Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет188/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Мақсаткерлік – 
алға қойған мақсатына қайткен күнде де орындап шығудан, 
бастаған істі ол, оқу ісі болсын, ғылыми ізденісте, сабақ беру, өнер саласында, 
адамның өмірі үшін күресте және т.с.с. өте көп, соларды нәтижелі етіп 
орындаудан көрінеді. Бұл ұстанған бағытына, бет алысына, танымы мен 
сеніміне қалтықсыз сене білетін адамдарда жиі кезедеседі. Мақсатқа 
ұмтылушылық – алған беттен қайтпайтын күшті ерік–жігері бар кісінің сапасы. 
Адамның мақсатқа ұмтылу-шылық қуаты, үміт–арманы, алға қарай ілгерілеу 
талабы неғұрлым тартымды, әрі биік болса, оның қабілет, талабы да жоғары 
болады. Адам жолындағы бөгетті жоя алатын, қиындықтан қорықпайтын болу 
керек. Дүниеде бір–бірінен алыс үш жол: жас пен кәрінің, жақсы мен 
жаманның, аспан мен жердің. Соның ішінде жақсы мен жаманның жолы 
дегеніміз, жақсының мақсаты: адамгершіліктен, ізгіліктен, қайырымдылықтан, 
яғни 
адамдық 
асыл 
қасиеттерден 
тұрады, 
жаман-ның 
мақсаты: 
қызғаншақтықтан, көре алмаушылықтан, екі жүзділік-тен түрады. Қытай 
ойшылы Конфуций: «Адам өзі жүріп келе жат-қан жолын ұлы ете алады. Ал 
жол адамды ұлы ете алмайды» – дейді. «Өз мақсатыңа жетуде солқылдақтық 
таныту, бастапқы ойын өзгерту сияқты нәрсе кез-келген адамға тән құбылыс. 
Дүние жолы – тар соқпақ, тайғақ кешу, қауіпті жол. Өте алмайтын жолыңнан 
бір адым кері шегінудің еш оқасы жоқ. Өтетін жол болса алдымен басқадан 
бұрын өзің өтіп алғаның жөн» – дейді екен қытайлықтар. Өмір- бұлақ. Тереңдей 
түссең дария, мұхитқа айнала береді. Өмірді түсінген сайын адамдықтың 
тіршілігі таусылмайды. Қайта өмірге деген құштарлығың арта түседі. Өзіңді 
тану арқылы адамдар әлеміне жол тартасың. Кемелдену де, биіктеу де бәрі-бәрі 
өзіңе байланысты. Бұл ғаламның бағасын білуге құштарланасың. Мақсатың 
айқын болмай еш нәтижеге жете алмайсың. 
 
Талпынып қанат қақпаса, Қиыннан қисын таппаса, Талап мінсіз бе.-деген екен 
Саққұлақ шешен. Жастық шақ адамның өмір жолына, өзінің қандай жағдайға 
жеткеніне, неге шамасы келетініне, дүниеде не үшін өмір сүріп, жер басып 
жүргеніне, нені біліп, не қойғысы келетініне жұртқа нендей пайда 
тигізетіндігіне яғни өз болашағына айрықша үңіліп қарайтын кезең. Адамның 
өзін-өзі тәрбилеу мәселелері күн тәртібінен ерекше орын алады. Бір адам өз 
бойындағы берекесіздіктен, екінші біреу - тұйықтықтан, үшінші - орынсыз 
ұялшақтықтан арылғысы келеді. Мұндайда ол келеңсіз қылығымен шама-
шарқынша алысып өзін қатты қадағалайды. Бұл үшін ол жоспар құрып, оған 
қажетті әртүрлі іс-әрекет, әдістер шаралар белгілейді, тиісті жаттығулар 
жасауды ойластырады. Бұл белгілі жүйемен жүргізілсе, нәтижесіз де болмайды. 
Адамның өзін-өзі тануы үшін ең бірінші өзін тәрбиелеу керек. Ол үшін әр 
адамның өзін тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түсе бермейді. Жеткіншек жастағы 
балаларды алатын болсақ, олардың санасының оянуы, оның өзіндік «менін» 


511 
сезіне бастауы, Абай тілімен айтқанда:бұл кісінің өзін ұдайы есеп беруінен, 
өзін аңғара байқай алу қабілетінен көрінеді. Өзіңе-өзің үңіліп, өзіңді тізгіндеуге 
тырысу, белгілі мақсат көздеу – осы істегі бастапқы қадам. Адамның өзін 
тәрбилеуі жан мен тәнді үнемі шынықтырып, жаттықтырып отыруды тілейді. 
Он екі мүшесі сап-сау, тепсе темір үзетін адам түгіл туысынан кеміс, әлжуаз-
шыңжау, ауру-сырқаулы адамдар да арнаулы жаттығуларды асау арқасында 
алға қойған мақсаттарына жетіп отыр. 
Адам өзін тәрбиелеуі үшін асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, 
ерекше ұстамдылық танытып ұзақ уақыт қажымай-талмай, ерінбей – жалықпай 
жұмыс істей білуге машықтануы қажет. Адамның өзін тәрбилеу мүмкіндігі 
шексіз және кез-келген адамның адамның қолынан келетін тіршілік. Кіші 
жастағы балалардың арасын-да ой-армандарын күнделік бетіне түсіріп отыра-
тындары да кездеседі. Күнделік-адамның өзін тәрбиелеу ісінде психо-логиялық 
жағынан құнды құжаттардың бірі. Мұнда ұстаз бен ата-ананың көзіне түсе 
бермейтін адам өмірінің көптеген қыры мен сыры қағаз бетіне түсіп, күнделік 
арқылы жас адам өзімен-өзі сырласып, мұндасады. Мұнда ол өзінің мінез 
бітістерінің кем кетігін, нақтылы іс-әрекетін, айналасымен қарым-қатынасын, 
тіршілікте не тындырып нені көздейтіндігін, асыл арман, асқақ мақсатын 
толғай тебіренеді. 
Өзін тәрбилеудің әсерлі әдістерінің бірі - адамның өзін-өзі бақылай алуы. Бұл-
адамның өз бетімен алдына мақсат – міндет қоя білуі,оған жеткізетін жолдарды 
өздігінен іздестіре алуы,оның орындалуын үздіксіз қадағалап отыруы. Жас 
адамның өзін тәрбилеу үрдісінде іс-әрекетке итермелейтін ішкі түрткілер 
болатындығын аңғартады. Өзін- тәрбилеуге белін бекем бұған адам әркез өзіне 
нақтылы уәде беріп серттеседі, бұйырып, міндеттеме алады, өзін мақұлдап, не 
айыптай-ды, кейде ойлаған ісінен бас тартады, өзін қарайды, жұбатады, т.с.с. 
түрлі ішкі, сыртқы түрткілерге үнемі жауап беруді әдетіне айналды-рады. Осы 
айтылғандардың бәрі тек ізгі тілек ретінде қалма, адамның күнделікті нақтылы 
ісінде, көздеген мақсатына жету жолындағы түрлі кедергілер мен 
қиыншылықтарды жеңуде көрініп отырса ғана, мұнысы адамгершілік, 
имандылық қасиеттер мен дұрыс нәрленсе ,жақсы азамат болуға мүмкіндік 
туады. Адам бойындағы асыл сезімдер (адалдық, шыншылдық, бауырмалдық, 
ар-ұят,намыс) мен арман, асқақ мұратқа жетіге демейтін қуат болса, адамдар 
арасында кездесіп қалатын мінездегі міндер сараңдық, пайдакүнемдік, екіжүз-
ділік, күншілдік, мақтаншақтық, жалқаулық, қызғаншақтық т.б) біздің бүкіл 
тәрбиемізге, әсіресе өзін тәрбиелеу ісіне кедергі келтіре-тін қырсық мінез 
қасиеттер. Осы қасиеттерді бойына дарыта алғандар ғана өзін тәрбиелеуде 
алдарына қойған талап-тілектеріне, мақсат-мүдделеріне жете алады. Ақыл-
арқан, ой-өріс, адам-қызық демекші адам табиғатынан туа біткен жексіз 
ғажайып дүние иесі. Ғажайып дүние иесі болған жан мен тәнді өзіне 
бағындырып, сананы дамытқан. Сақұлақ би: «адамның өзіндік танымы, жеті 
жетекшісі болады»- деді. Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі –талап, жолау-
шысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы-мінез, санаушысы –


512 
халық екен дейді.Ақыл, талап, ой, кәсіпті, сабырды, мінезді өз бойында адам 
белгілі-бір мөлшерде дамытып отырады. Сол мөлшерге ақылдық, талаптық, 
ойдық, сабыр мен мінездің белгілі мөлшерінде адам өзіне, яғни ішкі жан 
рухына сұрақ қоя бастайды. 
Адам өзінің басқа адамдардан тек қана жан рухы, жан дүниесі арқылы ғана 
ерекшеленетіндігін түсіне бастайды, сондықтан адам көбінесе өзінің жан 
дүниесіне үңіліп, өзін тапқысы келеді, жан рухына ғана ешкім қоя алмаған 
сұрақтарды қоя бастайды. Бұл адамның өзін табу үрдісіне жатады. Айнаға 
қараған айдалаға қараған емес, демекші айнадан адам өзінің тәнін көріп өз-
өзіне есеп бере алады, ал айнадан адам өз жанын немесе ішкі дүниесін көре 
алама? Әрине, жоқ, адамның өзін тануы дегеніміз - ол өте күрделі, әрі маңызды 
үрдіс. Өйткені адамзат күнделікті күйбең-тіршілікте туыл-ғаннан бастап, бұл 
өмірге бейім болып келеді. Өмірінің соңына дейін сатылай көтеріліп, білімін 
алып, жанұя құрып отау тігеді. Дегенмен, адамдар өмір сүру барысында өзін 
тануға ұмтылмайды. Адамның алдына қойған мақсатына жетсем деген 
арманның жетегінде болады. Өйткені адам өз мақсатына жеткенде өзін бақытты 
сезінеді. Әр адам өзін тануына ынталанғанымен, адамның табиғаты, жан 
дүниесі мына он сегіз мың ғаламдай кең болғандықтан, адамның ішкі дүниесі 
жермен көктей, жеті қақ көктен биік, үлкен, үнемі өзгерісте болатын бұлттар 
секілді. Жаңа туылған сәби ешнәрсенің мән-жайын білмейді, келе-келе өмірді 
көре бастайды. Сұрақтарға жауап алу арқылы сәбидің санасы кеңеді, өмірдің 
мыңнан бір бөлігін түсінгендей болады. Ал ересек адамдар кішкентай сәби 
секілді өзіне мыңдаған сұрақтар қойып, жауап іздеуге кіріседі. Егер адам өзінің 
басқа адам-дардан неліктен ерекшеленетіндігін түсінсе, өзінің бойындағы қаси-
еттерін дамыта білсе, сонымен қатар өзін-өзі меңгере алатын, жаны мен тәнін, 
санасын жүрекке бағындыра алатын адам болса ғана, ол адамды өзін тани 
біледі. 
Жастар жоғарғы оқу орындарында әлеуметтік жағдайлар мен бетпе-бет 
кездеседі, олардың алдарында өмірлік мәні бар, өзіндік шешімдерді талап 
ететін міндеттер тұрады. Осы кезеңде олардың бойында көп өзгерістер болады, 
өзіндік даму үрдісі одан әрі жалғаса-ды: студент болу, тұлғалық дамуға қадам 
ретіндегі білім алуға бет бұруы, кәсіптік таным мен өзін тануды, болашақ өмір 
серігін іздеу бағытындағы сезімдік-эмоционалдық қарым-қатынас аясы 
кеңейеді. 
Жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі мен өзінің тағдыры, мінез-құлқы, іс-
әрекеті арасындағы байланысты ұғынып айналадағы өзінің рухани 
жауапкершілігін 
сезіну 
тиіс. 
Құндылықтар–тәрбие 
мен 
оқыту-дағы 
адмгершілікке бағытталған идеялар. Оларға:шындық, қайырым-дылық, тұлға, 
бостандық, махаббат, шығармашылық т.б жатады. Құндылықтар идеяларды 
қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы 
қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. 
Бұл сезім мен ақыл –ойдың ұштасуын және сол арқылы қабылданады, сана 
арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, іс-


513 
әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол 
мұрасында. Ол мұра - халық пайда болғалы онымен бірге жаса-сып бірге дамып 
келе жатқан құнды дүниелер. 
Халықтың тілін, салтын, дәстүрін бойына сіңірген ұрпақ тәрбие-леу үшін 
ұлттық құндылығымызды бағалай білуіміз шарт. Әр халық ұрпағының 
қайырымды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді қүрметеп, кішіге қамқор, ар-ұяты 
мол, кіші пейіл болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің әдет-ғұрпына, 
салт-дәстүріне арқа сүйейді. Өнер болсын, әдебиет болсын тұлғаның бойында 
туған топырағына деген сүйіспеншілігін, ыстық ықыласын тудыруы 
тиіс.Әрине,бұл тұрғыдан тұлға жүрегінде патриоттық сезімді оятуда әдебиеттің 
зор ықпалы бар. Мысалы,ауыз әдебиетіндегі батырлар жырын алсақ, қай батыр 
болсын әке-шешесінің жалғызы, мойындарына бұршақ салып, қора-санға қой 
айттырып, Құдайдан тілеп алған баласы болып келеді. Бұлардың қай-қайсысы 
да күн санап өсіп,елін тайсалмай қорғайтын батырлар болып шығады. Мұндай 
жырлардың түпкі тамырында осындай батырымыз, елін сүйетін азаматымыз 
болса екен деген халқымыз арманы жатыр. Сондықтан да ұрпақ тәрбиелеуші 
әрбір ұстаз құндылық-бағдарлы тәрбие үлгісін ұстанып, оны өмірге ендіру ұшін 
жалпы адамзаттық және халықтық, мәдениетті, білімді, тәрбиені игеріп,өз 
бойына дарыта білгені жөн. Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үш 
тұғырлы тіл саясаты еліміздің іске асыруға тиісті міндеттерінің бірі деп 
көрсеткен. Елбасымыз жолдауда“ Қазақстан Халықтарының Рухани даму 
қорын құру туралы мәселесін жете зерделеу керек. Қор тұрақты мониторинг 
жүргізіп, мемлекеттік, жеке меншік әріптестіктің көмегі мен жаңа тиісті 
қоғамдық ұйым-дарды қатыстыру арқылы халықтардың мәдени құндылықтары 
мен дәстүрлерін қолдап отыруы тиіс”,-деп атап өтеді. Себебі рухани 
құндылықтар тұлғаның даму өзегі болып табылады. Сонымен қатар рухани 
құндылықтар адамның өмірдегі өз орнын табуға және рухани әлемінің дамуына 
себепші болатын, тұлғаның жетіле түсуіне қамта-масыз ететін, дүниенің 
күрделі құрылымын түсіндіретін рухани даму өзектері, идеалдары, сонымен 
бірге адам мен әлеуметтік топтардың тәртібі мен іс-әрекетін қадағалайтын 
нормативті жүйе болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет