: «Адамдар не үшін жаратылған? Егер адам 


болып жаратылмасам, мен қазір жоқ болар едім ғой. Алланың 
құдыреті қандай күшті. Мені жануар емес, жәндік емес, 
саналының саналысы АДАМ қылып жаратты ғой!». Содан 5 
парызды оқып, тілімді кәлимаға бұрып, ораза ұстап бастадым. 
Қатты қиналсам да ұстадым. Маған ең жақын адам 
Пайғамбарымыз 

болатын, себебі ораза ұстап, кешке дейін аш 
жүріп, ауыз ашамын деп қуанғанымда жейтін тамақ болмайтын. 
Жәй ғана құрма да болмайтын еді. Сонда да «Шүкір» деп 
барыммен ұстап, сумен ауыз бекітіп, сумен ауыз ашып жүрдім.
«Ең үлкен арманым—намаз оқысам ғой!» деп ауыз бекітерде 
жылап дұға еттім. «Раббым, жайнамаздың үстінде намаз оқуды 
нәсіп етші!» дейтінмін. Солайша тез намаз бастап кеттім, алайда 
үйдегілер намаз оқығанымды көріп, «Оқыма, әлі кішкентайсың, 
жассың» деп, қатты қарсы болды. Қырсыққанымнан жайнамазды 
алдарына қойып, 3 күн қатарынан көздерінше оқыдым. Алған 
бетімнен қайтпайтынымды көріп, олар да рұқсаттарын берді. 
Орамалға келуім де оңай болмады. Оқу оқып, тұрмыс құрдым. 
Орамал тақпай оқуға барғанымда өзі-өзімнен жиіркене бастадым. 
Әр еркек, әр жас жігіт қараған сайын ұялып, үйге келгенше өз-
өзімді жеп келетінмін. Құдды күйеуіме опасыздық жасаған 
сияқты сезінетінмін. Ол кезде жасым 18-19-да болды. Солай 
жүріп, тюрбан сияқты шарфтарды басыма орап жүрдім. Бүкіл 
колледж қарсы болып, «Директорға кіресің, оқудан шығарамыз» 
деді. Бірақ мен сонда да тағып жүріп, солай оқуды бітірдім. Оқуды 
бітіре салысыммен хиджаб киіп бастадым. 
Алғашқыда енем мен қайын інім хиджабыма қарсы болды. Енемді 
алдап жеңдім, кейін рұқсатын берді. Қайын інім «Кемпір сияқты 
болмай шешші, жап-жассың ғой» деп жақтырмады. Бірақ мен 
тағып жүре бердім, оның да көзі үйреніп, сөйлемейтін болды. 
Хиджабтарды киіміме ұйқастырып тағып жүрдім, әлі де солай, 


Әлхамдулилла! Жан-жағымдағы құрбыларым қызығып, «Өзіңе 
әдемі жарасады, қалай тағасың, бөлісші?» дейді. Өзімді қазір 
қорғанып жүргенімді сезінемін, ал хиджабты шешсем, ұялып, тыр 
жалаңаш жүргендей боламын. 
Қыздар, орамал кез-келген қызға, әйелге жарасады. Тек оны өз 
бет пішініңізге үйлестіріп, киіміңізге сай орап тақсаңыз, сізден 
сұлу ханшайым жоқ! Орамал—Алланың қыз баласына берген ең 
үлген сыйы, орамал—біздің тәжіміз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет