Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет185/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Әдебиеттер 
Асмолов А.Г. Психология личности. - М., 1990. 
Кон И.С. Открытие «Я». - М., 1978. 
Лебедев В.И. Познание личности. - М., 2003. 
Слободчиков В.И., Исаев Е.И. Психология развития человека. - М., 2000. 
ӘОЖ 37.035.3:373.3 
ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ - ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
НЕГІЗІ РЕТІНДЕ 
Катешов М.Д.
– магистр-оқытушы, ОҚМПУ,
 
Шымкент, Қазақстан
 
Шекербек С.К.
– магистр-оқытушы, ОҚМПУ,
 
Шымкент, Қазақстан
 
Жунисбекова Ж.А.
– 
п.ғ.к., доцент, М.Әуезов ат. ОҚУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
Человеческим трудом создаются все материальные и духовные ценности; в процессе труда 
совершенствуется сам человек, формируется его личность. Поэтому трудовое воспитание 
направляется на воспитание психологической и практической готовности к труду. 
Современный этап общественного и экономического развития предъявляет высокие 
требования к личности ребенка: отношение к труду как важнейшему общественному 
долгу; добросовестное отношение к работе, движение к труду и его результатам; 
коллективизм; проявление инициативы, активного, творческого подхода к труду; 
внутренняя потребность работать в полную меру своих умственных и физических сил; 
отношение к труду как к осознанной необходимости и основой жизненной потребности 
человека. 
 
Summary 


500 
Human labor creates all material and spiritual values; in the process of labor, the person himself is 
improved, his personality is formed. Therefore, labor education is directed to the education of 
psychological and practical readiness for work. The current stage of social and economic 
development places high demands on the child's personality: attitude to work as the most important 
public duty; conscientious attitude to work, movement to work and its results; collectivism; 
manifestation of initiative, active, creative approach to work; internal need to work to the full extent 
of their mental and physical strength; attitude to work as a conscious necessity and the basis of 
human life needs. 
Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704) тәрбиедегі Я.А.Коменский ұсынған 
«табиғатқа сәйкестілік» еңбек және дене іс-әрекеті арқылы жүзеге асатынын 
дәлелдеп берді. Ал ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлармен өсімдіктердің 
түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі ә волюциялық ілімнің 
негізін салушы Чарлз Дарвин еңбектің, еңбекке баулудың, оның теориялық 
негізі – еңбек іс-әрекетінің маңызын жоғары бағалаған еді.
Қоғам үшін еңбек ету пікірін алғаш рет социалист – утопистер Т.Мор, 
Т.Кампанелла, А.Сен-Симон, Ш.Фурье айтқан болатын. XVIII ғасырдың 
ағартушылары оқыту мен еңбек іс-әрекетін ұштастыру жолдарын көтерді. Олар 
француз жазушысы, ағартушы – философ және педагог Жан Жак Руссо (1712-
1778) мен Швецария педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) болды. 
Песталоцци еңбек іс-әрекетінің мақсаты – баланың күшін дамытады. Әртүрлі 
қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылып, еңбек дағдысын қалыптастырады. 
Сөйтіп, Песталоцци дене және еңбек іс-әрекетімен ұштастыра жүргізуді 
дәлелдеп берді. Сондай-ақ оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде 
қолөнері және ауыл шаруашылық еңбегімен ұштастыру Песталоццидің 
педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып 
табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бір-бірімен 
өзара және олардың ересектерімен дұрыс қарым-қатынаста болуын 
қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-
ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде - ол 
еңбек іс-әрекетінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-
жақты дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздады. 
Қоғамның даму тарихына байланысты, еңбек дағдысын қалыптастырудың 
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері әртүрлі формада дамыды, 
жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Ортағасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы 
шыққан, чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский (1592-1670) педагогикасының 
негізі – гуманизм мен демократизм болғаны педагогика тарихынан белгілі. 
Я.А.Коменский мектеп балаға сүйіспеншілік сезімін, адамгершілік қасиеттерін 
тәрбиелейтін «адамгершілік шеберханасы» болуға тиіс деген көзқарасты 
насихаттайды. Осы негізде ол еңбек тәрбиесін, оның басты саласы қоғамдық 
тәрбиенің негізгі буыны – еңбек тәрбиесін адамның табиғатына сәйкес жүргізу 
қажет деп есептеді.
Тәрбие теориясын жасаушы педагог-ғалымдар – еңбек іс-әрекетінің теориясын 
жасауда, әсіресе, басты рөл атқарған К.Д.Ушинский өзінің еңбегінде адамның 


501 
жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. 
К.Д.Ушинский өзінің еңбегінде «Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні» 
деген мақаласында еңбек тәрбиесін арнайы қарастырды. Ал, «Балалар әлемі», 
«Ана тілі» оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан 
шығармалар жазды. 
Қазақ ағартушыларының еңбек іс-әрекеті туралы жазғандарының ішінде – 
Ы.Алтынсарин 
еңбек 
дағдысын 
қалыптастырудың 
психологиялық 
ерекшеліктері туралы көптеген құнды пікірлер ұсынды. Себебі, Ыбырай басқа 
педагогтарға қарағанда еңбек іс-әрекетіне жете мән берді. Оның мектебінің 
жанында бау-бақша болды, шеберхана жұмыс істеді. Қыздар үшін де 
шеберханалар болды. Ол өзінің көптеген педагогикалық тақы-рыптағы өлеңдері 
мен әңгімелерінде, аудармаларында еңбек дағдысын қалыптастыруды 
уағыздады, еңбек пен өнімді еңбек – еңбек іс-әрекетінің құралы деген тұжырым 
жасады.
Қазақтың еңбек теориясын жасаған ойшыл ағартушылардың бірі – Шоқан 
Уәлиханов бұрынғы халық педагогикасының прогресшіл идеяларына сүйенеді. 
Ол 
идеялар, 
психологиялық 
тағылымдар 
Шоқанның 
ағартушылық 
көзқарастарына әсер етті. Шоқан мектеп оқуының, тәрбиенің соның негізінде 
еңбек іс-әрекетін ғылыми негізінде құрылып, табиғаттың сырларын ашуға 
бағытталуын, халықтың жаппай білім алуын аңсаған болатын. Шоқанның 
халықтық психология туралы пікірлерінде де материалистік сарын басым. Ең 
бастысы, Шоқанда тәрбиенің, еңбектің, еңбек дағдысын қалыптас-тырудың 
психологиялық ерекшеліктері қоғамның дамуындағы жасөспірімдердің жан-
жақты жетілуіндегі маңызын рөлін ерекше бағалады. Халықтың ахуалын 
жақсартатын өнімді еңбек деген қағидаға сүйенді. Еңбек тәрбиесі Шоқанның 
айтуынша, іс-тәжірибеде іске асырлыған шындықтың қоғамдық және жеке 
адамдар өміріндегі пайдалы істің түп негізі еңбек. Шоқан еңбекті – құнды 
еңбек, таза еңбек деп табиғатты өзгертетін –адам, оны өзіне жарататын 
материалдық еңбек деп еңбекті бірнеше топқа бөле отырып, осының барлығы 
еңбек тәрбиесінің нәтижесі, сол арқылы әрбір адамның көтерілген рухани биігі, 
байлығы, табысы деп ой қорытты. Біздің елімізде қазіргі кезеңде де бұдан 
бұрынғы уақыттарда, демек, қандай қоғамда болмасын еңбек іс-әрекет 
отбасында, мектепте, мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады. Бала жас 
кезінен бастап жүйелі түрде еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбек дағдысын 
қалыптастырудың психологиялық ерекше-ліктері отбасындағы қажеттілікке 
көңіл бөлуге, еңбекшілдікке, табандылыққа, алға қойған мақсатқа жетуде ерік-
жігер, жауапкершілікке, төзімділікке үйретіледі. Еңбек іс-әрекеті мектепте 
білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында жеке 
тұлғада ұқыптылық, еңбексүйгіштік, еңбек ету дағдылары, еңбек дағдысын 
қалып-тастырудың психологиялық ерекшеліктері қалыптасады. Қазіргі 
мектептерде еңбек ету психологиялық-педагогикалық және іс-тәжірибеде 
дайындық 11 кластан басталады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне 
байланысты және оқу үрдісіне жұмыстардан басқа, өзіне-өзі қызмет ету, өз 


502 
бетінше жұмыс істеу және өзін -өзі басқару, оқу құралдарын дайындау, жөндеу, 
мектеп үйін жөндеу, мектептің тұрған ауданын, экологиялық ахуалын 
жақсартуға, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайдалы 
жұмысқа қатысу, олардың интеллектуалдық ой-өрістерінің кеңеюіне, 
қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әртүрлі қолөнерін, егіншілікті және білім алуды, 
оқуды есептеді. Міне, жастар осындай істермен шұғылдансын. 1909 жылы 
Петербургта «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері деген атпен 
ақынның араб әрпімен тұңғыш рет шығармалары жеке кітап болып басылған. 
Мұндағы өлеңдерінің басым көпшілігі еңбек іс-әрекетіне арналған. Онда ақын 
болашақ ұрпақты мейірбандылыққа, адамгершілікке, еңбек-ке, ақыл-
ойлылыққа, ең бастысы еңбек деген сөздің, одан кейін ұғымның өзінің тарихи 
маңызын ашуға тырысқан. Мысалы: Абай «Баламды медресеге біл деп бердім, 
шекпен кисін, шен алсын деп бермедім» - деуі білімді, еңбек іс-әрекетті, оқуды 
жете бағалағанның белгісі, ең бастысы барлығы еңбек арқылы еңбек дағдысын 
қалыптастырудың психоло-гиялық ерекшеліктері қалыптасады деп түсінуі 
насихаттауы, «Еңбегі бардың, өнбегі бар» деуі содан болса керек. Абай 
жастарды еңбек дағдысын қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері, 
үйретудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет 
арқылы еңбек дағдысын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктерін ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін 
қалыптастыруда отбасының рөлінің аса зор екендігін ескере отырып 
үлкендердің әке мен шешенің балаға үйреткен еңбек іс-әрекетін, оның бер 
жағында тікелей еңбекке баулудың маңызын Абай өте жоғары бағалаған. Ол 
балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін ата-аналардың өздері жақсы 
тәрбиеленген болу керк екендігін көрсетті. Абай халықты, әсіресе жастарды 
үнемі достық, татулық, әділеттілік, шыншылдық сияқты адамгершілік 
қасиеттерді қалып-тастыруға шақырды. Ол адамгершілік, еңбек, ақыл-ойын 
қалыптастыру бірлік, ұйымшылдық, ынтымақтастық негізінде жүргізуді 
ұсынды. «Біріңді бірің көрмесең дос, істеген істің бәрі бос» - деуі осы өлең 
жолдарынан айқын көрінеді.
Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін 
қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани қүндылықты жасайды. 
Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін 
анықтайды. Негұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызына терең түсінсе, 
соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының бағыты толыса түседі. Еңбекке 
баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының коғамға пайдалы өнімді 
еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбие-леудің, азамат 
болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан 
қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Осымен қатар мұны еңбек іс-
әрекетінің мақсаты деп түсінуіміз қажет. Мектепте еңбекке іс-әрекетіне 
дағдыны қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктерінің басты міндеттері: 
1. Еңбекке сүйіспеншілік сезімі мен еңбек адамдарына деген құрметпен қарау; 


503 
2. Оқушыларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен 
таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін 
қалыстастыру; 
5. Мамандықты таңдауға даярлау. 
Жеке адамды еңбек дағдысын қалыптастырудың жалпы міндеттері бірнеше 
жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады.
Олар: 
1. Балаларды еңбекке психологиялық және іс-тәжірибелік тұрғыдан даярлау; 
2. Окушыларды еңбек дағдыларын қалыптастыру; 
3. Еңбек мәдениетінің дағдыларын дарыту; 
4. Окушылардың ынтасын және қабілетін дамыту. 
Қазіргі кезде еліміздегі жалпы білім беретін, оның ішінде бастауыш сынып 
оқушыларына еңбек іс-әрекетінің мәнін ұғындыру оқушыларға еңбек пен 
мамандық әлемі туралы мағлұмат береді. Сабақта оқушылар жалпы таныммен 
қатар еліміздің эконмикасын дамытуға болашақ жұмыс істеуге қажетті жалпы 
еңбек біліктілігі мен дағдысын үйреніп, белгілі бір мамандықты игеруге 
құлшынады. Қазіргі кезеңдегі кіші мектеп жасындағы оқушыларды еңбек 
дағдысын қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктеріне еңбекке баулудың 
жетілдіріу: 
Баланы әлі келгенше жұмыс істеткізу тәрбиенің ажырамас бөлшегі болып 
келеді. Еңбек ету нәтижесінде шәкірттердің еңбекке көзқарасы, сүйіспеншілігі, 
тәртіптілігі, табандылығы, жігері, ұстамдылығы, ұжымшылдығы - еңбек 
дағдысы қалыптаса бастайды. Бастауыш кластарда мектеп оқушылары 
ауылшаруашылық өнімдерін өсіру оны көрнекі құралдарда жөндеу, 
ойыншықтар жасау, мектепке, балабақшаға, үйге қажетті бұйымдар даярлау т.б. 
шұғылданады. Бұл сатыда кішкентай шәкірттер мамандық түрлерімен 
таныстырылады. Қорыта келгенде – психологиялық –педагогикалық тұрғыдан 
еңбекке даярлаудың түп қазығы өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, еңбек 
көздерін тиімді бөлу, өмір жолын таңдау, адамның кәсіби бейімделуі мен кәсіби 
шеберлігін қалыптастыру секілді келелі мәселелерді қамтитын көп аспектілі 
кешенді мәселе ретінде сипаттайды.
Дағдылану еңбектің түрлі салаларында өте үлкен орын алады. Адам өзінің 
істейтін еңбегіне қажетті дағдыларды игермесе, өзінің істейтін жұмысының 
тетігіне жете алмайды жұмысты дұрыс ұйымдастырып, еңбек өнімін арттыра 
алмайды, әр уақытта күнделікті істейтін жұмысына шамадан тыс көп жігер, көп 
күш жұмсайтын болады. 
Дағдыланудың ерекшеліктері: 
1. Дағдылану соқыр сезімдермен және басқа нәсіл арқылы пайда болған биоло-
гиялық әрекетпен салыстрығанда адамның жеке басының тіршілігінде пайда 
болатын қылықтар. 
2. Дағдылану үйренумен, жаттығумен бір әрекетті бірнеше рет қайталаумен, 
дәл қазіргі әрекетті басынан өткізген адамның бұрынғы тәжірибесіндегі 
әрекеттерімен байланысып, жүзеге асады. 


504 
3. Дағдылану әдейілеп зейіні, ерік-жігері, күші жұмсалмаса да өздігінен 
автоматты түрде жүзеге асып отырады. Бірақ барлық дағдылану автоматты 
түрде болады деуге болмайды.Кейбір өте күрделі дағдыланулар автоматты 
турде әрекет етпеуі де мумкін. 
4. Дағдылану бір қалыпта өзгермей туратын әрекет емес. Егер адам өзінің 
әрекетінде, жүріс-тұрысында, ақыл-ойында жаттығу, қайталау арқылы 
атқаратын болса, сол әрекетін басқа әрекеттерге да көшіре алады. 
Баланың жастық шағында дағды мен іскерлікке үйретіп отырса, болашақ 
өмірінде кәсіптік еңбегі нәтижелі болады деп айту өте орынды. 
Оқушыны еңбекке және кәсіп таңдауға даярлау мемлекетіміздің басты 
идеяларының бірі. Өйткені өндіріске, ауыл шаруашылығына, арнайы орта 
немес жоғары оқу орындарына баратын жастардың алғашқы қадамы тек 
бастауыш 
мектептен 
басталады. 
Бастауыш 
білімдегі 
тиянақтылық 
жасөспірімдерді өмірге сергек қарауға үйретеді, олардың болашақ кәсібін 
таңдауда айрықша ықпал етеді. Оларға қажеті – еңбектің алғашқы дағдыларын 
қалыптастыру, құрал-саймандарға, материалға және айналадағы ортаға 
ұқыптылықпен қарау дағдыландырады. Сол сияқты оқушыларды еңбекке баулу 
оқушыларда жалпы еңбек білімін қалыптастыру және жоспарлау, жұмыс орнын 
ұйымдастыру, тетіктермен, машиналармен танысу жөніндегі икемділігін 
қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет