8
Күй функциясы
– параметрдің өзгерісі құбылыстың басталуы мен соңғы күйлеріне
байланысты болып, құбылыстың жүру жолына байланыссыз болады.
Тұйық (циклдық) процесс
– термодинамикалық жүйе бастапқы күйден бір-қатар
өзгерісті
атқара отырып, бастапқы күйге жүріп өткен жолымен немесе басқа жолмен
айналып келу процесі. Тұйық процесте кез келген күй функциясының өзгерісі нөлге тең.
Химиялық термодинамика
Алғашқы кезде термодинамика жылу мен жұмыстың бір-біріне түрленуін
қарастырды,
сондықтан да
термодинамика (термо
грекше – жылу, температура,
динамика
– күш, жұмыс, қозғалыс) деп аталды.
XIX-ғасырдың екінші жартысында термодинамика заңдарына
негізделіп электрлік
және тоңазытқыш машиналарындағы, бу
тру-биналарындағы, іштен жанатын
двигательдегі, гальваникалық элементтегі
принциптерді зерттеу, электролиз процестерін
әр түрлі химиялық реакциялар мен биологиялық
құбылыстарды өсімдіктер мен
жануарлардың организмінде жүретін кейбір құбылыстарды,
жер қыртысындағы және
атмосферада болып жатқан өзгерістерді зерттеу термодинамиканың зерттеу аймағына
енді.
Сонымен энергияның бір түрден басқа бір түрге айналу заң-дылықтарын зерттейтін
ғылым
термодинамика
деп аталады. Бұл ілім – жалпы,
техникалық және химиялық
термодинамика салаларына бөлінеді.
Термодинамика төрт постулатқа негізделген. Оларды
термодинамиканың
бастамасы, заңы
немесе
Достарыңызбен бөлісу: